Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі.
1.Кіріспе
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі дене тәрбиесінің міндеті- негізгі қимыл әрекеттерін меңгеру,мектептегі дене тербиесіне даярлау,ауырулардың алдын алу және дене мәдениеті амалдарын қолдану арқылы денсаулықты нығайту болып табылады.
Бала бақшалардағы дене тәрбиесі амалдарына базалық спорт түрлерінің бастапқы негіздері (жеңіл атлетика,гимнастика, қозғалыс және спорт ойындары, шаңғы тебу, жүзу) және қимыл-қозғалыс әрекеттерінің элементтері(төмпешіктен түсу, жылтыр мұзбен сырғанау, кедергілерден өту, өрмелеу және т.б.)кіреді.
Дене қуатын жан-жақты дамыту үшін бүлдүршіндерге дене тәрбиесі процесі кезінде қимыл шеберлігін, дағдысын,бастапқы икемділктерін игеруге көмектесу керек.Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жеткіншектерді дене тәрбиесіне баулу және тәрбиелеу ісі негізгі мектепке дейін жүргізілгені жөн.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға бағытталған.Барлық дене тәрбиесі жаттығулары, сабақтары, адам денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс.Балабақшалардағы сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына байланысты.Оқытушы өсіп келе жатқан организмнің биологиялық заңдылықтарын,жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет.Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті жұмыс істей алады.
Дене тәрбиесі сабағы оқу бағдарламасының және сабақтың өткізілу жоспарының негізінде жүргізіледі.
2.Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің әлеуметтік -педагогикалық маңыздылығы.
Адамнын дене тәрбиесінің негізі ерте балалық шақта қаланады, өмір сүру ұзақтығына байланысты жедел түрде кеңейтіліп және тереңдей түседі.Кейінгі онжылдық көлемінде халық денсаулығының нашарлауы байқалады. Дені сау адамдардың саны 23,2%-дан 5-7%-ға дейін төмендеген.
Баланың жан-жақты дамуының негізгі оны дұрыс күту мен дене тәрбиесіне тікелей байланысты туылғаннан берілетін қимыл әрекеттерді меңгеру (еңбектеу, домалау, жүру,жүгіру, өрмелеу, кедергілерден өту, қозғалыс ойындары) интелектуалдық және фунционалдық дамуына көмектеседі, бойы мен денесінің өсу үрдісін тездетеді, денсаулылығын нығайтады, әр түрлі ішкі және сыртқы ортаның факторларына ағзаның қалыптасуын арттырады.
Адам өмірінің алғашқы жылдарындағы жан-жақты дамуының негізі-ол дене тәрбиесі.Дұрыс дамып келе жатқан бала қозғалысқа талпынады.Қозғалыстың арқасында баланың тыныс алу органдары,қан айналым жүйесі, нерв жүйесі, ас қорыту жүйелерінің қызметі жақсарады.Олар баланы әр-түрлі ауыру-сырқауларға төзімді етеді,организмнің қорғаныс қызметін арттырады. Бала қозғалыс арқылы өмірмен танысады, жүйке процессі дамиды, өз беттілігі, жігері, тәртіптілігі дамиды.Қимыл-қозғалыс жиынтығы оған белгілі бір іс-әрекетті(жұмысты)жасауға мүмкіндік береді.
Қол салалары мен саусақтарының қимылы баланың дамуына көп әсерін тигізеді:үлкен қабаттының жұмысын белсенді етеді,сөйлеу-қозғалыс (речедвигательный)орталығының өсу қабылетін арттырады.Осы жағдайда бала миының шеке бөлігінің дамуына қалайлы кезең туады, ол баланың ақыл-ойының өсуіне негізгі себепкер болып табылады.Сондықтан бала неғұрлым әр-түрлі қимылдарды меңгерсе,соғұрлым оның сезімталдылығы,қабілеттілігі және тағы басқа мұмкіндіктері толығынан жетіледі.
Мектепке дейінгі мекемелерде 2 жастан 7 жасқа дейінгі (бүлдіршіндер)балалар барады.Оларды физиологиялық және жас ерекшеліктеріне байланысты мынандай даму кезіңдеріне бөлуге болады.
№ | Жастары | Топтары |
1. | Туылғаннан-бір жасқа дейін | Нәрестелер тобы |
2. | 1 жастан - 2 жасқа дейін | Бөбектер тобы |
3. | 2 жастан - 3 жасқа дейін | Бірінші сәбилер тобы |
4. | 3 жастан - 4 жасқа дейін | Екінші сәбилер тобы |
5. | 4 жастан - 5 жасқа дейін | Орта жас тобы |
6. | 5 жастан - 6 жасқа дейін | Ересектер тобы |
7. | 6 жастан - 7 жасқа дейін | Дайындық тобы |
Балаларды жастық даму кезеңдеріне бөлу арқылы, олардың биологиялық даму кезеңдерінің ерекшеліктерін ескеруге, дене тәрбиесі жүйесін құруға, оқытып үйретудің ұйымдастырылу формаларын қуруға көмектеседі.
3. Дене мүшелерінің қозғалыс дамуының ерешеліктері.
Бала өмірінің бірінші күнінен бастап оның қимыл-қозғалыс жасауына барлық мүмкіндіктерді жасау керек және де қозғалыс әрекетерін режиммен дамытқан пайдалы.Мысалы:алдымен екпетінен жатқызып еңбектеуге,содан соң отыруға үйреткен жөн; бірінші аяқты нық басуға, адымдауға; содан соң жүруді үйреткен орынды.
Бір жасынан бастап негізгі көңілді баланы дұрыс жүруге үйретуге бағыттау қажет.Мынандай әдістемлік нұсқауларды есте ұстаған жөн:
1).баланы жиі-жиі екпетінен жатқызу (төңкерген,қорғансыз(поза) безопастная поза).
2).еңбектеуге гимнастикалық және қауіпсіз жағдай жасау...
3).баланы вертикальді түрде қолда жиі аз уақыт бойы ұстаған дұрыс (мойын және арқа бұлшық еттерді бекітуге арналған).
4).әр түрлі заттарды іліп және жететін жерлерге қойып баланың өз бетінше қимылдауына (стимулировать)беру.Баланың алдына мақсат қойып сол мақсатқа жету үшін оны мараппаттау, мақтау керек.
5).жаттығуларды тамақ ішілгеннен 40 минуттан соң бастаған дұрыс,қол- аяқ және дене қозғалысын ретімен ауыстырып жасау.
6).ішке және арқа бұлшық еттерінің дамуына арналған жаттығулар әр сабақта қамтылуы керек.
7).жаттығуды сөйлеммен айтып көрсету.
Бас кезінде баланың қимылдары өзіне-өзі сенімсіздеу, онша нақты болмауы мүмкін.Дегенмен,екі жасқа жақындағанда олар бұл қимылдарды жақсы меңгеріп алулары қажет:өз беттерінше баспалдақтармен көтерліп қайта түсу, бар ынтасымен еңбектеу, әр түрлі заттардың астынан өту, үстінен аунау, отыру, тұру, доппен ойнау сияқты қоршаған заттармен кең қарым-қатынаста болу-баланың қол, көру моторикасының қызметін арттырады, ол өз кезегінде баланың ойлау қабілетін,ойынға деген ынтасын және сөйлеу қабілеттерін артырады.
3.1 Екі жас пен үш жас аралығындағы балалармен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқаулары.
1).Балаларды қозғалысқа үйретуде ойын тәсілдері көп орын алуы керек (қозғалыстың имитациясы, оның образы,тапсырманың сюжеттері және т.б.).Жасы кіші болған сайын,”ойнау”мен “ үйрену”-дің ара жігі де қысқа болуы керек.
2).Бұл жаста бала бір нәрсеге 15-30секунд қана көңіл бөледі, сондықтан әр 15-30 секунд сайын жаттығу түрін ауыстыру қажет.
3).Қосалқы құралдарды мейлінше көп қолдануға тарысу, мысалы, баспалдақтарды, кіші-гірім домалақ бөренелерді, тығыз шараларды т.т. Бұлдіршіндермен музыка арқылы жаттыққан дұрыс.
4).Жаңа қозғалыс түрін үйретуге арналған сабақ мерзімі 15-20 минут болған дұрыс.Балалар ептілікке арналған жаттығуды орындауда тез шаршап қалады.
5).үш жасқа дейінгі балаларға секіру жаттығуын орындауға болмайтынын әрқашан есте ұстау қажет: (заттардан секіріп түсу, биік амплитуда бойынша секірулер).
6).Бала денесіндегі өте әлісіз дамыған мүше – іштің бұлшық еттері, сондықтан оны дамытанын жаттығулардын сайын жасату керек.
7).Жүру дағдысын жетілдіру үшін серуендеудің үш түрлі нұсқауын ұсынамыз.
Тегіс, қалыпты, кедергілері жоқ жерлер;бір келкі, ой-шұқыры жоқ төбешіктерге шығу және түсулер; әрқилы жерлер.
Үш – төрт жасында баланың қимыл – қозғалыс әрекеттері едәуір артады және қимылдарын өз еркінше бағыттайды. Олар бір орында тұра алмайды, бәрін өздері білгісі және қолмен ұстап көргісі келеді. Сондықтан топтық сабақ ұйымдастырған кезде түсіндіру тым ұзақ болмауы керек,әр баланы ойынға, қозғалыс жаттығуларына қатыстыруға тырысу керек.Осы кезеңде дене тәрбиесінің жаңа қары-ол жаттығуды орындауда нақты мақсат қою болып табылады.Ондай мақсат мынандай болуы керек: тез жүгіру, алысқа лақтыру,допты нысанаға дәл тигізу, қозғалысты дәл орындауы және т.б.
3.2 Үш – төрт жас аралығындағы балалармен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқаулары.
1.Балалардын тежелу процесстері әлсіз және тез шаршап қалуларын ескере отырып, демалыс пен белсенді қозғалыс қызметін жиі – жиі алмастырып отыру.
2. Балалар заттармен жаттығу жасағанды жақсы көреді:олар саусақтың « маторикасы» қызметін дамытады, яғни баланың затпен жұмыс ептілігін арттырады және де сөйлеу мен интеллектін белсенді етеді: Сондықтан, затпен жаттығуға әр түрлі түсті, бірден көзге түсетін заттарды алған дұрыс.
3. Бала қозғалыста болғанды, әр түрлі қозғалыстарды бірнеше реттен және үлкен белсенділікпен қайталап жасағанды жақсы көреді.Оларға осы кезде үлкендердің дер кезіндегі, жекелей қарым – қатынастары, түсіндірулері қажет.
4. Бүлдіршіндерді біртіндеп дыбыстық, коздік белгілер ді дұрыс қабылдауға үйрету қажет.Дыбыстық белгілерге деген олардың жылдамдық реақцияларын, таңдауға және үлкендердің берген тапсырмаларын орындауларын қадағалау.
5. Балалар қозғалыс жаттығуларын үлкендермен бірге орындайды.
6. Қозғалыс ол өз – ара қарым – қатнас қуралы болғандықтан, жаттығуды жасау керек.
7. Қозғалысқа үйретуде нақты қозғалыстық тапсырманы кеңінен пайдаланған жөн. Мысалы: шенбердің ішіне ену, ілініп қойылған сылдырмақты қақпай; тақтай үстімен тік жүру басына қум құйылған қалташаны немесе резеңкелі дөңгелекшелерді қойып. Мұндай әдіс – тәсілдер балаларға нақты қойылған тапсырмалардың мәнін түсінуге және мақсатты орындауға итермелейді.
8. Сабақты уйылдастырған кезде түсіндіру ұзақ болмағаны жөн, әр бала ойынға қатысуы керек.
9. Бала үлкендердің берген тапсырмаларын тез екпінде орындау алмайды, сондықтан жаттығуды орындау балаға тиімді екпенді(темп) болған дұрыс.
10.Әр түрлі жылдамдылық пен күштік жаттығуларды пайдаланып отырып, оларды жаттығуларды тез орындауға үйрету керек.
Төрт – бес жасында бала тепе – теңдікті айтарлықтай үстай алады, биіктен шанамен сырғанайды, шаңғы тебуге талпынады, үш аяқты велосипед тебеді.
Осы жасқа қарай ірі бұлшық ет тоқтарын реттейтін, күшіне енген морфо – функциялық ортаның пісіп, жетілуіне байланысты баланың қимылдары нақтылы бола бастайды, бағытын ұстай алады, қозғалыстық серпінін және ырғағын, ойындардағы ұстап алу, бұрыла қашу тәслідері қлыптаса бастайды.
Төрт – бес жас аралығындағы балалармен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқалары.
1.Бала берілген оқу міндетін дұрыс түсіну үшін, жаттығуды көрсету мен түсіндіру бірінші, ал жаттығуды орындау екінші болу керек. Балаға білетін жаттығуды өрсетуге де болады, тек оның қалай дұрыс орындауын, ретін ескертіп, айту қажет. Сол арқылы оларды анализ жасауға үйретуге болады.Жаңа қозғалыс ойыннның мазмұны мен ережесін толық басынан аяғына дейін түсіндірілуі керек, ал ойын кезінде ережені түсіндіріп отыру дұрыс.
2.Жаттығуды көрсетіп орындау үшін балаларды тартқан жөн, яғни олар өздерінің қозғалыстарын әсерлі, нақты көрсетуге тырысады.
3.Бірте – бірте сөйлемдік тапсырмалар, қысқа түсінктемелер, салыстырулар мен бағалауларды енгізу керек.
4.Циклдік қозғалыстарды үзіліссіз орындауда оның ұзақтығы біршама (1,5 – 3 минуттан 10 минутқа деін), бірқалыпты екпінде өткен дұрыс.
5.Әрекетті жаттығулар ( жылдамдыққа жүгіру, көтеру және лақтыру нығыздалған допты, қалыпты (поза) ұстап тұру және т.т.)5 – 15 сек аралығында орындалып және 10 секундтан 2 – 3 минуқа дейін демалыспен алмасып отыру керек. Бір орында секірулердің мөлшерін бірте – бірте 25 – 30 дан 40 -50 ге өсіріп қатарынан 2 – 3 рет жасатқан дұрыс.Осындай физикалық жүктемелер балалардың тыныс алу; жүрек – тамыр және бұлшық жүелерінің белсенді дамуы кезінде өте керек.
6.Физикалық жүктемелерді бере отырып мұғалім, балалардың танымдық қабылеттердін дамытуды да ұмытпағаны жөн. Физикалық жаттығуларды орындамай тұрып балаларға интеллектуальдық есептерді шешуді тапсырған дұрыс.Мысалы: Залда қанша доптар бар? Көздеріңмен ең үлкен допты табуға тырысындар? Оның түсі қандай? Ал енді ең кіші допты табындар? Орташа доптар барма? Олардын түстері қандай? Енді әр қайсының бір үлкен, бір орташа, бір кіші допты алып өздеріңнің үйшіктеріңе (шеңбе) қойыңдар.
7.Тапсырманы орындауда дәлдік пен дұрыстығына көп көңіл бөлінгені дұрыс.
8.Баларды өздерінің және қасындағылардың қозғалыстарын бағалауға үйрету керек.
Алты – жеті жасында қозғалыс қимылдарының дамуына өте сапалы кезең басталады: нақтылы ырғақтылық және дәлділік.Бұл қасиеттер көбінесе жалпы дамыту жаттығуларын орындауда байқалады.Балалар жекеленген жаттығуларды орындау кезінде өз қателіктерін аңғара бастайды, қарапайым талдаулар жасауға бейімделеді.
Дайындық тотының балалары осы кезде спорттық ойындарға қызығушылық таныта бастайды. Оларға футбол, баскетбол,қол добы ойындарының элементтерін үйрете бастаған дұрыс.Осы жаста олар коптеген қимылдарды меңгере алады. Мысалы:ұзындыққа және биіктікке екпіндеп келіп секіру, қарғымақпен секіруді, арқанға өрмелеу, домалауды, допты қашықтыққа лақтыру, екі аяқты велосипед тебу, ролик пен коньки тебу, және т.т. қимылдар.
Дайындық тобының балаларымен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқаулары.
1. Бүл жастағы балалар,күрделі қозғалыстарды менгеруге қабілеті (ұзындыққа, биіктікке екпіндеп секіру, кіші допты лақтыру және т.т.) және психологиялық жағынан бір жақты жаттығуға «толық ереже бойынша» дайын. Бірақ та оларды жүйелі түрде жаттығуды орындауға ерте екенін ескерген жөн.
2. Бостанқы үйрету, әсресе күрделі қозғалыстарды жаттығулардың әдістемесі арқылы атқарылады.
3. Қозғалыс дағдысын қалыптастыру тезірек жүреді, егер де жаттығу түрлерін бірнеше рет қайталап жасатса (аз үзіліс беріп арасына ).Мысалы:етпендеп келіп биіктікке және ұзындыққа секіруді 8 – 9 рет қатарынан қайталау керек , одан әрі қайталауды 3 – 4 – ке төмендетуге болады.Осы қозғалысты үретуге 3 – 4 сабақ өтсе болғаны.
4. Балаларға қозғалыстардың реиті мен оның қандайда бір фазалық бөліктерін көрсетіп және түсіндіріп қана қоймай, ол қозғалыстарды жасауда қандай әрекет жасау керектігін баса назар аударту керек. (секіруде-итерілу, өрмелеуде – қолмен ұстау және тағы басқа.)
5. Алты жастағы балалар көбінесе өздерінің физикалық мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайтындығын әрдайым есте ұстаған жөн.
6. Жеті жасқа арналған (ЖДЖ) жалпы даму жаттығуларын орындау олардан едәуір физикалық қарқынды қажет етеді. Себебі, физиологиялық эффект болу үшін жаттығулар жылдам қарқында және көлемі жағынан ауқымдырақ болып келеді.
7. Жаттығуды көрсету және түсіндіру алдымен болғаны жөн, одан кейін барып жаттығуды орындау дұрыс, таныс білетін жаттығуларды көрсетпесе де болады, тек оның қалай дұрыс орындалады соны айтып, ескерткен жөн. Сол арқылы оларды ойлауға, анализ жасауға үйреткен дұрыс.
4. Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының мынадай түрлері кеңінен қолданады.
Дене (жаттығулар) тәрбиесін оқытудың сабақтық түрі:
міндетті оқыту сабағы;
қосалқы үйірмелік сабақтар (фитбол, хореография, балалар аэробикасы және басқа түрлері);
міндетті немесе қосалқы сабақтар ЕДТ (Емдік дене тәрбиесі);
Дене тәрбиесін оқытудың сабақтан тыс түрі:
ертеңгілік гимнастика;
ұйқыдан кейінгі гимнастика;
қозғалыс ойындар және спорттық қимыл-ойындары;
физкультминуткалар сабақ арасындағы;
серуендеулер мен табиғат аясына шығу;
дене тәрбиесі мейрамдары мен демалысы;
балалардың өз бетінше орындайтын дене жаттығулары;
Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына бөлінген міндетті минимумның саны төмендегідей болу керек:
аптасына 3 сағат дене тәрбиесі сабағы; (оның біреуі таза ауадағы серуендеу кезінде).
ертеңгілік гимнастика – күнде;
физкультминутка – күнде, әр пән сабақтарының арасында;
спорттық мейрамдар – жылына екі рет;
дене тәрбиелік демалыс – айына 1 рет;
денсаулық сақтау күндері – әр тоқсанда 1 рет (оның ұзақтығы тәрбиешінің басшылығы мен бүлдіршіндердің шама-шарқына қарай өткізіледі).
Бала бақшадағы апталық дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларын жоспарлаудың үлгісі
№ | Қызмет түрлері | Апта күндері | ||||
Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма | ||
1. | Дене тәрбиесі сабағы | Ү |
| Қ |
| Ж |
2. | Физкультминутка | Ү | Қ | Ж | Ү | Қ |
3. | Ертеңгілік гимнастика | Ү | Қ | Ж | Ү | Қ |
4. | Қозғалыс ойындарын пайдалана отырып серуендеуге шығу | Ү | Қ | Ж | Ү | Қ |
5. | Шынықтыру процедуралары | Ү | Қ | Ж | Ү | Қ |
6. | Өз бетінше жасалатын жаттығулар мен ойындар | Ү | Қ | Ж | Ү | Қ |
7. | Коррекциялық гимнастика | Ү | Қ | Ж | Ү | Қ |
5. Бағдарлама
Бірінші сәбилер тобы
(Екі жастан үш жасқа дейінгі балалар)
Алға қойылатын мақсаттар:
әр түрлі қимылдар жасаған кезде денесін дұрыс ұстауға дағдыландыру;
өз беттерімен қимылдар жасауға, ойнауға жағдай туғызу;
тәрбиешінің көмегімен жаттығуларды басқа балалармен қосылып жасауға үйрету;
жүру, жүгіру кезінде берілген белгіні тыңдауға, бағытын, қимылын өзгертуге үйрету;
орнында тұрып ұзындыққа секіргенде аяқтың ұшымен тізесін бүгіп түсуге бастапқы үйрету;
еңбектеуге, өрмелеуге, доппен ойнауға жаттықтыру;
дене бітімінің дұрыс жетілуін үнемі ескеріп отыру;
жаттығу мен ойындарға керекті құралдарды өз мақсатына дұрыс пайдалана білу;
балаларды бір-бірімен тату ойнауға үйрету;
қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтау;
Негізгі қимылдар
Жүру. Бөлмеде, алаңда бытырап жүру, үш-төрттен тәрбиешіге ілесіп жүру, көрсетілген бағытта жүру, екі-екіден қол ұстасып жүру, қолында жалауша (ойыншық, лента) ұстаған баланың артынан жүру, қолынан ұстап шеңбер жасатып жүргізу, қатар қойылған доптардың (куб, кегли) арасымен жүру, ені 20см, ұзындығы 2-3м қос сызықтың (жіптің) арасымен жүру, жүгіріп келе жатып жүруге ауысу, бірнеше бала бірінің артынан бірі жүру, топ тұтасымен бірінің артынан бірі жүру.
Жүгіру. Бірнеше бала қатар тұрып, 10м қашықтыққа жүгіру, көрсетілген бағытта бір баланы (тәрбиешіні, допты) қуа жүгіру, өз бетімен жан-жаққа бытырай жүгіру, жолдасымен доп (жалауша, ойыншық) ұстап жүгіру. Бірнеше бала бірінің артынан бірі жүгіру, шеңбер жасай жүгіру, ені 20-25см, ұзындығы 3-4м қос сызықтың арасымен жүгіріп өту, 30-60м қашықтықты жүріп және жүгіріп алмаса отырып өтіп шығу, 30-40 секунд бойы тоқтамастан жай жүгіру.
Секіру. Тізесін сәл бүгіп, денесін жоғары серпу, бір орында тұрып қос аяқтап секіру, бір орында тұрып артқа қарай бұрыла секіру, жерде жатқан жіптен (сызықтан, бұтақтан) секіріп өту, аттап өту биіктігі 10-15см керулі жіптен, баланың созған қолынан 5-10см жоғарыға ілінген допқа (лентаға, орамалға) секіріп қолын тигізу, ені 20-30см кеңістіктен қос аяқтап секіру, бар күшімен қос аяқтап неғұрлым алысқа секіру.
Домалату, лақтыру және қағып алу. Домалатып жіберген доптың артынан қуып жетіп ұстау, тәрбиеші шашып жіберген доптарды (шар, жаңғақ, кубик және т.б.) жинап, қорапқа салу, екі бала қарама-қарсы отырып, допты бір-біріне домалатып ұстау, 0,5-1,5 қашықтықта тұрып, лақтырылған допты екі қолмен қағып алу, 2-3м жерден екі бала қарама-қарсы отырып, екі қолмен допты бір-біріне кеуде тұсынан және бастан асыра лақтырып ұстау, допты бір қолмен 1м-1,5м қашықтықтағыорындықтың аяқтары арасынан домалатып өткізу, допты бір қолмен 1,5-2м қашықтықтағы өз бойымен бірдей етіп тартылған жіптің үстінен асыра лақтыру, екі қолмен желке тұста ұстап тұрған допты 1м-1,5м қашықтықтағы 1м биіктікке керілген жіптен асыра лақтыру, допты (шар, теннис добын) екі қолмен кезек-кезек неғұрлым алысқа лақтыру, допты 1-1,5м қашықтықтағы нысанаға дәлдеп түсіру, ішіне мақта салынған 500гр. допты екі қолмен домалату.
Еңбектеу және өрмелеу. Өз еркімен еңбектеу 5-6м жердегі ойыншыққа, допқа еңбектеп бару, екеуден жарыса еңбектеу, биіктігі 30-50см етіп қатар қойылған 3-4 орындықтың (доғаның, таяқшаның) астынан еңбектеп және жүрелей жүріп өту.
Тепе-теңдікті сақтау. Ені 25см тақтайдың үстінен жүру, жерде жатқан арқанның үстімен аяқты көлденең (табанның ортасымен) басып жүру, ирелеңдетіп (шеңбер жасап) тасталған жіптің үстімен жүру, бойы жететін жерге өрмелеп шығу, биіктігі 10-15см 4-5 доптан (кубтан, таяқшадан) аттап өту, ұстамай шыға алатын 20-25 см гимнастикалық орындықтың үстіне шығып, бір аяқпен тұру, қайта түсу, екі өкшені бір-біріне тигізіп тұру және аяқтың ұшымен неғұрлым көбірек тұру.
Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Бұл жаттығулар негізінен үш топқа бөлінеді:
Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: екі қолды жоғары соза көтеріп, қайтадан тура түсіру, екі қолды кезек-кезек алға (жоғары, екі жанға) созып, қайта түсіру, екі қолды артқа жасыру және алға созып көрсету, екі қолды кезекпен алға, артқа сермеу, қолды кеуде тұсына бүгіп ұстап, қол бастарын бірінің сыртынан бірін айналдыру, жұдырығын бірнеше рет түйіп, жазу, саусақтарын қимылдату.
Дене бұлшықетттеріне арналған жаттығулар: алға еңкейіп, қайта жазылу, артқа шалқаю, тік тұру, оң (сол) жаққа иілу, екі аяқты бір-бірінен алшақ қойып, кеудені оңнан солға (керісінше) айналдыру, тізені құшақтап тұрып, оған маңдайын тигізу, қолды алға созып тұрып, кеудені оңға (солға) бұру, етпетінен (шалқасынан) жатып, аяғын қолын қимылдату, етпетінен жатып, басын, кеудесін көтеру, оңға (солға) бұрылып қарау, шалқасынан жатып, етпетіне қарай аунап түсу, малдас құрып отырып, маңдайын екі тізесіне кезек-кезек тигізуге тырысу.
Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: екі тізені кезек-кезек бүгіп, жазу; екі аяқты кезек-кезек тізені бүкпей алға (жанға, артқа) көтеріп, түсіру; жүрелей отырып жүру; аяқтың ұшына тұрып, түсу; тізерлеп жүру; шалқасынан (етпетінен) жатып, аяқты түзу ұстау, тізесін бүгу және қайта жазу.
Сапқа тұру. Өз еркілерімен шашырап тұру; тәрбиешінің көмегімен бірден, екіден және көп болып тұру; әр жерге қойылған орындықтың (жалаушаның, ойыншықтардың) қасына, сызылған шеңберлердің арнайы белгіленген жерлеріне барып тұру; тәрбиешінің соңынан сапқа тұрып, жүру.
Би қимылдары. Бір ұл, бір қыздан қатарласа тұрып, ұлдардың сол алақандарына қыздар оң қолының саусақтарын қойып, классикалық би әуендерінің ырғағымен жүріп үйрену; балаларға арналған ән ырғақтары бойынша би қимылдарын жасау.
Қимылды ойындар. Қимылды ойындарды мынандай 5 топқа бөлуге болады:
Жүріп және жүгіріп ойнайтын ойындар: «Шар жарылды», «Тауық пен жабайы мысық», «Самолеттер», «Аттар», «Шіркейлер» тағы басқа.
Секіріп ойнайтын ойындар: «Аттап өт», «Допта секір», «Мысық пен торғайлар», «Арықтан секір», «Қол ұстасып секір».
Еңбектеп және өрмелеп ойнайтын ойындар: «Бақшада», «Ойыншыққа еңбектеп жет», «Сызықты басып кетпе», «Қақпадан өт».
Лақтыру және ұстап алу ойындары: «Төрт кезек», «Кім мерген», «Алысқа лақтыр», «Дәл түсір», «Көзде».
Кеңістікті бағдарлауға үйрететін ойындар: «Қоңырау қайда?», «Ақ қоян», «Өз жалаушаңды тап», «Жаңылтпаш», «Орныңды тап».
Екінші сәбилер тобы
(Үштен төрт жасқа дейінгі балалар үшін)
Алға қойылатын мақсаттар: әртүрлі қимыл түрлерімен таныстырып, оларды жасау жолдарын ұйымдастыру; дене бітімінің дұрыс қалыптасуына назар аудару; сәнді қимылдар жасауға жаттығып, ойын үстінде көңілді әрі белсенді болуға баулу; жүру мен жүгіру техникасын дұрыс жасату – аяқты көтеріп бастыру; қолдарын қалыпты сермету, еңсені көтеріп ұстату; ұзындыққа секіргенде аяқтың ұшымен түсуін қадағалау; лақтыру кезінде қолды дұрыс сермеп алысқа жеткізуге үйрету; балалардың өзара қимыл-қозғалысын үйлестіру; саптағы өз орнын тез табуға үйрету; көрсетілген жаттығуларды дұрыс жасауға, сөзді ынта қоя тыңдауға тәрбиелеу; серуен кезінде ұйымдастырылған қимылды ойындарға белсене қатысуға, тәртіпті болуға үйрету; шана, шаңғы, велосипед тебуге жаттықтыру; ойын-сауық кездерін де әрбір бала ұжымның белсенді бір мүшесі болып тәрбиеленуіне баса назар аудару; әртүрлі спорт құралдарын біліп, оларды өз беттерімен пайдалана білуге жаттықтыру.
Жүру. Бірінің артынан бірі жүру, қатар тұрып жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені жоғары сілтей жүру; тізені сәл бүгіп, кеудені тік ұстап жүру; заттардың арасымен жүру; екіден және бір-біріне қарама-қарсы жүру; еңкіш қойылған тақтайдың, бөрененің үстімен жүріп түсу.
Жүгіру. Бірінің артынан бірі жүгіру; бір қолымен жіптен ұстап шеңберді бойлай жүгіру; көрсетілген бағыттарды алмастыра жүгіру; бұрылмалы жолдармен жүгіру; біреуді (бір нәрсені) қуалай жүгіру; жарыса жүгіру; 10-20метр қашықтықты қатарынан бірнеше рет жарыса жүгіріп өту; 60-80метр қашықтықтан жүру мен жүгіруді алмастыра отырып өтіп шығу; 1 минут бойы тоқтамастан жайлап жүгіру; 5метр жерді арлы-берлі 3 рет қайталап жүгіру, 160метр қашықтықты тоқтамай жүгіріп өту.
Секіру. Аяқты алға, артқа, екі жанға созып және аяқты бірге ұстап секіру; 3-4 метр жерге дейін қос аяқтап секіру; жоғарыда ілулі тұрған доп, лентаға басын (қолын) тигізе секіру; арақашықтықтары 25-30см болатын 4-6 сызқтан екі аяқты бірге ұстап, біртіндеп секіріп өту; биіктігі 5-10см қатарынан жатқан бірнеше заттан аттап, қос аяқтап секіріп өту; 15-20см биіктіктен жерге секіріп түсу; екі аяқпен кезек-кезек секіру; тізені биік ұстап жүгіру; бір орында тұрып 30-40см қашықтыққа қос аяқтап секіру.
Лақтыру және қағып алу. Екі аяқты бір-бірінен алшақ қойып тұрып (малдас құрып отырып, тізерлеп тұрып) қарама-қарсыдағы балаға допты төменнен, кеуде тұсынан және желке тұсынан бастан асыра лақтыру; допты (шарды) екі қолымен арақашықтығы 50-60см болатын орындықтың (доғадан, қақпадан, екі ағаш арасынан) аяқтары арасынан домалатып (лақтырып) өткізу; допты екі қолымен жоғары лақтырып (жерге соғып), қағып алу; үлкен допты екі қолымен биіктігі 1,5метр биіктікке тартылған жіптің үстінен асыра лақтыру; кішкене допты екі қолмен кезек-кезек лақтыру; допты (шарды, тасты 2-2,5метр қашықтыққа сызылған шеңбердің) құрсаудың, (қораптың, шұңқырдың) ішіне екі қолмен кезек-кезек дәлдеп түсіру; кішкене допты (теннис добын, 200г құм салынған қалташаны) екі қолымен кезек-кезек неғұрлым алысқа лақтырып көрсеткіштерін анықтау; екі аяғын бір-бірінен алшақ қойып, екі қолымен 500г мақта салынған қапшықты төменнен, желке тұсынан, екі жанынан 2-2,5метр қашықтықта тұрған балаға лақтыру.
Еңбектеу және өрмелеу. Көрсетілген бағыт бойынша төрт табандап еңбектеу; 5-6метр жерге дейін жарыса еңбектеу; еңкіш тұрған тақтайдың үстімен (заттардың арасымен) еңбектеу; қырынан тұрған құрсаудың (шеңбердің) арасынан қолын жерге тигізбей өту; жерге жатқан сатының шабақтарын басып еңбектеп өту; гимнастикалық қабырғамен өрмелеу; екі қолымен бойы жететін жерден ұстап, екі тізесін жоғары көтеру.
Тепе-теңдікті сақтау. Гимнастикалық орындықтың , тақтайдың жерге сызылған ұзындығы 2,5м, ені 20-15м жолдың үстімен екі қолды екі жаққа жоғары көтеріп, желкеге қойып ұстап, тізені (өкшені) жоғары көтеріп тік жүріп өту.
Жерде жатқан сатының шабақтарын басып жүру, бірінің артынан бірі жүгіріп келе жатып, тәрбиешінің берген белгісімен кілт тоқтап (жүресінен отыра қалып кері бұрылып), жүгіруді қайта жалғастыру. Бір орында тұрып не биіктеу жерге шығып, аяқтың ұшымен (қолды жоғары соза көтеріп) неғұрлым ұзақ тұру. «Қарлығаш» жасау (бір аяқты артқа соза еңкейіп, екі қолды екі жаққа жайып, алға тура қарау), бір орында тұрып, екі жағына қарай кезек-кезек айналу, 400г қалташаны төбеге қойып, қолды екі жаққа созып жүру.
Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Бұл жаттығулар негізінен үш топқа бөлінеді:
1) Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: қолды екі жанынан жоғары көтеріп, қайта түсіру, бір қолдағы затты төбеден асыра (алдынан,артынан) екінші қолына ауыстыру, екі алақанымен төбеден асыра (алдынан, аяқтың астымен) шапалақтау, қолды белге (желкеге, тізеге) қойып ұстау, қолдың басын, саусақтарды қимылдату.
2) Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: заттарды ұстап оңға, солға иіліп, қайта тік тұру; қолды алға созып, еңкею, жоғары көтеріп, шалқаю; еңкейіп тұрып, екі қолды алға, артқа айналдыру; малдас құрып отырып, оңға, солға бұрылып, затты қою (алу); тізерлеп тұрып, өкшеге жатып, тұру және денесін оңға, солға бұру; етпетінен жатып кеудесін көтеріп, оңға, солға қарау және екі қолын жоғары көтеру; екі қолымен тізесін құшақтай отырып, оң, сол жаққа аунап, қайта тұру.
3) Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшына тұрып, қайта түсу; аяқтың ұшымен жүру; бір аяғын алға (артқа, оңға, солға) созып, ұшымен басып жүру; жүресінен бірнеше рет отырып тұру және жүру; екі тізесін кезек-кезек жоғары көтеріп, алақанға, шынтағына тигізу; башпайларын қимылдатып табанымен допты (таяқшаны, арқанды) домалату.
Би қимылдары. Музыка ырғағына сай жүру, жүгіру, әртүрлі жаттығулар орындау; би қимылдарын жасау; бірінің артынан бірі жүріп келе жатып, екіден және қайтадан бірден жүріп (жүгіріп) кету; әр бала саптағы өзінің сандық орнын біліп тұру; бірнеше топқа (бір жерге) жиналып, отыру және тұру.
Қимылды ойындар. 1) Жүріп және жүгіріп ойнайтын ойындар: «Көбелектер», «Қасқыр мен лақтар», «Ормандағы аю», «Косманавтар», «Өз сыңарынды қуып жет», «Кім шапшаң», «Тым тырақай», «Мысық пен тышқан», «Қос шеңбер».
2) Секіріп ойнайтын ойындар: «Қармақ», «Көжектер», «Тырна мен бақа», «Кенгуру», «Көбелекті ұста».
3) Еңбектеп және өрмелеп ойнайтын ойындар: «Қамбадағы тышқандар», «Маймылдар», «Қояндар».
4) Лақтырып және ұстап ойнайтын ойындар: «Түйілген орамал», «Қуа шап», «Керме жіп», «Домалатпай қағып ал», «Кім алысқа лақтырады».
5) Кеңістікті бағдарлауға үйрететін ойындар: «Ақ бұлақ», «Мен кіммін?», «Телефон», «Сақина салмақ», «орамал тастамақ».
Спорттық жаттығулар. 1) Сырғанау: аяқпен сырғанау, арнаулы төбешіктен жүрелерінен отырып сырғанау; үлкендердің қолынан ұстап сырғанау.
Шанамен сырғанау: шанаға 1-2 баладан отырғызып, сүйреп сырғанау; бірін-бірі сүйреп сырғанату; шанамен арнаулы төбешіктен төмен қарай өз бетімен сырғанау.
Шаңғымен сырғанау: шаңғыны киіп, шешуді үйрету; таяқсыз бір шаңғымен жүру; таяқсыз екі шаңғымен жүру; арнаулы шаңғы жолымен таяққа сүйеніп жүргізу.
2) Велосипед тебу: велосипедтің рульінен ұстап мініп, түсуді үйрену; үш дөңгелекті велосипедке мініп, жолмен тебу; оңға, солға бұрыла білу; 10-15 минутқа дейін тебу, жарыса тебу.
3) Жүзуге дайындық. Таяз су қоймаларында, су бассейіндерінде тек жүзуге үйретушілер мен үлкендердің көмегімен шомылып ойнау, жүзудің бастапқы дағдыларын үйрету.
Төрт-бес жастағы балалардың дене тәрбиесінің бағдарламасы
Білім беру міндеттері:
Дене жаттығулары және қозғалыс ойындарымен айналысудың пайдасы туралы білімді дамыту және тереңдете қалыптастыру.
Балаларды негізгі қозғалыс түрлерін әр қилы әдістермен орындаудың тәсілдерімен таныстыру.
Қозғалыстағы және қимылсыз қалыптағы жағдайда кеңістікте өзін ұстай алу қасиеттерін дамыту.
Қимыл әрекеттерді дұрыс орындай алу қасиеттерін қалыптастыру.
Балалардың жаттығуларды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру.
Серуен кезінде ойындарды, жаттығуларды өз беттерімен ойнау (жасау) ережелерін дұрыс басшылыққа алып, тапқыр да епті болуға үйрету.
Сапта жүргенде арақашықтықты сақтауға және топ бастаушы болуға үйрету; ойын мен жаттығулар жасау кезінде ептілік пен төзімділікке бейімдеу.
Сауықтыру міндеттері:
Денсаулығын сақтау және нығайту;
Дене қалпын (осанка) дұрыс сақтау әдістерін қалыптастыру және бейімделу мүмкіндіктерін дамыту;
Лақтыру мен допты қағып алудың әртүрлі әдістерін үйрену;
Жүгіру, секіру техникаларын көрсету, үйрету, жетілдіру;
Шаңғымен сырғанауды үйретуді жалғастыру, велосипед тебудің әдістерін үйрету;
Негізгі қимылдарды жасағанда олардың жасалу сапасы мен дұрыс қалыптасуын қадағалау.
Тәрбиелік міндеттері:
Жинақы болуды, өзінің топтағы балалармен дұрыс достық қарыым-қатынасты ұстануды қалыптастыру.
Денесін әрқашанда дұрыс ұстауға дағдыландыру, сабақ кезінде сергек жүруге үйрету.
Әртүрлі жаттығулар мен ойындарда белсенділікке, бір-біріне сыйласымдылықпен қарауға тәрбиелеу.
Қимыл-қозғалыс жаттығулары
Жүріс жаттығулары
Аяқтың ұшымен және өкшесімен жүру, әртүрлі бағытта жүру, қысқа және кең адымдап жүру. Бірінің артынан бірі жай жүру, тәрбиешінің белгісі бойынша бастаушы баланың орнын ауыстырып жүру, кері бұрылып жүру; екі қолды жоғары (екі жанға) созып, жоғары (төмен) сермеп, алға-артқа айналдырып жүру, табанның ішкі (сыртқы) жақтарымен жүруді жай жүрумен алмастырып отыру.
Жүгіріс жаттығулары
Жай, тез, тізені жоғары көтеріп жүгіру, екідін жүгіру;
Әр түрлі бағытта бұлтарып жүгіру, бір қатарда қойылған 5-6 доптың (кеглидің, кубтың) арасымен жүгіру;
Бірінің артынан бірі сапта жүгіру, ені 20см болатын қос сызықтың үстімен жүгіру, ара қашықтығы 10м болатын аралықты 3 рет айнала жүгіру;
100-120 метр қашықтыққа жәй жүгіру;
20-30 метр қашықтыққа жарыса жүгіру;
Тоқтамастан 1-1,5 минут бойы жәй жүгіру;
Тез және баяу жылдамдықты ауыстыра жүгіру (адымдар неғұрлым жиі, қолдың қимылдары неғұрлым белсенді);
Бағытты өзгертіп жүгіру, әр түрлі кедергілерді айналып жүгіру (кедергілерге тимей);
Секіріп жасалатын жаттығулар
Бір орында тұрып, екі қолды ілгері-кейін сермей келіп алға (кері бұрыла, оңға, солға) секіру;
3-4 метр жерден жүгіріп келіп ілулі тұрған допқа (шарға, лентаға) секіріп қолын тигізу;
Екі аяқпен кезек-кезек барынша көбірек секіру бір орында;
Бір орнынан 50-60см жерге секіру;
Ара қашықтығы 60-70см болатын 5-6 сызықтан екі аяқты кезек тастап аттап өту;
20-30см биіктіктен жұмсақ жерге секіріп түсу;
Арақашықтығы 40-50см, биіктігі 5-10см бірнеше таяқшадан (жіптен) екі аяқпен секіріп өту;
Жүреден отырып жоғары секіру;
Секеңдеп, екі аяқтың ұшымен алға секіру.
Лақтыру және қағып алуға арналған жаттығулар
Допты сәл жоғары лақтырып, қайта қағып алу. Допты бір-біріне әр түрлі әдістермен лақтыру (жоғарыдан, астынан, бастан асыра) және оны қағып алу;
Тар өткелмен допты домалату (өткелдің кеңдігі таяқшалармен жасалған). Домалап келе жатқан допты ұстап алу үшін допқа қарама-қарсы қимыл жасау керек.
Теннис добын қашықтыққа және нысанаға жұмысшы қолымен лақтыру;
Допты, шарды бір қолмен 2-2,5метр жерде тұрған бағанға (кеглиге) лақтырып (домалатып) тигізу;
Тік тұрып, екі аяқты алшақ қойып, тізерлеп тұрып, малдас құрып отырып жоғары, төменнен (желке тұсынан бастан асыра) лақтырған допты (1-2метр жерден) қағып алу;
Бір-біріне қарама-қарсы тұрып допты лақтыру және қағып алу;
Допты жерге қатарынан 10 рет соғып шоршыту, допты екі қолмен алма-кезек жерге соғып ыршыту;
2-3 метр жердегі нысанаға екі қолымен допты дәл түсіру;
2-2,5 метр биіктіктегі нысанаға допты екі қолмен кезектеп лақтырып тигізу;
150-200г қалташаны (теннис добын) оң (сол) қолмен алысқа лақтыру, көрсеткіштерін анықтау;
1кг тығыздалған допты (мақта салынған қапшықшаны) аяқты алшақ қойып тұрып (отырып, тізерлеп) екі қолмен төменнен (бастан асыра) лақтыру.
Өрмелеуге арналған жаттығулар
Көтерілу және түсу кездерінде баспалдақтарды жібермей, қолдарды дұрыс ұстай және аяқтарды дұрыс басу арқылы гимнастикалық қабырғамен өрмелеу;
Гимнастикалық қабырғамен жоғары және төмен қадамдап басып өрмелеу;
Әр түрлі заттардың астынан өрмелеп өту;
Гимнастикалық орындықтың және бөрененің үстімен екі жақ қырынан ұстап еңбектеу (үлкен саусақ үстінде қалғандары жанында);
Төрт тағандап 3-10м жерге дейін жарысу;
Еңбектеп келіп, биіктігі 40-50см кедергінің астынан өту;
Жүріп келе жатып, кедергінің астынан еңкейіп өту;
Гимнастикалық орындық үстіне етпетінен жатып, алға қарай екі қолмен тартылып жылжу, бөрененің үстімен төрт тағандап жүру;
Гимнастикалық қабырғамен жоғары-төмен, оңға-солға, қиғаштай өрмелеу, онымен бойы жететін жерінен қолын жоғары соза ұстап, аяғын жерге тигізбей жүру.
Тепе-теңдікті ұстау кезіндегі жаттығулар
Гимнастикалық орындықтың және бөрененің үстімен тепе-теңдікті ұстап жүру (барлық жаттығулар мұғалімнің қатысуымен жасалынады);
Алдыға созылған қолдарына теннис добын ұстап, жіптің үстімен қадамдап жүру;
Жерге тура (ирелендетіліп, шеңбер жасап) тастаған арқанның үстімен аяқтың табанымен тура басып жүру. Ауданы 12см*18см және 400гр құм салынған қалташаны төбеге қойып, орындықтың үстімен, арқанды аттап жүру;
Екі бала орындықтың (тақтайдың, бөрененің) екі жағынан қарсы келіп, ортасында бірін-бірі өткізіп жіберу, көзді жұмып оң, сол жаққа кезек айналу;
Табанның екінші аяғының жіліншігіне тіреп, екі қолды екі жаққа созып (белге ұстап) тұру;
Жалпы дамыту жаттығулары
Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: қолды жоғары көтеріп (екі жаққа созып), артқа серпу, екі қолды алма кезек жоғары-төмен серпу, қолды иыққа қойып, алға-артқа айналдыру, басты оңға-солға ию, қолдың ұшын аяққа тигізу, жоғары созылып қолды көтеріп қайтып орнына келу.
Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: денені оңға (солға) бұру, тізені көтеріп, иекке тигізу; еңкейіп, қолды аяқтың ұшына, жерге, өкшеге тигізу; тізерлеп тұрып, бір аяғын алға (жанына) созып, соған қарай еңкею, екі қолын жоғары көтере артқа созылып шалқаю; малдас құрып отырып қолымен тіреп тұру және отыру; екі қолын жоғары соза шалқайып жатып, оңға (солға) аунау; етпетінен жатып, аяқ-қолын соза жоғары көтеру; шалқасынан жатып, қолдың көмегінсіз отыруды қайталау.
Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: денені тік ұстап, екі қолын алға соза тізесін бүгіп отырып, тұру; қолды жоғары (желкеде) ұстап, аяқтың ұшымен және өкшесімен тұру; отырып аяқтың ұшын буыннан айналдыру, башпайларын қимылдату; бір аяғын алға созып, қолды тізесіне тіреп төмен-жоғары серпілу; жүресінен отырып жүру; допты екі аяқтың тізесіне қысып ұстап жүру.
Бұл жаттығулар үшін 500г тығыздалған доп, таяқшалар, секіртпе, арқан, кубтар және тағы басқа құралдар пайдаланылады.
Заттар мен затсыз орындалатын жаттығулар кезінде бастапқы қалыпты ұстау аса қажет: тұрыс – аяқтар бірге немесе сәл алшақтау; қол – белде, арқада, желкеде, жанында, жоғары көтеріп; жүреден отырған кезде аяқтың ұшына, кеудені тік ұстап, жатқан кезде аяқтар бірге, қол созулы;
Бір бағыттағы және әр түрлі бағыттағы қимылдарды аяқпен, қолмен баяу (жылдам) орындау; Тығыздалған допты көтеру, түсіру және домалатуды алдымен көрсету.
Би қимылдары.
Би қимылдарының түрін және бағытын өзгерте отырып орындау.
Өлец айтып жүріп, аяққа (қолга, денеге) арналған би қимылдарын жасау;
Шеңбер жасап тұрып, ортаға бірнеше баланы, шығарып, қазақ және басқа да ұлт билерін билету;
Жастарға лайықты музыка ырғақтары бойынша билеп үйрену.
Саптық жаттығулар
Бір қатарға екеуден төрттен) тұрып, сап түзеп жүру;
3-4 топқа бөліпіп, жеке-жеке шеңбер жасау;
Көрсетілген (айтылғал) жаққа барлығыы бірдей бұрылу;
Өз беттерімсн сапқа тұру түрлерін білу.
Колонкаға (лекке) шеңберленіп бір-бірден және екіден тұру.
Оңға, солға және артқа бұрылу, орнында тұрып қадамдап.
Қозғалыс ойындары
Жүгіріп ойнайтын ойындар: «Төрт ысқырық», «Жеткізбе», «Қуғыншы», «Қоян қашты». «Қасқыр қақпан», «Ине, жіп, түйіншек», «Теңізші», «Аю түрткен», «Стадион», «Түрлі түсті автомобильдер», «Самолеттар», «торғайлар мен мысық», «Өзіңе жұп тап», «Үйсіз қоян», «Құлыншақтар», «Жалауға кім бұрын жетеді?», «Кешігіп қалма!», «Сабалақ ит»
Секіріп ойнайтын ойындар: «Шаршы», «Үш белгі», «Секір-секір», «Жырадағы қасқыр», «Тасбақа ұясы». «Қояндар мен қасқыр», «Түлкі тауыққорада», «Торғайлар мен мысық», «Жалғыз аяқ жолмен-жалғыз аяқтап»
Еңбектеп және ормелеп ойнайтын ойындар; "Құстар қайтты", «Мысықтар мен күшіктер», «Қоймадағы тышқандар», «Күрік пен балапандар», «Қойшы мен қойлар», «Құстардың ұшуы»;
Лақтырып және ұстап ойнайтын ойындар: «Нысананы дәл көзде», «Жер, су, ауа», «Аңшы мен қаздар», «Ыстық доп», «Қарсы доп», «Лақтырда — қағып ал», «Заттарды ұрып құлат», «Мяч через сетку», «Шұңқырлар», «Кегли», «Заттарды кім алысқа лақтырады?»;
Кеңістікті бағдарлауға үйрететін ойындар: «Тас кімде?», «Апыр-топыр», «Қайрағаш», «Тартыс», «Бояулар», «Ақ сандық, көк сандық», «футбол», «Хоккей», «Қайда тығылғанын тап», «Тауып алда үндеме», «Жасырынбақ», «Өз орныңды тап».
Спорттық жаттығулар
Сырғанау 1. Аяқпен сырғанау: арнаулы төбешіктен бірден, екіден, жүрелерінен отырып сырғанау; фанера мен кішкентай тақтайларға, спорт құралдарына отырып сырғанау; денені қалыпты жағдайда ұстай отырып, мұзды жолда өз бетімен екпіндеп келіп сырғанау.
2. Шанамен сырғанау: шананың артынан итере жүгіріп келіп, үстіне жата қалып сырғанау; төбешіктен төмен сырғанағанда оңға (солға) бүруға үйреңу; 30-60 м жерге дейін шананы артынан итере журіп жарысу; шананы жібінен сүйреу, шанаға ойыншықтарды отырғызып сүйрету; шанамен үлкендермен бірге сырғанау; төбешіктен төмен сырғанау; шананы сүйретіп төбешіктің үстіне көтерілу.
3. Шаңғымен сырғанау: Балаларды шаңғымен таныстыру; Шаңғыны аяққа тағуды үйрету; Тепе-теңдікті сақтап шаңғыда тұруды үйрету. Оң және сол жаққа қарай қадамдап жүру. Шаңғымен еркін қадамдап жүру; Алдына ала салынған шаңғы жолдарымен сырғанай басып жүру, осы кезде қолмен еркін сермеу қимылдарын жасау; таяқсыз сырғанау; төбешіктен сырғанап түсіп, қайта шығу; таяқтың көмегімен шаңгының басын қозғап оңға (солға, кері) бұру; шаңғы жолымен бірінің артынан бірі жүру және сырғанау; шаңғымен 200-500 м қашықтыққа дейін тоқтамастан жарысу, ойындар: «Сақ бол», «Жықпай өт».
Спорттық жаттығулар
1. Велосипед тебу: Үлкендердің көмегімен велосипедке мініп қайта түсуді үйрету; Педальдарды теңдей айналдыру; Түзу жолмен оңға және солға бұрылып тебу; Үш доңғалақты велосипедпеп тік жүріп және шеңбер жасап тебу; екіден қатар тұрып, 60-100 м жерге жарысу; қатар қойылған заттардың арасынан өту.
Жүзу. Судың ішіне отырып, тұру; судың ішінде жүгіріп ойнау; су ішінде бір орнында тұрып және алға қарай қозғалып аяқтармен қимыл жасау; суға кеудеге дейін, тамаққа дейін және басын батырып отыру; тұтқадан ұстанып суда отырып тұру; тұтқадан ұстанып денені горизонталды қалыпта ұстауды үйрету; еркін әдіспен жүзу. Жүзуге дайындықты суда жүзу әдіскерлері мн жаттықтырушылармен бірге жүзу керек.
Судағы ойындар мен көңіл көтерулер
«Невод», «Крокодил», «Раки», «Жаңбыр», «Поплавок».
Ересектер тобы
Бес-алты жастағы балалардың дене тәрбиесінің
Бағдарламасы
Сауықтыру міндеттері
1. Дененің дұрыс қалыптасуын және барлық бұлшық топтарының дамуын қамтамасыз ету.
2. Қоршаған ортаның колайсыз факторларына организмнің қарсы тұра алу қасиеттерін дамыту.
3. Бүлдіршіндерге өздеріне жақсы таныс шынығу түрлерін бала бақшада және үйде өз бетінше жасауға баулу.
4. Ағза жүйелерінің атқаратын қызметтерін жетілдіру.
5. Күрделі қимыл жасауға жаттықтыру; жаттығу жасау кезінде қимылдарды дұрыс орындалуына кеніл бөліп, жинақылыққа, мұқияттылыққа үйрету; жүру, жүгіру және секіру техникаларын жетілдіру; неғұрлым алысқа лақтыруға, гимнастикалық қабырғамен шебер-өрмелеуге жаттықтыру; шаңғы, велосипед тебу әдістерін жетілдіру;
Білім беру міндеттері
1. Өз дене бітіміне деген козқарасты қалыптастыру, өз денсаулығын сақтауың қажетгілігін сезіну.
2. Спорттық жатгығулардың және спорттық ойыпдардың элементтерінің көмегімен қимыл-әрекеттер қорын байыту.
3. Пегізгі қимыл түрлері элементтерінің тәсілдерін меңгеру.
4. Дене және спорттық жаттығулардың көпжақтылығы туралы бүлдіршіндердің білімдерін кеңейту.
5. Жаңа спорт ойындарымен таныстырып, оларды барынша қарапайым үлгіде ойнатуға эдеттендіру; ептілікті, төзімділікті арттыру; таңертеңгі гимнастиканы тұрақты жасап, оңдағы жаттығулар ережесін есте сақтау; бұлшық еттерді жетілдіріп, әсем қимылдар жасауды, дұрыс дем алуды меңгеру.
Тәрбиелік міндеттері
1. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлеріне бүлдіршіндердің қызығушылығын арттыру (оқулық, ойындық, еңбектік және т.б.).
2. Бүлдіршіндердің іс-әрекеттерінің дербестілігін кетеру.
3. Бүлдіршіндердің көздеген мақсаттарына жетуге деген ұстамдылығын және табандылығын дамыту, қимылдарды сапалы орындауға талпыну.
4. Қимыл-әрекеттерді бірігіп орындау кезінде өзқұрбы-құрдастарымен мейірімді қарым-қатынаста боуын тәрбиелеу.
Дене дайындығы жаттығулары
Жүріс үстіндегі жаттығулар
1. Еркін жүріс, дене қалпын дұрыс ұстап, қолдармен әр түрлі жаттығуларды жасау.
2. Жүрістің әр түрлі тәсілдері: тізені биік көтеріп, аяқтар бүгулі жартылай отырып, тізені бүкпей тік аяқтармен; өкшеден аяқтың ұшына қарай басып, әр түрлі жылдамдықпен жүру.
3. Тапсырманы орындай отырып, кең адымдап жүру (допты кетеріп, қолды екі жаққа созып т.б.).
4. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей жүру; екі колын шапалақтап (белге қойып, артқа ұстап) жүру;
5. Аяқтың ұшымен және өкшемен жүру; бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап жүру;
6. 3-5 м жерге дейін көзін жұмып жүру;
7.Теріс қарап жүру.
Жүгіріс үстіндегі жаттығулар
1. Баяу, орта және жылдам жүгірістермен тапсырмаларды орындай отырып жүгіру.
2. Кедергілерден өтіп жүгіру. Түзу аяқтарды алдыға қарай лақтырып жүгіру.
3. Өкшені артқа қарай лақтырып жүгіру.
4 . Аз дегенде 2 минут орта жылдамдықпен жүгіру.
5. Оң (сол) жанымен және теріс қарап жүру;
6. Екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру;
7. 3 х 10 м қашықтықты айнала жүгіру; 100 м қашықтықтың 50 м-ін тез жүріп, келесі 50 м-ін жүгіріп өту; 150-200 м жерді жүгіріп өту; кедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру; 10-30 м қашықтыққа жарыса жүгіру (10 м -2,6-2,8 сек; 20 м - 5,5-5,0 сек; 30 м -8,5-7,5 сек.)
Секіріп жасалатын жаттығулар
1. Әр түрлі әдістермен орнында тұрып секіру: аяқты қайшылап, аяқты бір-біріне жақындатып-алшақтатып, оң және сол аяқтармен кезектесіп.
2. Бөренеден немесе орындықтан секіріп түсу (жұмсақ және орнықты қону).
3. Ұзындыққа орнынан және екпіндеп келіп секіру.
4. Батутта және скакалкамен секіру.
5. Екі аяқты бірге ұстап, оң (сол) жақтармен 4-5 м жерге секіру; бір аяғын қолымен ұстап, екіншісімен секіру; екі аяғымен кезек аттап 5-6 м жерге секіру; биіктігі 20 см заттың үстіне қос аяқтап бірнеше рет секіріп шығу; ені 10 см, биіктігі 15-20 см болатын қатар жатқан 5-6 параллоннан оң (сол) жағымен біртіндеп секіріп өту; жүгіріп келіп, 30-40 см биіктікке секіріп өту; жүгіріп келіп, 1 м ұзындыққа секіру; жүресінен отырып, жоғары секіруді 10-12 рет қайталау; бір орында тұрып, қос аяқтап 80 см қашықтыққа секіру.
Лақтырудағы, қағып алудағы, қағып қайтарудағы және итерудегі жасалатын жаттығулар
1. Допты жоғары лактырып немесе жерге (еденге) соғып, қағып алу. Тығыздалған допты лақтырып, қағып алу (салмағы 0,5-1 кг).
2. Допты біріне бірі лақтырып беру: алдымен, артымен, басынан асырып, денені оңға және солға бұрып қырымен беру. Жұптасып және шеңбермен тұрып допты біріне бірі лақтырып беру, қағып алу. Допты жоғары лақтырып, қағып алу (кем дегенде қатарынан 10 рет). Допты жерден (еденнен) секіргеннен кейін қағып алу.
3. Допты жерге (еденге) соғып, алдыға карай алып жүру.
4. Теннис добын қашықтыққа және нысанаға лақтыру (қашықтық 3-5 м).
5. Жоғары лақтырылған допты бір қолымен 4-6 рет, екі қолымен 10-15 рет қағып алу;
6. Жүріп келе жатып допты екі қолымен жерге өз кезск соғып ыршыту;
7. Допты бір қолымен жерге соғып ыршытуды өз орнында бір айналып келіп қайталау;
8. Екі-екі баладан жерге соғып келе жатқан допты ұстап алып, екі қолмен лақтырып, лақтырған допты қағып алып, жүрістерін қайта жалғастыру;
9. Екі аяқты алшақ қойып (тізерлеп тұрып, аяқты созып отырып) I кг тығыздалған допты (макта допты) екі қолмен желке тұстан бастан асыра лақтыру;
10. Теннис добын, 200 г қалташаны оң (сол) қолымен алысқа лақтырып , көрсеткішін анықтау.
Еңбектеудегі және өрмелеудегі жасалатын жаттығулар
1.Бөренеде немесе гимнастикалық орындықта жатып, қолдардың көмегімен денені алдыға карай сүйреу.
2. Гимнастикалық қабырғаның басына дейін өрмелеу, келесі қабырғаға өтіп, төмен қиғаштап түсу.
3. Арқанға және сырыққа ермелеу.
4. Гимнастикалық орындықтың үстіне тізерлеп тұрып, екі қолымен ұстап тартылу құрсауды қырынан жерге тигізе ұстап тұрып, басын иіп астынан өтіп шығу;
5. Гимнастикалық қабырғаға сүйеп қойған бөренемен (тақтаймен, баспалдақпен) еңбектеп барып, қабырғамен өрмелеу;
6. Салбырата ілінген (арканнан жасалған) басқышпен өрмелеу, салбырата ілінген арқаннан ұстап, аяқтын кемегімен тартылу және арқанды бойлай сырғып түсу;
7. Екі қолмен гимнастикалық қабырғадан ұстап, екі аяқты кезек-кезек алға көтеру және қолымен бірнеше рет жоғары тартылу.
Тепе-теңдікке жасалатын жаттығулар
1. Жіңішке заттардың үстімен жүгіру (тақтаймен, бөренемен). Бөрененің үстінде тұру, тепе-теңдікті сақтау.
2. Бұрылудан, отырып тұрудан және бүгіліп жазылудан кейін дененің тұрақты қалпын сақтау.
3. Гимнастикалық орындықтың үстімен I кг допты домалатып жүру;
4. Орындықтың үстінде тұрып, колындағы добын лақтыру (өзіне лактырылған допты қағып алу);
5. I кг тыгыздалған допты төбеге (желкеге) қойып, орнында бір айналып, жүріп кету;
6. Қолды жоғары созып, өкшені біріктіре көтеріп ұзақ жүру;
7. Мақта доптың үстіне бір аяқпен тұрып, екінші аяғын алға (жанға, артқа) көтеріп (тізесін бүгіп) ұзақ тұру;
8. Жалғыз (екіден қол ұстасып) тұрып, әр түрлі қимылдар жасап айналу;
9. Көзін жұмып, бір аяқпен ұзақ тұру.
Жалпы дамыту жаттығулары
1. Жекеленген дене мүшелерін бүгіп, жазу. Жақсы үйлесімге келтіре отырып, бұрылу және иілу қимылдарын жасау.
2. Күш қасиеттерін талап ететін күрделі қимылдарды жасау: қолдардың көмегінсіз тұрып отыру; арқада жатып екі аяқты жоғары кетеру; еденде жатып арқадан кеудеге аунап түсу.
3.Жалпы дамыту жаттығуларын заттармен орындау: таяқшалармен, доңғалақпен, гантельдермен, тығыздалған доптармен және т.б.
4. Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: қолды жоғары (алға, төмен) созу: екі қолды артқа ұстап, жоғары көтеру; қолдың басын айналдыру және әрқандай бағытта қозғау; екі қолды желкеге айқастырып ұстап, кеудені оңға (солға) бұру және еңкею; әр саусақтың ұшын басбармаққа тез-тез тигізу; бойы жеткен жерден (гимнастикалық қабырғадан) екі қолымен ұстап, екі тізені бүгіп, жоғары көтеру; екі аяқты бірдей (кезек-кезек) алға соза котеру.
5. Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Екі-екіден қолдарын жоғары көтеріп, бір аяқтарын бір қадам алға қойып шалқаю; қолтықтасып тұрып, оңға (солға) иілу; бір-біріне қарама-қарсы тұрып, қолдарын бір-бірінің иығына қойып, алға бірнеше рет еңкею; шалқадан жатып, қолдын көмегінсіз тұрып, отыру; шалқадан жатып, екі аяғын тік көтеріп, оң (сол) жағына қойып, қайта көтеру және қайшылап сермеу; малдас құрып отырып, кеудесін бұрып артқа қарау және екі қолды алға созып еңкею; тізерлеп тұрып, шалқаю; екі қолын тірей жүресінен отырып, бір қолын жерге тіреп, бір аяғын жанына қарай созып ұстау.
6. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: гимнастикалық қабырғадан үстап тұрып, екі аяғын кезек-кезек алға және артқа сермеу; оң тізесін сол шынтағына, сол тізесін оң шынтағына тигізу; екі аяғының ұшымен кезек-кезек тұру; қолды жоғары (екі жанға) көтеріп, бір аяқты бір қадам алға қойып, сол тізесіне отырып, тұру; құрсауды аякпен айналдыру; бір қолымен гимнастикалық қабырғадан (бағанадан) ұстап тұрып, бір аяғын ілгері-кейін қатты сермеу. Екі қолымен гимнастикалық қабырғадан ұстап тұрып, екі аяқтың үшымен және өкшесімсн кезек-кезек тұру; бір аяқты гимнастикалық қабырғаға қойып тұрып, екі қолдың көмегімсн еңкею; аяқтарының орнын ауыстыру.
Саптық жаттығулар
1. Колонкаға, шеренгаға және дөңгелене бір-бірден тұру.
2. Жұптасып тұру, екі және үш колоннаға қайта тұру; Бірнеше колонкадан кайта жұптасып тұру.
3. Бұрылулар: оңга, солға, артқа, қадамдап және секіріп.
4. Қатарда кадамдап, екі жаққа және ортаға ығысу.
5. Бір қатардаң (бірінің артынан бірі) тұрып сап түзеу;
6. Бірден жүріп келе жатып, екі, үш, төрт қатар жасау;
7. Бір қатардан жарты шеңбер жасап тұру;
8. Бір орында тұрып, оңға (солға, артқа) бұрылу; бірнеше қатар болып тұрып, колдарын екі жаққа соза кең тұруға машықталу.
Ритмикалық (би қимылдары) қимылдар
1. Музыканың нақты мінезіне қарай қимылдау, кейіпкерлерді келтіру, имитациялық қимылдар. Ырғактың нақты мінезін сезілу.
2. Музыканың сүйемелдеуімен қимылдардың әр түрлі нұсқаларын орындау. Балаларға өздеріне жақсы таныс спорттық қимылдарын және би қимылдарын музыканың сүйемелдеуімен орындауды ұсыну.
3. Қазақ билерінің қолға аяққа арналған қимылдарын алдымен жеке, кейіннен ұштастыра жасап жаттығу;
4. Ұлдарға қыздарды биге шақыруды уйрету;
5. Баладарға арналған өлеңдердің, қазіргі кездегі жаңа би өлендерінің ырғағымен билеу.
Қозғалыс ойындары
Жүгірумен: «Біз – көңілді балалармыз», «Жұптасып жүгіру», «Аққу-қаздар», «Шортан мен шабақтар», «Қу түлкі», «Бос орын», «Тез алып, тез қой», «Кімнің тобы тез жиналады?», «Екі аяз», «Күн мен түн», «Тұтылма, құтыл», «Алмақ-салмақ», «Ботақан», «Қайрақ қайра», «Жалауша алып қашқан», «Өскелең», «Шортандар мен шабақтар», «Әткеншек», «Аққу қаздар», «Қайшы жүгіріс», «Ұштасқан ұстаушы».
Секірумен: «Кім жақсы секіреді», «Қармақ», «Төмпешікке секіру», «Бақа мен балапандар», «Апандағы қасқыр», «Классиктер», «Шегіркелер», «Ұсталып қалма», «Секіре түс», «Алмасу», «Он таяқша», «Секірткішпен секіру», «Жерден биік», «Томар-томар».
Еңбектеумен және өрмелеумен: «Өрт сөндіргіштер», «Аю», «Аю мен аралар», «Құстардың ұшуы», «Маймылдарды ұстау».
Серпуме, лақтырумен және қағып алумен: «Аңшылар мен аңдар», « Ұшқыш тарелкалар», «Капиталға қарай жүгір», «Допты ойын», «Тура шап», «Соқпа доп», «Он жыттығу», «Доп мектебі», «Доп жетелеу».
Эстафеталар «Көңілді жарыстар», «Жұптасқан эстафета», «Диханшылар», «Пирамиданы кім бұрын тұрғызады?», «Көген тартыс», «Сыңар аяқ», «Таяқша», «Жалауша».
Көңіл көтерулер: «Байлаулы аяқтармен жүгіру», «Әтештер төбелесі», «Арқан тартысу».
Спорттық элементтері бар ойындар
Қалашықтар. 3-4 мүсінді білу, қалашықтарды соққышпен ийықтан және жанынан соға білу.
Баскетбол. Допты біріне бірі кеудеден екі қолмен беру, допты біріне бірі қозғалыста еденге соғып беру; Допты оң және сол қолмен, тік және кедергілердің арасымен алып жүру; Допты торқалтаға екі қолмен кеудеден және бастан асырып тастау; Допты екі қолмен кеуде тұстап бір-біріне тура лақтырып, қағып алу; допты жүріп және жүгірін келе жатып лақтырып, қағып алу; Долты екі қолымел жерге кезек-кезек соғып ыршыту; допты жүріп келе жатып жерге соғып ыршыту; Допты торқалтаға екі қолмен лақтырып түсіру; Өз беттерімен баскетбол ойнауға жаттығу.
Бадминтон. Валанды ракеткамен қайтару, тура бағытта қайтару; Тәрбиешімен жұптасып ойнау.
Футбол. Берілген бағытқа қарай допты оң және сол аяқпен домалату, допты заттардың арасымен алып жүру; Допты қақпаға теуіп кіргізу; Допты қабырғадан бірнеше рет теуіп қайтару; Бір-біріне допты екі аяқпен кезек-кезек соғу (тоқтату); Екі бала қатар тұрып, допты аяқпен тебе қуып жүгіру; Қақпашы болып, доп ұстау; Қақпашыға екі аяқпен кезек-кезек доп соғу; Ұлдар мен қыздар болып бөлініп, футболдың ең қарапайым ережелерін сақтап ойнау (міндетті түрде төреші сайланады).
Хоккей. Берілген бағытқа қарай шайбаны клюшкамен соғып сырғыту, шайбаны қақпаға соғып кіргізу; Шайбалы клюшкамен тоқтату, жұптасып біріне бірі беру; Хоккейдің таяғын дұрыс ұстауға үйрену; шайбаны (допты) үй қабырғасына таяқпен соғып, ыршыған допты тоқтатып, қайта соғуға жаттығу; қатар тұрған екі заттың ортасына, қақпаға соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, жеңілдетілген ережемен ойлап жаттығу.
Ақсүйек. Ойын ережесін дұрыс түсініп, ойын орнын анықтап сызып, ұлдар мел қыздар болып бөлініп, сүйектің орнына кішкентай резеңке добын пайдаланып ойнау.
Қазан доп. Бұл ойынға алдын-ала тұрақты орын белгіленеді. Тәрбиеші балаларды ойын ережесімен таныстырып, өзі бірнеше рет ойнатып керсетіп, жақсы игерген баланы ойын басчаушы етіп сайлайды.
Спорттық жаттығулар
1. Шанамен сырғанау. Жотадан екеулеп сырғанау, төменге сырғанау кезінде бұрылыстар орындау; Берілген тапсырманы орындай отырып жотадан сырғанап түсу: жатқан затты көтеру, қақпадан өту, шананы тежей алу; Шанаға 1-2 баладан отырғызып сүйреу: 3-4 шанадан "поезд" жасап сүйрету; шананы жарыса сүйреу; Төбешікпен еңіске қарай шананың артынан итсріп келіп, үстіне жата қалып сырғанау.
2. Аяқпен сырғанау. Төбешіктсн әр түрлі әдіспен сырғанап түсуге қоса су кұйып әзірленген мұздақ жолмен жүріп келіп (тік тұрып, жұресінен отыра қалып) сырғанау. Мұзды жолда екпіндеп келіп сырғанау, сырғанау кезінде отырып тұру.
3. Шаңғымен сырғанау. Таяқтың көмегімен жүру, жүгіру, сырғанау; бірін-бірі қуып жетіп, басып озуға жаттығу; төбеге көтерілгенде ІІІаңғының басын екі жаққа алшақ қойып, қолға көбірек күш салу; ылдиға қарай тізесін сәл бүгіп, таяқтарын екі жанына көлбей ұстап сырғанап түсу; Шаңғы жолдарымсн сырғаната жүру; Орнында және козғалыста бұрылу кимылдарын орындау; Баспалдақ және шырша әдісімен жотаға көтерілу; Жотадан сырғанап түсу (жұмсақ, негізгі және төменгі тұрыста); Орташа жылдамдықпен 1-2 км. қашықтықты жүріп өту.
Ойындар: "Сыңар шаңғы", "Адымдау", "Жарыс".
4. Велосипед тебу. Екі аяқты велосипедті тура жолмен, оңға және солға бұрылып, қақпадан өтіп, жылдамдықты тездетіп және баяулатып өз бетімен тебу; Тік жолмен, заттардың арасымен әр түрлі көріністер жасап тебу; 100-200 м жерге жарыса тебу; Артына тағы бір баланы тұргызып алып тебу.
5. Қазақша күрес. Арнаулы параллон матанын үстінде, көгалда күресудің қарапайым әдістерін үйретіп, өздері қолдана білуге жаттықтыру; тізерлеп тұрып және белдесіп күресу: белдесіп тұрып, шалуға жаттығу; ұлдарды екі-екіден шығарып, I минут күш сынастыру, күрестіру.
6. Самокат тебу. Бір аяқпен серпініп, оңға және солға бұрылулар орындау; Әр түрлі заттарды айналып өтіп, шеңбер бойымен тебу.
7. Жүзу. Таяз жерде екі қолмен тірене отырып және жатып, аяқтармен өрге-төмен қимылдар жасау; Судың ішінде қолдармен әр түрлі қимылдар жасау; Судың бетімен кеудеде және арқада жатып сырғанау, алдына ала демді терең алып сонан соң демді судың ішіне шығару; Еркін әдіспсн жүзу; Суға етпетінен жатып, қолда, жерге тірей жүріп. аяқпен әр түрлі қимылдар жасау.
8. Судағы ойындар мен көңіл көтерулер: «Ескекті қайық», «Сумен жүгіру», «Көңілді бұрқақтар», «Карусель», «Көк құтан».
Алты-жеті жастағы балалардың дене
тәрбиесінің бағдарламасы
Сауықтыру міндеттері
1. Ағзаның жаттықандығын және оның әр түрлі қолайсыз факторлардың әсер етуіне тұрақтылығын арттыру.
2. Статикалық қалыпты сақтай білуді және омыртқа сүйегінің дұрыс қалпын ұстау қасиеттерін дамыту.
3. Ұсақ бұлшықтарын және қолдың нәзік қимылдарын жаттықтыру.
4. Бүлдіршіндердің қимылға деген сұраныстарын қанағаттандыру.
5. Ақыл ойының және дене жұмыскерлігінің дамуын арттыру.
Білім беру міндеттері
1. Спорттық мінездегі дене жаттығулардың алуан түрлілігі туралы бүлдіршіндердің білімдерін кеңейту.
2. Бүлдіршіндердің өз бетінше тіршілігімде дене жаттығулары мен ойындардың алуан түрлерін ойлап табуға итермелеу.
3.Музыка әуенінің мазмұнына байланысты қимыл мінездемесін өзгерте алуға үйрету. Қимылдардың нақты орындалуына қол жеткізу.
4. Әр қилы жағдайларда қимыл шеберлігі мен іскерлігін қолына алу: орманда, саябақта, серуендеулерде, үйден алыс шыққанда т.б.
5. Дене касиеттерін бағытты түрдс дамыту: жылдамдылық, күштілік, иілгіштік, ептілік жэне тозімділіх.
6. Әр түрлі өмірлік жағдайларда ез күшін, мүмкіндігін және шама-шарқымен ескере отырып, қимыл-әрекеттерді орындау тәсілдерін таңдап алуға үйрету.
7. Өз қимылдарын бақылауға, талдай алуға және оның орындалу саласына баға бере алуға тәрбиелеу.
8.Тепе-теңдікті сақтай алуға, кеңістікті сезіне алуға, жылдамдық реакциясын дамытуға күші мен иілгіштік қасиеттерін жетілдіруге бар күшті салу.
Тәрбиелік міндеттері
1. Бүлдіршіндердің дене тәрбиесімен айналысуға деген тұрақты сұранысын калыптастыру.
2. Әр түрлі ережелер мен тапсырмаларды орындауда жауапкершілікті болуды тәрбиелеу.
3. Бүлдіршіндердің әр түрлі мінездегі ойындар мен жаттығуларды өз беттерімен ұйымдастырып, оларды орындай алу қасиеттерін дамыту.
4. Жақсы көңіл-күйдің дамуына көмектесу, өз құрбы құрдастарымен жақсы карым-қатынаста бола білу, оларға қол ұшын беріп түсінісе алу.
Дене жаттығулары
Жүріс үстіндегі жаттығулар
1. Алдыға қарай кең қадамдап жүру, аяқты қайшылап жүру, қадамдап артқа қарай журу.
2. Әр түрлі жылдамдықта кәдімгі гимнастикалық жүріспен журу.
Жүгіріс үстіндегі жаттығулар
1. Бір және екі колоннамен жүгіру: арқамен алдыға қарай, тепе-теңдікті сақтап.
2. Әр түрлі кедергілерден өтіп жүгіру. 10-20 метрге жылдам жүгіру.
3. Әр түрлі жылдамдықтармен жүгіру: баяу, орта жылдамдықпен, жылдам.
4. 2-3 минут үздіксіз жүгіріс.
5. Төмпешікке жүгіріп шығып жүгіріп түсу, құлап жатқан ағаштың үстімен жүгіріп өту, кедергілердің үстімен аттап және секіріп жүгіру, әр-түрлі бастапқы қалыптан жүгіру.
Секіріп жасалатын жаттығулар
1. Әр түрлі әдістермен секіру: аяқтарды қайшылап ашып; бір аяқты алдыға, екінші аяқты артқа; екі аяқпен кезектесіп.
2. Екі және бір аяқпен 30-40 рет секіруден қайталау.
3. Әр түрлі заттардың үстіне орнынан және екпіндеп келіп секіріп шығу. Әр түрлі заттардың үстімен секіріп түсу (биіктік 50 смантиметр).
4. Батутта секіру.
5.Ырғақты және жеңілділікті сақтай отырып, ұзын және қысқаі скакалкалармсн секіру.
Лақтырудағы, қағып алудағы, қағып қайтарудағы және итерудегі жасалатын жаттығулар
1. Әр түрлі әдістермен мысанаға және қашықтыққа лақтыру, қағып алу: төменен, кеудеден, жоғарыдан және т.б.
2. Допты оң және сол қолмен, әр түрлі жылдамдықпен 20 метрге дейінгі қашықтыққа алып жүру.
3. Баланың басынан биік тартылған жіптің үстінегі допты асырып лақтыру.
4. Допты, карды, тастарды нысанаға және қашықтыққа тез қаркында лақтыру.
Еңбектеудегі және өрмелеудегі жасалатын жаттығулар
1. Әр түрлі әдістермен заттардың астымен еңбектеп немесе жатып өту. Гимнастикалық қабырғамен өрге-төмен және қиғашыман ормелеу. Гимнастикалық орындықтың үстімен арқада жатып, қолдармен тартылып, аяқтармен итеріліп қозғалу.
2. Арқанға, сырыққа және жіп баспалдақка өрмелеу.
Тепе-тецдікке жасалатын жаттығулар
1. Статикалық жағдайда тепе-теңдікті сақтап тұру: бір сызықтың үстінде бір және екі аякпен, бір аяқтың ұшымен екінші аяқтың өкшесімен, , ашық және жабық көзбен.
2. Үлкен доптың үстінде тепе-теңдікті сақтап тұру.
Жалпы дамыту жаттығулары
1.Әр түрлі бұлшық топтарын дамытуға арналған жаттығуларды орындау: мойын, кол және иық буындары, аяқ, бел.
2. Тығыздалған допты лақтырып, кайта қағып алу (доптың салмағы 0,5-1 кт).
3. Жұптасып жаттығулар жасау (қарсыластықпен).
Ритмикалық (би қимылдары) қимылдар
1. Еркін қимылдарды олардың, музыканың мінездемесімен үйлесімділігін және орындалу нақтылығын келтіре отырып орындау.
2. Жұмсақ, жеңіл және мерекелік мәнерде жүріс қимылдарын орындау.
3. Жартылай отырып, аяқты нақты басып, полька қимылдарын қосып жүріс кимылдарын орындау.
4. Жұмсақ және нәзік кимылдар жасау
5. Заттармен жалпы дамыту жаттығуларын орындау: доңғалақтармен, гимнастикалық таяқтармен, әр түрлі үлкендіктегі доптармен, скакалкалармен және т.б.
6. Әр түрлі билерге қатысу.
Саптық жаттығулар
1. Колоннаға, шеренгаға және шеңберге бір-бірден, екіден тұру.
2. Жүріс үстінде бір колоннадан екі, үш, төрт колоннаға тұруды үйрену.
3. Қатарда тұрып, оңға және солға қадамдап, созылып, жиырылу.
Қозғалыс ойындары
1. Жугірумен: «Заттарды алмастыр», «Кімнің звеносы тез жиналады?», «Доңғалақты кім бірінші жалаушаға домалатып жеткізеді?», «Екі аяз», «Өз жұбыңды қуып жет», «Бояулар», «Соқыр теке», «Заттарды тез тасып бітір».
2. Секірумен: «Еденде калдырма», «Кім аз секіріс жасайды?», «Шеңберден шеңберге», «Сыныптар», «Чехарда», «Кім жақсы секіреді», «Қармақ», «Төмпешікке секіру», «Бақа мен балапандар», «Апандағы қасқыр», «Классиктер», «Шегірткелер», «Ұсталып қалма», «Секіре түс», «Алмасу» "Он таяқша", "Секірткішпен секіру", "Жерден биік", "Томар-томар";
3. Серпумен, лақтырумен және қағып алумен: «Аңшылар мен қояндар», «Кім ең мерген?», «Аңшылар мен аңдар», «Ұшқыш тарелкалар», «Капитанға қарай жүгір», «Допты ойын», «Тұра шап», «Соқпа доп», «Он жаттығу», «Доп жетелеу», «Кімнің аты аталса, сол допты ұстайды», «Орнында тоқта», «Доп мектебі», «Мяч водящему», «Кімнің командасы корзинаға допты көп түсірді?».
4. Еңбектеумен және өрмелеумен: «Өрт сөндіргіштер», «Аю», «Аю мен аралар», «Құстардың ұшуы», «Маймылдарды ұстау», «Жалауға кім бұрын жетеді?», «Өткел».
5. Ойын-эстафеталар: «Көңілді жарыстар», «Жұптасқан эстафета», «Диханшылар», «Пирамиданы кім бұрын тұрғызады?», «Көген тартыс», «Сыңар аяқ», «Таяяша», «Жалауша», «Доңғалақты домалат», «Заттарды кім бұрын алып келеді?».
6. Қөңіл көтерулер: «Байлаулы аяқтармен жүгіру», «Әтештер төбелесі», «Арқан тартысу».
Спорттық ойындар
1. Қалашықтар (асық). 4-5 мүсінді білу, оларды өз бетімен құра алу, қалашықтарды соққышпен иықтан және жанынан соға білу; Бір соққымен барынша кол мүсіндерді құлатуға тырысу; Әр түрлі қашықтықтардан соғуға машықтану.
2. Баскетбол. Допты біріне бірі беру: кеудеден екі қолмен, астынын екі қолмен, қозғалыста еденге соғып беру; Допты оң және сол қолмен, тік және кедергілердің арасымен алып журу; Допты торқалтаға екі қолмен кеудеден және бастан асырып тастау; Допты екі қолмен кеуде тұстан бір-біріне тұра лақтырып қағып допты жүріп және жүгіріп келе жатып лақтырып, қағып алу; Допты екі қолымен жерге кезек-кезек соғып ыршыту; допты жүріп келе жатып жерге соғып ыршыту; Допты торқалтаға екі қолмен лақтырып түсіру: өз беттерімен баскетбол ойнауға жаттығу. Ұшып келе жатқан допты қозғалыста қағып алу:
3. Футбол. Берілген бағытқа қарай допты оң және сол аяқпен домалату, допты заттардың арасымен алып жүру; Допты қақпаға теуіп кіргізу; Допты қабырғадан бірнеше рет теуіп қайтару; Бір-біріне допты екі аяқпсн кезек-кезек соғу (тоқтату); Екі бала қатар түрып, допты аяқпен тебе қуып жүгіру; Қақпашы болып, доп ұстау; Қақпашыға екі аяқпен кезек-кезек доп соғу; Ұлдар мсн қыздар болып бөлініп, футболдың ең қарапайым ережелерін сақтап ойнау (міндетті түрдс төреші сайланады). Алдына-ала койылған заттардың арасымен допты алып жүру, әр түрлі қашықтықтардан допты қақпаға соғып кіргізу.
4.Хоккей. Берілген бағытқа қарай шайбаны клюшкамен соғып сырғыту, шайбаны қақпаға соғып кіргізу; Шайбалы клюшкамен тоқтату, жұптасып біріне бірі беру; Хоккейдің таяғын дұрыс ұстауға үйрену; шайбаны (допты) үй қабырғасына таяқпен соғып, ыршыған допты тоқтатып, қайта соғуға жаттығу; қатар тұрған екі заттың ортасына, қақпаға соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, жеңілдетілген ережемен ойлап жаттығу.
5. Бадминтон. Ракетканы дұрыс ұстау, қарсыластың жағына торсыз және тордың үстінен валанды соғып қайтару; Валанды ракеткамен қайтару, тура бағыттап қайтару; Тәрбиешімен жұптасып ойнау. Валанды жіберіп алмай, алаңда еркін қозғала білу.
6. Стол теннисі. Ракетканы дұрыс ұстауды үйрену; Ракеткамен және доппен жасалатын дайындық жаттығулары: шарды бір қолмен лақтырып қайта қағып алу, еденнен немесе қабырғадан ыршыған шарды қолмен және ракеткамен кері соғып қайтару; Столдан секірген шарды тордың арғы жағына қарай асыру.