Бекітемін:
Мектеп директоры: А.Балданбаев
Коучинг сессия жоспары
Коучинг жүргізуші: Орынбаева Айымгуль Турсыновна
Коучинг тақырыбы: | Коучинг және тәлімгерлік
|
Жалпы мақсат: | Коучинг шығу тарихы, дағдылары,жүргізілу әрекеті мен тәлімгерлікті қалай байланыстыруды ұғындыру арқылы ойлауды дамыту, ойлау туралы ойлануға үйрету, өзіндік пікірлерді дәлелдеуге бағыттау |
Сілтеме: | 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, ресурстар, үлестірме материалдары |
Оқу нәтижесі | -Коучинг және тәлімгерлік туралы біледі -Сыни тұрғыдан ойлауға қалыптасады - Өз ойларын, пікірлерін ашық айтып, қорытынды жасауға үйренеді -Топтық жұмысқа дағдыланады
|
Негізгі идея | -Кез келген оқу материалындағы мазмұнды сынау емес сын тұрғысынан қарау арқылы ұтымды жауап іздеу, сол жауапты іздеуге жай ойлау емес шындалған ойлауға оқушылардың қолын жеткізу. |
Коучингте қолданылатын ресурстар: | Кеңсе заттары, флипчарт, интерактивті тақта, АКТ,бейнежазба, А-4 парақтары, стикер,маркер, слайдтар |
Оқыту әдістері: | 1.Сыни ойлау 2.Диалог 3Жеке жұмыс 4.Жұптық жұмыс 5.Топтық жұмыс 6.АКТ. 7. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Оқуға арналған тапсырма: | 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2. Қосымша дерек көздері |
Коучинг бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
№ | Уақыт | Коучтің іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс- әрекеті |
Мұғалімдерге психологиялық ахуал орнату | 1 минут | 1. Психологиялық дайындық 2. «Арайлы таң » тілек сөздер
| Мұғалімдер тілек сөздерді оқи отырып көңілдері көтеріледі. Жақсы орта қалыптастырады. |
Топтарға бөлу |
2 минут
| Шағын топқа түстер (қызыл, сары, жасыл) арқылы бөледі.
| Мұғалімдер өзіне ұнаған түсті таңдау арқылы топқа бөлінеді.
|
Топ ережесін құру | 2 минут | Топта жұмыс жасау үшін алдымен не маңызды? Топта жұмыс жасау үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіреді
| Топ ережесін құра отырып, жұмыс жасауға үйренеді |
Мұғалімдердің іс- әрекетін қадағалап үйренуіне жол ашу,ой-пікір қозғау,жауапта нақтылық, тұжырымдамлық- қа үйрену
| 13 минут | «Ой шақыру» 1.Коучинг дегенді қалай түсінесіз? 2.Коуч деген кім? 3.Тәлімгерлік пен тәлімгер туралы ойыңыз 4.Тәлімалушы деген кім?
Бейнежазба «Чем отличается коучинг от наставничества» |
Мұғалімдер бейнежазба мен сұрақтар бойынша сыни ойланады, өзінше ой-толғаныс жасайды, ой-пікірлерін білдіреді.
|
«Ойлан, жұптас , бөліс» әдісі
| 10 минут | «Ойлан, жұптас, бөліс» Эзоп мысалы «Бала мен суретте бейнеленген арыстан» мәтіні бойынша жұмыс жасайды
| Мұғалімдер мәтінді оқып, сыни ойлана отырып, топта талдайды, өзіндік пікірлерін айтады және қорғайды |
Теориялық білім | 15 минут | «Коучинг және тәлімгерлік» туралы теориялық білім беру | Мұғалімдер коучинг және теориялық ббілімдерін толықтырады |
Сергіту сәті | 2 минут | «Сіз жарқын жүзді адамсыз ба?»
| Тақырып бойынша аяқталмаған суретті жалғастыру арқылы сергиді |
Постермен жұмыс | 10 минут |
1-топ: Коучинг 2-топ: Тәлімгерлік | Тақырыпты топта талдап, қорғайды «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топтар бір-бірін бағалайды |
Рефлексия | 5 минут |
Бас бармақ – Бүгін мен жаңадан нені үйрендім (дағдыландым)? Балан үйрек - Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім? Ортан терек – Менің көңіл-күйім қандай? Шылдыр шүмек – Мен Бүгін кімге көмектесе алдым? Кішкене бөбек – Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?
| Мұғалімдер өз ойларын стикерлерге жазып, бағдаршамға іледі. |
Рефлексивті есеп
Коучингті Мотивациялық кезеңді ұйымдастырудан бастадым. Коучингке қатысушылар «Арайлы таң» тілек сөздерін оқи отырып, көңілдері көтеріліп, жақсы орта қалыптастырды. Саған қай түс ұнайды ? сұрағын қоя отырып шағын топқа бөлдім. 1-топ: қызыл түстілер, 2-топ: жасыл түстілер, 3-топ: сары түстілер деп аталды. Әр топ «Топ ережесін» құрып таныстырды. «Ой шақыру» әдісі бойынша осы уақытқа дейін бірнеше коучинтерге қатысып жатырсыздар 1.Коучинг дегенді қалай түсінесіздер? 2.Коуч деген кім? 3. Тәлімгерлік пен тәлімгер туралы ойыңыз қандай? Ал, тәлім алушы деп кімді айтамыз? Сұрақтары бойынша қатысушылар өз ойларын айтты. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша қатысушыларға Эзоп мысалы: «Бала мен суретте бейнеленген арыстан» мәтіні бойынша топта талдап, бірлесе жұмыс жасады. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтар мен тапсырмаларға қатысушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, қнды пікірлер айтты. Бірақ арамызда ұжымға биылғы оқу жылында жаңадан келген жас мамандар коучинг деген немене деген оймен келген болатын. Топта бірлесе жұмыс жасауда тосырқап, үнсіз жан-жағына қарап отырды. Өз ойларын айтуда тосырқап, кейін айтам ғой деген жауаптар айтумен отырды.Топтарда диалогтік әңгіме жүргізілді. Топтар арасында пікірталас жүргізілді. Осы жерде сіздер не байқадыңыздар ? сұрағын қоя отырып, коучинг туралы ойларын нақтыладым. «Чем отличается коучинг от наставничества» бейнежазбасын көрсете отырып, пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті. Тақырып бойынша постер жасауда 1-топ: Коучинг дегеніміз не?
2-топ:Тәлімгерлік, 3-топ: Тәлім алушы тақырыптарында постер жасады. 1 және 2 топтың постерлері тақырыпқа сай нақты жасап, жүйелі қорғай білді.Ал 3-топтың постері нде тақырып ашылмай қалды.Қатысушылардың пікірін тыңдап болғаннан кейін, «Коучинг және тәлімггерлік» тақырыбында слайд арқылы теориялық білім бердім. Коучинг соңында «Қол» әдісі бойынша қатысушылардан кері байланыс алдым.
Сәтті жағы: Қатысушылардың топтық жұмысқа белсене қатысуы, бірлесе жұмыс жасауы, топтық жұмысқа дағдылануы, өз ойларын еркін білдіруі, тағы коучинг өтейік деп ұсыныс айтуы
Сәтсіз жағы : Кей мұғалімдердің сабақ кестесі сәйкес келмей жартысынан шығып кетуі, Постер жасауда тақырыптың ашылмай қалуы, тақырып бойынша жеңіл сұрақтар қою
Нені дамытамын: мұғалімдердің ұсынысы бойынша коучингтерді жиі өтемін, кедерілерді шешуге көмек беремін