Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  1 класс  /  Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу

Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу

Барлық оқушылар: Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айта алады. Каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады. Көптеген оқушылар: Салыстыру сөздерін қолданып бөлмелерін сипаттайды. Кейбір оқушылар: Дыбыстардың түрлерін ажыратып, дәлелдей алады.
26.04.2020

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Өзім туралы

Күні:

Сынып: 1

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айта алады. Каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.

Көптеген оқушылар: Салыстыру сөздерін қолданып бөлмелерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Дыбыстардың түрлерін ажыратып, дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері


Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айта алады. Каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: дыбыс, звук, sound.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Суреттерге қара.

-Әдемі, үлкен, жарық сөздерін қолданып өз бөлмеңді сипатта.

-Сызбаның көмегімен сөздерді буынға бөліп оқы.

– Дыбыстың дауысты, дауыссыз екенін айт.

Құндылықтарды дарыту


Сын тұрғысынан ойлау, өз пікірін дәлелдей білу дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар


Дүниетану, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары


Слайд


Бастапқы білім


Оқушылардың дыбыс, әріп, бөлме, жиһаздар туралы алғашқы түсініктері бар.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


5 минут






Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

үшін «Шаттық шеңберінде» оқушылар қол ұстасып тақпақ айтады.

Арайлап таң атты,

Қайырлы таң балалар!

Алтын шапақ таратты,

Қайырлы таң балалар!

Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық!

Бөлме суреттерінен таңдай отырып, топқа біріктіріледі.

1-топ- Ас бөлмесі

2-топ- Жатын бөлме

3-топ- Қонақ бөлме

4-топ-Балалар бөлмесі

Оқу мақсатын жариялау үшін «Сұрақтар тізбегі» әдісі қолданылады.

-Сендердің қолдарыңдағы суретте не бейнеленген?

– Олардың бір –бірінен ерекшелігі неде?

-Олай болса, бүгінгі сабағымыз не туралы болады?











Бөлме суреттері

Сабақтың ортасы



8 мин


















2 мин








5 мин
















5 мин


















10 мин


(Т) 1- тапсырма «Атын тап және сипатта» әдісі арқылы жүзеге асады.

Қолдарыңдағы бөлме суреттерінің атын тауып, бөлмені сипатта.

1-топ- Ас бөлмесі

2-топ- Жатын бөлме

3-топ- Қонақ бөлме

4-топ-Балалар бөлмесі

Дескриптор:

-Суреттегі бөлме атауын айтады, сипаттайды.

Саралау тәсілі: «Қарқын » әдісі арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

-Өз бөлмеңдегі өзіңе ұнайтын заттарды ата.

Қарқыны баяу оқушыларға уақыт беріледі.

ҚБ: «Ас бөлмесі» әдісі

Жиһазды бөлме- Суреттегі бөлме атауын дұрыс айтса, сипаттама бере алса;

Бос бөлме- Суреттегі бөлме атауын айтуда, сипаттама беруде қиналса;


Сергіту сәтінде «Соқ шапалақ» ойыны ойналады.

Ас бөлме жиһазын атағанда қолды жоғары көтеріп екі шапалақ соғады, жатын бөлме жиһазын атағанда қолды төмен түсіріп бір шапалақ соғады.

Мысалы: пеш, кереует, киім шкафы, үстел, орындық, айна тб


(Ұ) 2 – тапсырма «Буындап оқы» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқулықтың 28-бетіндегі тапсырмамен жұмыс.

Суреттегі заттарды ата. Сызбаның көмегімен сөздерді буынға бөліп оқы.

Дескриптор

- Заттарды атайды.

- Сызбаның көмегімен сөздерді буынға бөліп айтады.

Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады.

Кейбір оқушыларға:

-Өзіңе ұнайтын жиһаздың суретін сал.

ҚБ: «Балалар бөлмесі» әдісі.

Жиһазды бөлме- Заттарды атап, сөздерді буынға бөліп айта алса;

Бос бөлме- Заттарды атап, сөздерді буынға бөліп айтуда қиналса.


(Ж) 3 – тапсырма «Менің бөлмем» әдісі арқылы жүзеге асады.

Әдемі, үлкен, жаңа сөздерін қолданып, өз бөлмеңді сипатта.

Дескриптор

-Өз бөлмесін сипаттайды;

- Сипаттауда әдемі, үлкен, жаңа сөздерін қолданады.

Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады.

Кейбір оқушыларға:

-Үйді бөлмелерге бөлудің не қажеті бар?

ҚБ: «Қонақ бөлме» әдісі.

Жиһазды бөлме- Өз бөлмесін сипаттап, сипаттауда әдемі, үлкен, жаңа сөздерін қолдана алса;

Бос бөлме- Өз бөлмесін сипаттап, сипаттауда әдемі, үлкен, жаңа сөздерін қолдануда көмек қажет етсе;


(Д) 4- тапсырма тақтамен және дәптермен жұмыс.

Бала қолының ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу) үшін төменде берілген жазуға даярлау.

– дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

– әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;

– заттарды сызықтар арқылы қосу;

– үзік сызықтарды бастырып жүргізу;

– әртүрлі сызықтар, ою-өрнек, таңбалар салу;

– дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

– жазу жолдарымен (үлкен, кіші) таныстыру;

– әріп элементтерімен таныстыру, оларды жазуға үйрету.

Дескриптор: Суреттерді бояп, сызықтар сызады, әріп элементтерін жазады.

Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі.

Қарқынды оқушыға: қосымша әріп элементтерін жазу.

Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету.

Қ.Б: «Жатын бөлмесі» әдісі

Жиһазды бөлме - Суреттерді бояп, сызықтарды, әріп элементтерін дұрыс жазса;

Бос бөлме - Суреттерді бояп, сызықтарды, әріп элементтерін жазуда қателіктер болса;

Оқулық, сюжетті суреттер















Ас бөлмесі, бос бөлме суреті

























Балалар бөлмесі, бос бөлме суреті















Қонақ бөлме, бос бөлме суреті






Жұмыс дәптері, қалам


















Жатын бөлме, бос бөлме суреті


Сабақтың соңы


5 мин

Кері байланыс «Менің үйім» әдісі бойынша өтеді.

Бүгінгі сабақта оқып үйренген, жақсы жасай алған жұмыстарын айтып, үйдің қабаттарына іледі.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Т1. Саралау тәсілі: «Қарқын » әдісі арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

-Өз бөлмеңдегі өзіңе ұнайтын заттарды ата.

Қарқыны баяу оқушыларға уақыт беріледі.

Т2. Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады.

Кейбір оқушыларға:

-Өзіңе ұнайтын жиһаздың суретін сал.


Т3. Саралау тәсілі «Тапсырма» арқылы жүзеге асады.

Кейбір оқушыларға:

-Үйді бөлмелерге бөлудің не қажеті бар?

Т4. Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі.

Қарқынды оқушыға: қосымша әріп элементтерін жазу.

Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Т1. ҚБ: «Ас бөлмесі» әдісі

Жиһазды бөлме- Суреттегі бөлме атауын дұрыс айтса, сипаттама бере алса;

Бос бөлме- Суреттегі бөлме атауын айтуда, сипаттама беруде қиналса;


Т2. ҚБ: «Балалар бөлмесі» әдісі.

Жиһазды бөлме- Заттарды атап, сөздерді буынға бөліп айта алса;

Бос бөлме- Заттарды атап, сөздерді буынға бөліп айтуда қиналса.


Т3. ҚБ: «Қонақ бөлме» әдісі.

Жиһазды бөлме- Өз бөлмесін сипаттап, сипаттауда әдемі, үлкен, жаңа сөздерін қолдана алса;

Бос бөлме- Өз бөлмесін сипаттап, сипаттауда әдемі, үлкен, жаңа сөздерін қолдануда көмек қажет етсе;


Т4. Қ.Б: «Жатын бөлмесі» әдісі

Жиһазды бөлме - Суреттерді бояп, сызықтарды, әріп элементтерін дұрыс жазса;

Бос бөлме - Суреттерді бояп, сызықтарды, әріп элементтерін жазуда қателіктер болса;


Кері байланыс «Менің үйім» әдісі бойынша өтеді.

Бүгінгі сабақта оқып үйренген, жақсы жасай алған жұмыстарын айтып, үйдің қабаттарына іледі.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыста материалды пайдаланып, жасауда қауіпсіздік техниканың ережесі сақталады.


Сергіту сәтінде «Соқ шапалақ» ойыны ойналады.

Ас бөлме жиһазын атағанда қолды жоғары көтеріп екі шапалақ соғады, жатын бөлме жиһазын атағанда қолды төмен түсіріп бір шапалақ соғады.

Мысалы: пеш, кереует, киім шкафы, үстел, орындық, айна тб


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






































-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу (92.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт