Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Разное  /  4 класс  /  Баяндама "Оқушылардың шығармашылық қабелеттерін дамыту"

Баяндама "Оқушылардың шығармашылық қабелеттерін дамыту"

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі бастауыш мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді керек етіп отыр. Өмір талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста тәжірибелік қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір оқушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті дамиды. Жаңа білімді алу қажеттілігін туындатады, оқып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделген жоғары мәдениетті, білімді ұрпақ дайындайды.

Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, эстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.

26.02.2018

Содержимое разработки




















Тақырыбы: «Оқушылардың шығармашылық

қабілеттерін дамыту».


Баяндамашы: Бастауыш сынып мұғалімі:

Аймағанбетова Э.М.
















Қарағанды облысы

Ақтоғай ауданы

Тасарал негізгі орта мектебі

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі бастауыш мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді керек етіп отыр. Өмір талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста тәжірибелік қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір оқушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті дамиды. Жаңа білімді алу қажеттілігін туындатады, оқып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделген жоғары мәдениетті, білімді ұрпақ дайындайды.

Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, эстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.

Оқушыларды жан-жақты дамыту мәселелері – бүгінгі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы оқушыны дамыту Л.С.Выготский, А.В.Занков, В.В.Давыдов, және т.б. еңбектерінде негізгі орын алады.

Оқушылардың дамуында іс-әрекеттердің негізгі себеп екені зерттеу барысында айқындалды. Оқушыны дамытуда тәрбиенің өзіндік ықпалы, яғни тәрбиелей отырып оқыту сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырылуы тиіс.

Бастауыш саты оқушыларының жеке басының қасиетін дамытуда отбасы, мектеп, мектептен тыс мекемелер сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігі бар екені анықталып отыр.

Жалпы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді: Балалар әсемдік ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті.

Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Адамның ақыл - ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл - Фараби болды.
Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөздерінде /43 сөзі / «Бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын» жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттілер бара - бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
М. Жұмабаев өзінің педагогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек екенін жазады.

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.

Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі.

Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді.
Оқушының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез - келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез - келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгертетін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығарма - шылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашудың және дамытудың көп тәсілі бар:
Әңгіме бойынша сурет салу
Оқушылардың жаңа ғана айтылған ертегі немесе нақылға орай қандай да болмасын сурет салуды сұраңыз. Бала өзін бейнелеу өнерінің шебері ретінде сезінеді, сонымен бірге әңгіменің мазмұнын есінде жақсы сақтап қалады. Өйткені ол әңгіменің мазмұнын ішкі сезімімен жеткізуді көздейді.
Белгілі бір суретке қарап, соның суретін салғызуға болады. Ол үшін:
1. Суретті мұқият қарауға уақыт беру.
2. Оқушыларға берілетін тірек - схемалар:
- Сенің ойыңша мына сурет қашан салынған?
- Суретші қандай көңіл күйде болған?
Осы сияқты тағы басқа да суреттер бойынша әңгіме құрастыруға болады.
Жалпы адамзаттық құндылықты бейнелеу.
Сабақтың тақырыбы бойынша балалардан адамның әлдебір сапасы туралы айтатын бір нәрсені бейнелеуді сұраңыз. Мүмкін бұл оларға алғашқыда қиын тапсырма болып көрінер. Алайда, балалар уақыты келгенде кез - келген шығармашылық ойды қағаз бетіне түсіруге болатынын түсінеді және оны өзіндік пікірмен қоса, әсерлі жеткізуді мақсат етеді.
Сабақтың тақырыбы бойынша балалардан адамның әлдебір сапасы туралы айта - тын бір нәрсені бейнелеуді сұраңыз. Мүмкін бұл оларға алғашқыда қиын тапсырма болып көрінер. Алайда, балалар уақыты келгенде кез - келген шығармашылық ойды қағаз бетінде түсіруге болатынын түсінеді және оны өзіндік пікірмен қоса, әсерлі жеткізуді мақсат етеді.
Біздің ойымызша бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.
Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:

Біріншіден, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы, біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар жан ұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа!
Екіншіден, баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым - қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.
Үшіншіден, шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуына үлкен нәтиже береді.
Төртіншіден, ең негізгі шарт - бала әрекеттің әр түрімен айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек.

Мұндай қызығушылық, қажеттілік, табысқа жетудің бірден - бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, көмегін талап етеді. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттер дамытудың бесінші шарты шығады. Еркіндік - ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. Балаға елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып «жаңалық» ашуға жағдай жасауымыз керек.
Осы жағдайларды ескере отырып, өз сыныбымның оқушыларын

1-сыныптан бастап бақылау жасай отырып, дамыта оқыту технологиясымен жұмыс жасап келемін.
Мысалы: ана тілінен баспа түрінде берілген сөздерді жазба түрімен жазу.
Мұндағы мақсатым: оқушылардың әріптердің жазба түрін есте сақтауын, әдемі, көркем жазуын меңгерту, бекіту, тексеру. Және әртүрлі сұрақтарға тест тапсырмаларын беріп отырдым.
2 - сыныптан бастап шығармашылық тапсырмалар күрделене түседі. Мысалы, әртүрлі сызба бойынша сөздер ойлау, және осы жылы оқушылардың ой шапшаңдығын дамытып, шығармашылығын арттыратын жұмыстардың бірі өлең құрастыру. Ең алғаш «ұйқас» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор. Осыдан келе шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымыз. Жалпы шығармашылық буынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата - аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Мысалы: Біздің сынып - кабинетте оқушылар шығармашылығына арналған «Бозторғай» атты әдеби бұрыш және осы аттас қолжазба журнал бар. Мұнда оқушылардың әдеби шығармалар бойынша салған суреттері, жазған үздік шығармалары, ертегілері, өлеңдері, жинаған әдеби материалдары т. б. жазылып, апта сайын ауыстырылып отырады.
Мен өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізуге болатынын байқадым.
1. Балаларға белгілі бір тақырыпта (баспасөз бетінен) әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну.
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға тапсыру.
3. Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.
4. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу.
5. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
6. Табиғат құбылысына байланысты жұмбақтар шығару.
7. Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру т. с. с.
Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, шығармашылық қабілеттің даралығына қарап әрі қарай жалғастыра беруге болады.
Бастауыш сыныптарда шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады
деп білемін.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші — адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.

Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.

Осыған орай, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы осы мәселені нәтижелі ететіні белгілі.

Шығармашылық іс-әрекет


Есте сақтауы

Ойлауы

Интеллектісі

Зейін
















Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолданамын:

  1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

  2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

  3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

  4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

  5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

  6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

  7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

  8. Өлең, мақалдар құрастыру.

  9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

  10. Кейіпкерге мінездеме беру.

  11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

  12. Рөлге бөліп оқыту.

  13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

  14. Диалог-ертегі.

  15. Образға кіру.

Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырып салма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.


Образға кіру




Талдау және қиялдау

Жұмбақ құрастыру



Шығармашылық тапсырмалар







Суырыпсалма ақын

Диалог - ертегі






І тапсырма «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.


ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау»

Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.


— Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)

— Екі бала жайында не айтасыңдар?

Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.

Қожа

Жантас









Жантас

Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады

Қожа

Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын

Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?

Торғай


Әлсіреген

Аянышты





Жарақаттанған

Жалынышты






— Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)

— Балапанды аядық, көмектескіміз келді.

— Қожаның ісіне қуандық.

— Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?

— Кездескенде не деп айтар едіңдер?

— Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?

— Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?

— Қандай сурет салар едіңдер?

— Қалай мүсіндер едіңдер?

Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.

Өзіміздің іс-тәжірбиемізді мынадай түйін түюге болады.

  1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.

  2. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.

  3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артады.

  4. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Мен өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізуге болатынын байқадым.

1. Балаларға белгілі бір тақырыпта (баспасөз бетіне) әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну.

2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға тапсыру.

3. Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.

4. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу.

5. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

6. Табиғат құбылысына байланысты жұмбақтар шығару.

7. Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру т. с. с.


Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, шығармашылық қабілеттің даралығына қарап әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Сонымен, менің байқауымша бастауыш сыныптарда шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады деп білемін.


Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

-80%
Курсы повышения квалификации

Смысловое чтение как основа формирования читательской компетенции школьника

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Баяндама "Оқушылардың шығармашылық қабелеттерін дамыту" (102.47 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт