Патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру – тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің негізі
Петропавл 2018 г
«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет»,- ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық.
Н.Ә.Назарбаев
Сұрақтар: 1. Патриотизм деген не?
2. «Қазақстандық патриотизм» деген не?
3. Тәрбиенің қай түрі соңғы кезде енгізіліп, басымдыққа ие болып отыр?
4. Көшбасшы деген кім?
5. Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?
6. Патриоттық тәрбие мен көшбасшылық тәрбиені қатар алып жүру қажеттігі неде деп ойлайсыңыз?
Патриотизм -Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына,жеріңнің игілігіне қуана білу болса, “ қазақстандық патриотизмнің ” еркшелігі қандай?. Біздің көзқарымыз тұрғысынан алғанда, ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі-өз елінің тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат.
Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.
Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы орындалған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. Көшбасшы оқытушы болу үшін сізге өзіңіздің дамуыңызға, жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек. Көшбасшы оқытушының кодексі • Өзіңнен жоғарыдағыларға қарапайым бол, бірақ өзіңді төмендетпе. • Өзіңмен теңдестерге қысқа, бірақ сыйластықта бол. • Өзіңнен төмендерге мейірімділік танытып, достық қарым - қатынаста бол. Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және мінезі жақсы болуы тиіс.
1-топ: салыстыру «патриотизм» және «қазақтсандық патриотизм» ұғымын.
2-топ: салыстыру «басшы» және «көшбасшы»
3-топ: ассоциация «әлеуметтендіру» деген не?
4-топ: берілген мақалдардағы түйін сөзді табу, түсіндіру.
5-топ:
Қатысқан топ мүшелерінің ішіне көшбасшыларды анықтау, неліктен олай ойлағандарын түсіндіру.
«Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала солардан»
Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Ана үшін аянба – ант ұрады, Бала үшін аянба – бетің күйеді. Ел үшін аянба – жігіттілігіңе сын.
Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр.
Қазіргі таңдағы жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің II cъезіде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті мәселе болып отыр. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деген болатын. Осы орайда мұғалімнің парызы – тәрбие жұмысын сапалы жүргізу, жастардың көшбасшылық қасиетін дамыту, жетілдіру – тәрбие жұмысының негізгі аспектісі.
Білім берудің сапасы мен жан-жақты тәрбие беру қай уақытта да өзінің өзектілігін жоймақ емес. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мақсат еткен. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Бүгінгі күні осы мақсаттарға қоса көшбасшылыққа тәрбиелеу міндеті де көзделуде. Көшбасшы ұйымдағы адамдарға әлеуметтік, психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білім, моральдық құндылықтар беруші, қоғамдық өмірде, топта белсенді, беделді мүшесі. Осындай ерекше қасиеттерді жастар бойына дарыту өте маңызды да қиын шаруа. Әрбір оқытушы өз саласында осындай тәрбиенің элементтерінен бастап, басты мақсаттың нәтижелілігіне жеткізетін шараларды, әдіс-тәсілдердің озығын барынша пайдаланып, тәжірибеге енгізуі шарт. Тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттары мен көшбасшыларын тәрбиелеу – болашақ Қазақстанның қажетіне жарайтын, өзіндік идеясы бар, шешім жасай алатын, айрықша пікірі бар азаматтардың шығуына себеп болады. Еліміздің, қоғамның алдында өркениетті 30 елдің қатарына кіру мақсатында барынша дамытушылық жұмыстар атқарылып жатқан кезеңде, патриот азаматтар мен көшбасшылардың рөлі зор болмақ.
Назарларыңызға рахмент!