«Жеміспен көкеністердін пайдасы» Ортаңғы топ
Мақсаты:
Балаларға көкөністер мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру және еңбекке баулу.
Жемістер мен көкөністер түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту.
Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Сәлеметсіздерме балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Алма дерсің, түсіне қарап,
Жүгері дерсің, ішіне қарап,
Татсаң тәтті, бал шәрбәтті. (Анар)
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. Сәбіз
Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар. (Капуста)
Сонымен, балалар жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз.
Сендерге бір сұрақ қойғам келіп тұр, «жемістерді жумай жеуге бола ма?»
Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, шие.
Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ т. б. жатады.
Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.
Көкөністерді тұқым себу арқылы өсіреміз көктем айында. Күз айында жинап аламыз.
Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Банан қан мөлшерінің бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді. Сүйек, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.
Жемістерден тосап және компот қайнатады.
Қане балалар ойын ойнайықшы. «Жемістер мен көкеністер»
Көкөністерді тағам ретінде салаттар жасаймыз.
Ал көкөністердің пайдасы мысалы;
Қызанақ ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы. Екіншіден, қызанақта С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы. Асқазан
жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Бақшада өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын микробтарды көреміз.
Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.
Көкөністер. Сәбіз дің құрамында дәрумендер көп. Көп жесеңдер бойларың өседі.
Балалар енді «Сиқырлы қапшық» деген ойын ойнайық.
Шарты: Қолына алады, пішінін, дәмін, түсін, қолдануын айтады.
Жемістер бізге мол өнім беру үшін, біз олардың топырағын қопсытуымыз керек, арам шөбін жұлу және суғару керек. Жер ана мейірімді, өйткені көкөністерді өсіреді, күн де мейірімді шуығын төгеді. Көкөністер жылу сүйгіш, суыққа төзімді болып бөлінеді.
Шикідей жейтін көкөністерді атайықшы; қызанақ, қызылша, сәбіз. баклажан, картоп.
Тағы да ойынға кезек берейік. «Салат» Қимылды ойын.
Бүгінгі тақырыпты қорыта келе жемістер мен көкөністерді бөлек алып қоюмыз керек.
-Сонымен бүгін біз не туралы айттық?
Жемістер мен көкөністер туралы.
-Олардың бізге пайдасы бар ма?
Дұрыс айтасыңдар.
-Алманы жеміске ме, әлде көкөніске жатқызамыз ба?
-Қауынды ше?
-Құрамында не бар екен. \дәрумендер\
-Жемістерді жумай жеуге бола ма? \жоқ, іш ауырады\
Жарайсыңдар балалар барлықтарың дұрыс жауап бердіңдер, ойынды да жақсы ойнадыңдар.