Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз!»
Бекітемін: _______
Әдіскер: Салқынбаева А.М.
Машықкер: Кожагулова Ж.Р.
Топ: 24 «Ә»
Сынып:_______
Сынып жетекшісі:_______
Бағасы:_______
Семей 2016-2017
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Дос болайық бәріміз!
Сабақтың мақсаты: Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: танымдық сағат
Сабақтың көрнекілігі: достық жайлы суреттер, А3 форматтағы алма ағаш, мақал-мәтелдер хат қалтада, стикер
Сабақтың жоспары:
I.Ұйымдастыру бөлімі
1.1. Шаттық шеңберге тұрып, бүгінгі күнге сәттілік тілеп, тілектер айту.
II. Негізгі бөлім
2.1. Суреттер бойынша тақырыпты анықтау;
2.2. Сұрақ жауап;
2.3. «Нағыз дос» -алма ағашына достық қасиеттерді жазу;
2.4. Достық жайлы түсінік;
2.5. Жағдаяттан шығу;
2.6. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/
2.7. «Сөйлемді аяқта» жаттығуы;
2.8. Мақалды жалғастыр;
2.9. «Досымның жүрегі» ойыны
III. Қорытынды.
3.1. Рефлекция
3.2. Қорытынды сөз
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіңдер ме балалар? Көңіл күйлерің қалай? (оқушылар жауап береді.) Олай болса, ортаңғы қатарды айналып, шаттық шеңберіне тұрайық( шаттық шеңберіне тұрады) Балалар, кәнекей бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. Мен бірінші бастаймын. ( оқушылар сағат тілі бойынша бір-біріне тілектер айтады) Жарайсыңдар, балалар! Енді осы көңіл күйімізбен орнымызға жайғасамыз!(оқушылар орындарына отырады)
2.1. Суреттер бойынша тақырыпты анықтау. - Балалар тақтада суреттер көрсетілген.Суреттен не көріп тұрсыңдар? (оқушылар жауап береді) Бүгін біз сабақта достық жайлы айтамыз.
2.2. Сұрақ жауап
1.Балалар қалай ойлайсыңдар дос деген кім?
2. Досың бар ма? Ол кім?
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
4. Достық жасқа байланысты ма?
5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
8. Дос қандай болу керек?
- Иә, балалар, жауаптарыңа қосыламын. Барлықтарыңның айтып жатқандарың дұрыс.
2.3. «Нағыз дос» -алма ағашына достық қасиеттерді жазу. Балалар тақтада «нағыз дос» ағашы тұр. Ағашқа достық қасиеттерді жазайық. (тақтаға достық қасиеттер А3 форматына жазылады.)
2.4. Достық жайлы түсінік.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
2.5. Жағдаяттан шығу
1.Жақсы дос
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды?
2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты...
- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?
3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты...
- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?
4. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді.
Жанар кетті алға тез,
Алды-артына қарамай,
«Рахмет» - деп, жалғыз сөз
Айтуға да жарамай!
Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?
-Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді.
Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма?
Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?
- Балалар бір-бірімізге ренжіген сәттерде, кейде біз өте асығып жүріп бір-бірімізді түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататын кездеріміз де болады. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Жанар «рахмет» деген сөзді, Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады.
Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап көрейік.
2.6. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
Пікір алмасу.
- Сендерге ойын ұнады ма?
- Татуласу ше?
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.
2.7. «Сөйлемді аяқта» жаттығуы
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...
Ә) Сыйластық бар жерде ...
Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...
2.8. Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».
2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».
4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».
5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».
6. «Досы көппен ...,
Досы жоқпен ...».
7. «Досы ..., өзі де жақсы».
8. «.. басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».
10. «Досың мың болса да - ...,
... біреу болса да - көп».
Жауаптары:
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».
6. «Досы көппен сыйлас,
Досы жоқпен сырлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп».
2.9. «Досымның жүрегі» ойыны
Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру.
III. Қорытынды.
3.1. Рефлекция. Балалар, бүгінгі сабақта сабақта қандай көңіл-күйде болдыңдар? Соны мына таратылған стикерге жазып, А3 ға жабыстырамыз.
3.2. Қорытынды сөз.
• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
«Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».
2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».
4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».
5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».
6. «Досы көппен ...,
Досы жоқпен ...».
7. «Досы ..., өзі де жақсы».
8. «.. басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».
10. «Досың мың болса да - ...,
... біреу болса да - көп».


Дос болайық бәріміз (29.05 KB)

