Техноголиялық карта.
Тәрбиеші:Ельжасова.К
Топ: Ортаңғы Білім беру саласы: Коммуникация Оқу қызмет: Сөйлеу дамыту Тақырыбы: «Біз құстарды қалай қоректендірдік?»
Мақсаты: Балаларды тәрбиешінің әңгіме барысын бақылауға, әңгімелесуге қатысуға, тәрбиеші бастаған сөзді толықтырып, сөйлемді аяқтауға үйрету. Балаларды дыбыстарды анық айтуға (бөлектенген дыбысқа еліктеу сөздеріне) жаттықтыру. Дыбысты айтуларының дамуына мүмкіндік беру. Көрнекілік: Құстардың суреттерін,ойыншықтарын пайдалану.
Блингвалды компанент: Құстар- птицы
| Іс-әрекет бөліктері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті. |
| 1 | 2 | 3 |
| Мотивациялық-қозғаушылық | Балаларды шаттық шеңберіне жинау. Ән салуға барамыз, досымызды табамыз. Сәлемет пе міне мен доспын енді сенімен. Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым. Балалар жаңа біз доспын енді сенімен деп достық қолын созып жатырсыңдар топта сендердің достарың бар екен. | Балалар шаттық шеңберін құрады .
|
| Ұйымдастырушылық-ізденістік | Ал енді біздің табиғатта қандай қанатты достарымыз бар екен? Әрине, қанатты достарымыз құстар. Балалар сендер қандай қыстайтын құсты білесіңдер? Ал енді осы аталған құстарды тобымыздан көргелерің келе ме? Олардың бізге қойған бір талабы бар екен, егер жұмбағымызды шешсе қазір мына экраннан көрінемін дейді. Жұмбақ: Еркін самғап ұшсын деп, мәпелейміз, баптаймыз, Бейбітшілік құсы деп, Қандай құсты атаймыз?
Қане көгершін қандай құс? Түстері қандай болады? Көгершіндердің қай мүшесі жақсы жетілген? Көгершіндер қыста қалай ұшады? Қалай дауыстайды?
Қонаққа келген көгершіндер қуансын, оларға олең оқып берейікші. Өлеңді мәнерлеп нақышына келтіре оқу керек.
Көк көгершін, көгершін Көгершін келер жем үшін. Балалар жем себелік, Сөйтіп қолға үйренсін.
Келесі сауысқан бейнесін көріп, қалай аталатынын, қалай дауыстайтынын сұрау. Сауысқандар нені жақсы көреді
Үшінші торғай көрінеді. атын атау, даусын салу, есту. Төртінші қарға.
Қарғаға жаңылтпаш айту. Ала қарға қарға қонды. Қыс келді, құс қайтты
Жақсы балалар қыстайтын құстарды жақсы таниды екенсіндер, даусын да салдыңдар, құстар сендерге разы.
Тіпті, суықтан қорықпайтын батыр құс деп те атауымызға болады. Құстар неге суықтан қорықпайды? Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық Құс болып самғап ұшайық Ұшып, ұшып алайық орнымызды табайық.
Балалар құстарды біз неге досымыз дейміз? Құстар өсімдектерді, ағаштарды зиянды өсімдіктен қорғайды. Және сөйтіп өз қоректерін тауып жейді. Қыста сондай қорек бар ма? Неге жоқ? Құстардың жағдайы не болады? Біз не істеуіміз керек? Ұя, жемсауыт жасап, жем шашу керек.
Сонда балалар құстарға суық қиын ба, әлде аштық қиын ба? Әрине аштық. Ендеше біз әрқашан құстарға қамқор болуымыз керек. Өлең оқу. Біз қамқоршы баламыз Құстарға ұя саламыз Жем, су беріп қыс бойы балапанын бағамыз. Балалар бұдан түсінгеніміз құстар адамдарға қатты разы екен, суыққа да шыдап өз елін, жерін ауыстырмай, өз Отанында болады екен. | Балалар жауабы
жұмбақты шешеді
көгершін
Басқа құстарға қарағанда ірі, адамға тез үйренеді, адамнан қорықпайды
ақ, қоңыр, көк көзі.
жылтыр заттарды
өлеңді мәнерлеп оқу. өлең оқып, құстарға жем шашу
тыйым сөздер айтады
болжам айту сұрақтарға жауап береді.
жылы тондары суықтан сақтайды |
| Рефлексивті-түзетушілік | Балалар бүгін біз не жайында айттық? Қыста құстарға адамдардан не қажет? Тәрбиеші балаларды сабақтағы белсенділіктері үшін мадақтау. | Балалар барлығы бірігіп айтады. |
Күтілетін нәтиже. Біледі: Балалар қыстайтын құстарды танып, атай білу керек. Игерді: Қамқорлық қажет екенін түсіну Меңгерді: Балаларды тәрбиешінің әңгіме барысын бақылауға, әңгімелесуге қатысуға, тәрбиеші бастаған сөзді толықтырып, сөйлемді аяқтауды.
Тексерген:

«Біз құстарды қалай қоректендірдік?» (23.36 KB)

