Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Разное  /  Дошкольникам  /  Бала дамуын отбасымен бірлесе іске асыру

Бала дамуын отбасымен бірлесе іске асыру

06.11.2021

Содержимое разработки

Бала дамуын отбасымен бірлесе іске асыру


Ғибратты сөздердің легінен жақұт теріп, інжу терген дана халқымыз бала тәрбиесінің маңыздылығынан түйінді сөз, салиқалы ой өрбіткен.

«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он жылдығыңды ойласаң, тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала тәрбиеле» деген дана сөздің асылдығынан үкілеген үмітіміз – бала келешегінің кемеліне аса мән бергенін аңғарамыз.

XXI – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мемлекетіміздің алдына қойған аса маңызды мақсаттарының бірі болып отыр. Адам баласы өмір бойы тәрбиеленіп, үздіксіз білім алуы қажет. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында: «Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары – баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады» делінген.


Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар

  • Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудың физикалық, психикалық, адамгершілік саулығының негіздерін қалайды және баланың жетістіктерге қажеттілігін қалыптастырады;

  • Ресми және бейресми ереже, ұстанымдар, нормалар мен белгілер кешенін анықтайды;

  • Баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын реттейді және бақылайды;

  • Баланың әлеуметтік байланыстар туралы ұғымын қалыптастырады, баланы мінез-құлықтың жалпы адамзаттық, моральдық және мәдени стандарттарына үйретеді.

Ата-аналардың (немесе басқа заңды өкілдердің) баланың жеке қабілеттеріне, денсаулық жағдайына, дене бітімінің даму деңгейіне, отбасы мүмкіндіктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар.

Отбасы тәрбиесінің міндеттері:

  • Баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлар мен түрлі мүмкіндіктер жасау;

  • Баланы эмоционалдық қолдауды қамтамасыз ету;

  • Баланың жақын және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы, олармен берік қарым-қатынас орнатудағы жеке талаптарын қанағаттандыру;

  • Баланың тіршілік іс-әрекетінде қауіпсіздік туралы алғашқы білімін қалыптастыру;

  • Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету;

  • Тілдік-қатынастық дамуын қамтамасыз ету;

  • Балаларды отбасы мен қоғамның дәстүрлері мен құндылықтарына тәрбиелеу;

  • Баланың бейімі мен қызығушылығын дамыту.


Осы орайда отбасын балалармен бірлескен шығармашылық іс-әрекет түрлеріне қатыстырады. Ата-ана үнемі баласының қол жеткізген табыстарынан хабардар болып отырады. Тәрбиешілер әр балаға қатысты барлық құжаттарды: баланың салған суреттерін, балаға жүргізілген бақылау парақтарын ықтияттап арнайы папкаға жинап, ата-ананы жүйелі түрде таныстырады. Ата-аналар жиналыстарын оларды толғандыратын мәселерге сәйкес жоспарлап өткізеді. Сонымен қатар, ата-ана өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта ойын-сабақтарға қатысып өз баласының балабақшада тыныс-тіршілігімен баланың қабілеті мен бейімін зерделей отырып, оның шығармашылық өсуіне жасалған мүмкіндіктермен таныса алады. Тәрбиешіге өз отбасының қажеттілігі мен өз баласының бейімділігін есепке алуға бағдар бере алады. Ата-аналардың басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез-құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, тәрбиелеуші ортаға, айналадағы адамдарға қарым-қатынасы қалыптасыды. Сәби шағынан бастап, отбасы мен мүшелерімен үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық жасау секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу – ата-аналардың ардақты борышы.


Отбасы баланың тәрбиесі мен оның әлеуметтенуінде, тұлғаның көзқарасының қалыптасуында, сондай-ақ интелектуалдық, эмоционалдық және еріктік сапаларының дамуында ерекше рөл атқарады.

Балабақша бала тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұнда ол білім алады, өзге балалармен, ересектермен бірлесіп әрекеттену, өз әрекетін ұйымдастыру іскерлігін меңгереді. Алайда, баланың бұл дағдыларды қаншалықты нәтижелі меңгеруі отбасының балабақшаға қарым-қатынасына байланысты.

Отбасымен жұмысты тек дәстүрлі түрде ғана емес (ата-аналар жиналысы, сауалнама жүргізу, ақпараттық қабырға), сондай-ақ үйге бару, кеңес беру, әңгімелесу, топтың оқу үдерісіне ата-аналарды қатыстыру сияқты жеке жұмыстарды ұйымдастыру маңызды болып табылады.

Баланы балабақшаға жіберіп, балабақша тәрбиелейді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғаны жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минутта көңіл аударуға уақыт бөле алмайды. Осындайдан бала тәрбиесіне қиындықтар туындайды. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсылығын мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыру баланы жетістіктерге жетелейді.

Ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса, сөз жоқ ұрпағының тәрбиелі, өнегелі, білімді болып өсуіне жол ашады.

- Бақшадан келген баланың көңіл-күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне-өзінің баға беруіне үйрету

- Балаға өз қателігін түсінуіне мүмкіндік беру

- Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл-күйін көтеру

- Ата-ана өзін-өзі ұстай білу, бақылай білу

- Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу

- Баланың тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және оның ой-идеясына көңіл бөлу

- Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез-құлқын, іс-әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасай білу.

- Баланың психо- физиологиялық даму деңгейіне, жан-жақты жетілуіне көңіл бөлу

- Баланың орынды талап тілегіне тежеу жасамай, еркіндік беріп, дүниеге, өмірге деген көзқарасына түсіністікпен қарау.

Ата-аналармен жұмыс. Ең алдымен отбасы мен педагогтік ұжым арасында шартқа қол қойылады. Онда ата-аналарға арналған міндеттемелер мүмкіндігіне қарай топта уақыт өткізуі, педагогтік ұжымдарға оның жұмысына ерікті түрде жәрдемдесу және оқу бағдарламасының үйде орындалуы белгіленген.

Аталмыш жұмыстармен қатар әр топта ата-аналарға арналған арнайы бұрыштар жабдықталған. Мұнда олар бала тәрбиесіне қатысты әртүрлі тақырыптағы метериалдармен танысады. Біздің №45 «Арман» балабақшасы авторлық «Қарлығаш» бағдарламасын басшылыққа ала отырып жұмыс істейді. Бағдарлама бала тәрбиесін ата-анамен серіктестікте жүзеге асыруды көздейді. Тақырыптық жүйеге негізделген бағдарламаның әр ойын сабағы ата-ана қолдауымен толыға түседі, яғни ата-ана апта тақырыбын біле отырып баласына тәрбиеші берген білімді үйде пысықтауға мүмкіншілік алады.

Балабақшаның отбасымен жүргізетін жұмысын осылайша тізбектей беруге болады. Ата-аналармен бірлескен сенбіліктер, тәрбиешінің бала үйіне баруы, әр мерекеге сәйкес ата-аналар қатысумен өткізілетін музыкалық ертеңгіліктер, түрлі бағыттағы спортық іс-шаралар бала өмірін есте кетпес естеліктерге толтыратын ұмытылмас сәттер десе де болады.

Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда – балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады.

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық – баланың қанағаттану деңгейімен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділік ықпалын ұзақ сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім нәтижесіне жетеді. Осы орайда, балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:

  1. Ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерін көтеру; (дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастыру, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар т.б.)

  2. Ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру: (ата-аналар жиналысы, бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық база жасауға көмектесу)

  3. Балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата-аналар комитеті, ата-аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы)

Ата-аналармен жүргізілген жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған болуы керек. Ата-аналармен жұмыстың әдістері: бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу.

Тәрбие – баланың сәбилік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сондықтан, болашақ иелері бүгінгі балабақша тәрбиеленушілері екенін естен шығармай, оларға ең алдымен адами құндылықтарды бойларына сіңіруге еңбектенуіміз қажет.


-80%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бала дамуын отбасымен бірлесе іске асыру (32.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт