Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Презентации  /  1 класс  /  Әдептілік әліппесі тәрбие сағаты

Әдептілік әліппесі тәрбие сағаты

Бастауыш сынып жетекшілеріне арналған тәрбие сағаты.

21.11.2018

Содержимое разработки

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі 4 “А” сынып  Сынып жетекшісі:  Шуленова Жанар Альмуратовна  2017-2018 оқу жылы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Ш.Уәлиханов атындағы

жалпы орта мектебі

4 “А” сынып

Сынып жетекшісі:

Шуленова Жанар Альмуратовна

2017-2018 оқу жылы

Әдептілік әліппесі

Әдептілік әліппесі

Сабақтың мақсаты:   Мақсаты:  Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді ажырата отырып,әдеп әліппесін бойларына дарыту. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.  Барысы: Әдептілік,адамгершілік- парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.

Сабақтың мақсаты:

Мақсаты:

Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді ажырата отырып,әдеп әліппесін бойларына дарыту. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Барысы:

Әдептілік,адамгершілік- парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.

Кіріспе:   Адамның әдептілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.  Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, Әрине, ол сымбатты, парасатты көрінеді.  Әдептілік,адамгершілік – адамның асыл қасиеттері. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.  Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: “Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін”- деген екен. Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер,  әдеп-нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.

Кіріспе:

Адамның әдептілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,

Әрине, ол сымбатты, парасатты көрінеді.

Әдептілік,адамгершілік – адамның асыл қасиеттері. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: “Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды

айтып берейін”- деген екен.

Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер,

әдеп-нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.

  Әдептілік,адамгершілік бастауы неде?  Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойы міндеті.  Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.   Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты әдептілік түрлері отбасынан басталады.   

Әдептілік,адамгершілік бастауы неде?

Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойы міндеті.

Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты әдептілік түрлері отбасынан басталады.

 

«Ана өсиеті» Ана айтты бір өсиет баласына Бір жолдың шығарып сап саласына. Ей, балам шамаң келсе жақсылық ет, Ақпейіл адамзаттың арасына. Егерде жол үстінде тікен жатса, Кірер деп аяғына біреу басса, Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен Сол тікенді көтеріп алып таста. Бұл еңбегің қалмасты басқа, бекер Соны көрген соңғы жас солай етер. Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап, Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.

«Ана өсиеті»

Ана айтты бір өсиет баласына

Бір жолдың шығарып сап саласына.

Ей, балам шамаң келсе жақсылық ет,

Ақпейіл адамзаттың арасына.

Егерде жол үстінде тікен жатса,

Кірер деп аяғына біреу басса,

Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен

Сол тікенді көтеріп алып таста.

Бұл еңбегің қалмасты басқа, бекер

Соны көрген соңғы жас солай етер.

Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,

Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.

Маржан сөздер сыр шертеді: Әдепсіз бала- ауыздықсыз атпен тең. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы - ұстаздан болады. Жақсы адам- елдің ырысы, Жақсы сөз- жанның тынысы. Ақылды қария -жазып қойған хатпен тең. Жақсылық істеуден жалықпа Істеген жақсылығына өкінбе! Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді. Абырой бар жерде ар шапан сөгілмейді. Жақсы адам жолдасынан белгілі. Биікке шықсаң көзің ашылады, Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады. Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол, Қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол.

Маржан сөздер сыр шертеді:

Әдепсіз бала- ауыздықсыз атпен тең.

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы - ұстаздан болады.

Жақсы адам- елдің ырысы,

Жақсы сөз- жанның тынысы.

Ақылды қария -жазып қойған хатпен тең.

Жақсылық істеуден жалықпа

Істеген жақсылығына өкінбе!

Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді.

Абырой бар жерде ар шапан сөгілмейді.

Жақсы адам жолдасынан белгілі.

Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол,

Қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол.

 Мақал- мәтелдер: “ Сіз” деген-әдеп, “Біз ” деген-көмек. Ашу-дұшпан,ақыл-дос.Ақылыңа ақыл қос. Ата-ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең. Ақыл- тозбайтын тон. Білім- таусылмайтын кен.  Ұлық болсаң-кішік бол. Ақылың болса, арыңды сақта. Ар- ұят керек әр уақытта.

Мақал- мәтелдер:

Сіз” деген-әдеп, “Біз ” деген-көмек.

Ашу-дұшпан,ақыл-дос.Ақылыңа ақыл қос.

Ата-ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.

Ақыл- тозбайтын тон. Білім- таусылмайтын кен.

Ұлық болсаң-кішік бол.

Ақылың болса, арыңды сақта.

Ар- ұят керек әр уақытта.

Құпия хаттар. І хат ІІ хат ІІІ хат Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар, өзі өтірікші. Көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? Құрметті достар! Менің досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй -ішін айтып, заттарын айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба? Айтыңдаршы. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап-ойнап тапсырмасын орындамай,жазбай келеді.Мұғалім сабақ сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем,”сен сараңсың”-дейді.Мен не істеуім керек?

Құпия хаттар.

І хат

ІІ хат

ІІІ хат

Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар, өзі өтірікші. Көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

Құрметті достар! Менің досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй -ішін айтып, заттарын айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба? Айтыңдаршы.

Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап-ойнап тапсырмасын орындамай,жазбай келеді.Мұғалім сабақ сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем,”сен сараңсың”-дейді.Мен не істеуім керек?

Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен. Бұл жағдайда қандай әрекет жасайсыңдар?

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

Бұл жағдайда қандай әрекет жасайсыңдар?

Әдептілік -тәрбие бастауы. Сәлемдесу- әдептілік бастауы. Үлкенге де сіз,  Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп,  Бас иеміз біз. Сыйласаң – сыйлы боласың.

Әдептілік -тәрбие бастауы.

Сәлемдесу- әдептілік бастауы.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Сыйласаң – сыйлы боласың.

Қайырымдылық – жылы жүректен.

Қайырымдылық – жылы жүректен.

Әдептіліктің қарапайым қағидалары

Әдептіліктің қарапайым қағидалары

Әдептіліктің қарапайым қағидалары Амандасу Үлкенді құрметтеу Тілін сыйлау Дінін сатпау Отанын қорғау

Әдептіліктің қарапайым қағидалары

Амандасу

Үлкенді құрметтеу

Тілін сыйлау

Дінін сатпау

Отанын қорғау

“ Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп” “ Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ”  Абай  Сайф Сарай Әдептілік- әліппесі “ Арыңды сатпа, теріңді сат, адалдықты ізде”  Шәкәрім “ Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы”  Әл-Фараби

“ Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп”

“ Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ”

Абай

Сайф Сарай

Әдептілік- әліппесі

“ Арыңды сатпа, теріңді сат, адалдықты ізде”

Шәкәрім

“ Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы”

Әл-Фараби

Қорытынды:

Қорытынды:

Әдептілік,адамгершілік- жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы. Әдептілік – бұлақтай Тазалығы арыңның. Өлшемі ол сынаптай, Бойыңдағы барыңның!

Әдептілік,адамгершілік- жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.

Әдептілік – бұлақтай

Тазалығы арыңның.

Өлшемі ол сынаптай,

Бойыңдағы барыңның!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА  РАХМЕТ!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!

-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Әдептілік әліппесі тәрбие сағаты (3.8 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт