
Ақмола облысы, Зеренді ауданы
Айдабол орта мектебі
“ Айран- қасиеті бар тазартқыш”
Орындаған: 7 а сынып оқушысы:
Жоямергенова Дарина
Ғылыми жетекшісі:
Биология-химия пәндері мұғалімі:
Букенова Гульжанат Куанышбаевна

Жоспар: I.Теориялық бөлімі 1.Сүт тағамдары 2.Айран ұйыту 3.Айранның құрамы 4.Шаш жууға пайдалану 4ә Бет тазартуға пайдалану 4б.Әжемнің тері тазалау әдісі 5 Өзектілігі 6 Проблемалық сұрақ 7Ақпаратты жинақтау 8.Ғылыми болжам 9.Практикалық маңыздылық

II.Практикалық бөлімі 1 кезең. Айран ұйыту 2 кезең. Айранның ашуы 3 кезең. Айранмен шәйнектерді толтыру 4.кезең. Шәйнектерді тексеру III.Зерттеудің нәтижесі IV.Қорытынды: V. Қолданылған материалдар

Менің мақсатым:
- Шәйнек ішіндегі қоспақты тазартуға жол іздеу
- Қоспақты тазарту үшін айранның құрамын және қасиетін зерттеу
- Айранмен шәйнектін ішін тазартып көру
- Зерттеудің практикалық маңыздылығын ашу

Менің міндетім
- Ұлттық тағам туралы түсінік алып және оны өмірде пайдалана білуге үйренем
- Айранның құрамын және қасиетін анықтаймын
- Шәйнектің ішіндегі қоспақты тазалаймын
- Зерттеу күнделігін толтырып отырамын

І. Теориялық бөлім

Сүт тағамдары


Қысқаша мәлімет
- Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаған. Сүт тағамдарының құрамы белок, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Адам ағзасына сүт тағамдарының қаншалықты шипалық әсері күшті екенін білсек те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле бермейміз.

Айран ұйыту

Айран - қазақ аспаздығында айран кеңiнен қолданылады. Оған салқындатылған сусын, әрi тағам болып табылатын түрлi сорпалар қосады. Айранды дайындау үшiн сиырдың сүтiн қайнатады да, +35, 40 С-қа дейiн салқындатады. Онан соң айран (1 стақан айранды 5 литр сүтке) құяды. Онан соң ыдысты қақпақпен жауып, сүлгiмен орап, жылы жерге қояды. 4-6 сағаттан кейiн айран дайын. Сүт - өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, организмге оның құрамдас бөлігінің 95-98 пайыз сіңеді. Сүт, сондай-ақ, амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Сүттің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ айран ұйтқысын қосып ұйытылады. Ол жеңіл және сусындық тамақ.

- Айранның құрамы Өнімдер Сан Энергетикалық құндылығы (ккал) Ақуыздар (г) Майлар (г) Көмірсулар (г) Айран 0 % 100 мл 30 3,0 0,1 3,8 Айран 2 % 100 мл 51 3,4 2,0 4,7

Әжемнің жануарлардың терісін ащы айранмен тазалау әдісін бақылап, өзім бір ойға келдім. Айранмен шәйнектің ішіндегі қаспақты тазартып көру керек.
ӨЗЕКТІЛІГІ:

Проблемалық сұрақ
Айранмен шаш жуады, бетті ағартады, тері тазалайды, ал жемірілген шәйнекті айранмен тазартуға бола ма?
![Мектеп кітапханасынан қосымша айран туралы ақпараттар жиналды [7]. Химия пән мұғалімі жемірілу (коррозия) туралы мәлімет алынды[8]. Интернеттен ақпараттар қарастырылды [9] . АҚПАРАТТЫ ЖИНАҚТАУ](https://fsd.videouroki.net/html/2017/02/07/v_5899d27c73f27/img14.jpg)
Мектеп кітапханасынан қосымша айран туралы ақпараттар жиналды [7]. Химия пән мұғалімі жемірілу (коррозия) туралы мәлімет алынды[8]. Интернеттен ақпараттар қарастырылды [9] .
АҚПАРАТТЫ ЖИНАҚТАУ

Ғылыми болжам
- Фото дарины

Менің пікірім
- Мен тартылған майсызданған сүттен жасалған айранмен, шәйнек ішіндегі қоспақты жұмсартып тазартады деген жорамалдау шығардым.

Шаш жууға пайдалану
- Фотолар

Бет тазартуға пайдалану

Әжемнің тері тазалау әдісі

Практикалық маңыздылық
Жаңа шыққан қымбат тазартқыш ұнтақтарды қолданғанның орнына экологиялық таза айранды қолданған жөн.
Құрамы: минералды және органикалық қышқылдар, арнайы қоспалар бар. Терісіне немесе көздің сілекей қабығына тиіп кетуден сақтаңыз! тиген жағдайда сумен әбден шайыңыз. Тамақ өнімдерінен аулақ жерде сақтау қажет!

Практикалық бөлім
Зерттеу жұмысы бақылау әдісі арқылы орындалды, және өзгерістері күнделікке толтырылды.

1кезең Айран ұйыту
1.Сүтті пісіріп айран ұйыттым. Тартылған сүттен және тартылмаған сүттен айран ұйыттым.

2.Тартылмаған майлы сүттен жасалған айран 2 күннен кейін ашыды. Бөлме температурасы 19º С градус.

2 кезең. Айранның ашуы
- 3.Тартылған сүттен жасалған айран бір күннен кейін аши бастады. Бөлме температурасы 19ºС градус. 23.11.2015ж

3 кезең.
- № 1 шәйнек Айранмен шәйнектерді толтыру

4.Ашыған айранды шәйнектер ішіне құйдық 25.11.2015ж

4кезең. Шәйнектерді тексеру

№ 1 шәйнек 5.Бір тәуліктен кейін ашыған айран быршыды, түсі өзгерді.Бөлме температурасы 19ºСградус.26.11.2015ж

№ 2 шәйнек 6.Ашыған айранды шәйнектер ішіне құйдым. Қақпақтарын жауып қойдым. 19ºС градус 25.11.2015ж

№ 2 шәйнек 7.Екі тәуліктен кейін айранды төгіп тастадым. Түсі өзгерді. 27.11.2015ж

5 кезең Айранды төгу 8.Айранды төгіп тастадым, шәйнектің ішін сумен жудым 28.11.2015ж №1 шәйнек № 2 шәйнек

Зерттеудің нәтижесі:
- 1.Тартылған сүттен жасалған айран №1 шәйнек Шәйнекті таза сумен шәйіп қырып көрдім. Шәйнектің ішіндегі қоспағы жеңіл алынды 2.Тартылмаған сүттен жасалған айран №2 шәйнек Шәйнекті таза сумен шәйіп қырып көрдім. Шәйнектің ішіндегі қоспағы қатты және оңаймен алынбады.

Зерттеудің нәтижесі:

Қорытынды
Сондықтан да 1-ші гипотиза бойынша ең абзалы - таза, табиғи әрі адам денсаулығына кері әсері жоқ сүт тағамдарының бірі тартылған сүттен жасалған айранмен шәйнектің қaспағын тазартуға пайдаланғанымыз жөн.

- Гипертонияға шалдыққандар күніне 2 рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде 1 кесе айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады. Сондай-ақ ұйқы қашқанда түнемелік жатар алдында 1-1,5 кесе жылы айран ішсе, оның жақсы ұйықтап шығуға әсері мол. Тағы бір жайт, айранның гастрит ауруына да пайдалы екендігі. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол тағам.
![Ақпаратты жинақтау 1.Қазақтың дарқан дастарқаны Алматыкітап 2007ж Авторы Сейіт Кенжеахметұлы 92-94бет 2.Қазақтың дәстүрі этнографиясы Алматыкітап 2006ж Авторы А.К.Саматұлы 56-57 бет 3.Ежелгі Қазақстан Аруна 2006ж Авторлары: Т.Жұматаев, Л.И.Тетенко Т.Жұмаханов, Т.Шаңбай 92-93бет 4.Қазақ әдебиеті Аруна Алматы 2005ж 65-66бет 5.Сен білесің бе? Энциклапедиясы Аруна ЖШС Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т. 252-253бет 6.Орифлэйм 34-39бет 7.Әжемнің әңгімесі 8.Химия мектепте ғылыми –педагогикалық журнал 2005ж 6-8бет 9.Химия 10сынып Нурахметов Н., Қ,Бекішев, Н.Заграничная 141-147бет 10.Интернет ресурсы [activia.kz›kaz/pages/ajrandy]](https://fsd.videouroki.net/html/2017/02/07/v_5899d27c73f27/img36.jpg)
Ақпаратты жинақтау
- 1.Қазақтың дарқан дастарқаны Алматыкітап 2007ж Авторы Сейіт Кенжеахметұлы 92-94бет 2.Қазақтың дәстүрі этнографиясы Алматыкітап 2006ж Авторы А.К.Саматұлы 56-57 бет 3.Ежелгі Қазақстан Аруна 2006ж Авторлары: Т.Жұматаев, Л.И.Тетенко Т.Жұмаханов, Т.Шаңбай 92-93бет 4.Қазақ әдебиеті Аруна Алматы 2005ж 65-66бет 5.Сен білесің бе? Энциклапедиясы Аруна ЖШС Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т. 252-253бет 6.Орифлэйм 34-39бет 7.Әжемнің әңгімесі 8.Химия мектепте ғылыми –педагогикалық журнал 2005ж 6-8бет 9.Химия 10сынып Нурахметов Н., Қ,Бекішев, Н.Заграничная 141-147бет 10.Интернет ресурсы [activia.kz›kaz/pages/ajrandy]

Оқушы: Жоямергенова Дарина Ардаққызы 7 а сынып оқушысы Жетекшісі: Букенова Гульжанат Куанышбаевна Тақырыбы: Айран – қасиеті бар тазартқыш Жобаға пікір беруші: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекетік Университетінің «Химия» кафедрасының аға оқытушысы, биология ғылымдарының докторы Назира Базарбайқызы Касенова

Пікір
Теориялық бөлімінде оқушы ақпараттар жинады. Адам ағзасына сүт тағамдарының қаншалықты шипалық әсері күшті екенін білсек те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле бермейміз. Гипертонияға, гастрит аурулардан емделуге болатының анықтады. Жұмыс мұқият тілмен рәсімделген, сауатты , жеңіл оқылады және түсінікті. Онда қажетті көрнекті материалдар бар.Оқушы зерттеген жұмысын біледі, ғылыми және практикалық мақсаттарды қойып оны шешті. Ғылыми болжаулар жасады. Тартылған майсызданған сүттен жасалған айранмен, шәйнек ішіндегі қоспақты жұмсартып тазартады деген жорамалдау шығарды. Жаңа шыққан қымбат тазартқыш ұнтақтардың орнына экологиялық таза айранды қолданған жөн екенін шештік. Ғылыми жұмыс барлық талаптарға сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы жақсы деңгейде орындалды.

Зейін қойып
тыңдағандарыңызға
РАХМЕТ