Тақырыбы: "Табиғатым байлығым"
Мақсаты:
Білімділік – оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру;
Дамытушылық –оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін, ұсақ қол маторикасын дамыту.
Тәрбиелік – табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: «Қазақстанның байлықтары», «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, «Қазақстан қорықтары» суреттері, мултимедия кешені, видеотаспа және т.б
Сынып сағат барысы:
1. Ұйымдастыру 3-4 мин
2. Негізгі кезең 21 мин
3. Қорытындылау 5 мин
1.Ұйымдастыру кезеңі
Мәтінге кіріспе және мақсаты
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүгінгі көрсетілер жұмысымыз да табиғатты қорғауды жетілдіру мақсатында болып отыр.
2.Негізгі кезең
Тәрбиешінің сөзі:
1. «Танысу» аялдамасы. Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысатынын айтып, келесі оқушыға береді. Глобусты ұстап айтуды мұғалім өзінен бастайды.
Сол кезде оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін жауапкерлікті сезінеміз бе? Оның өсімдігімен, топырағымен, ауасымен, қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің ізін қалдырады. Сендер әлі оқушысыңдар, болашақта Қазақстанның белгілі де, білімді азаматы болсаңдар сендерде
2. Енді «Киностудио» аялдамасына келеді.
«Қазақстанның байлықтары» фильмін көру. 2-3 мин
3. «Ой шақыру» аялдамасы.
«Қазақстанның байлықтары» фильмін көріп, оқушылар Қазақстанның байлықтарын айта келіп, оны өндірудегі табиғатқа зиян келтіретін екінші жақтарын көрсетеді. «Байлықтарды дұрыс игермеу неге әкелді?», «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды ?» - деген сұрақтарға жауап береді.
4. «Қасірет» аялдамасы. «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс көрсетіледі.
«Арал тағдыры» бейнефильмінен қандай ой түйдіңдер?
«Семей полигоны» бейнефильмінен қандай жағдайды көріп тұрмыз.
Қазақстанның экологиялық картасы көрсетіледі.
5. «Ұлттық – тәлім тәрбие» аялдамасы.
1. Көрініс: Сахнада бір топ жастар табиғат аясында дем алуда. Адамдар табиғат сарқылмас қазына деп түсініп, оның қорларына бірте – бірте зиян келтіре бастайды.
Жағалауында отырған жастар босаған ыдыстарын, тамақтардың қалдықтарын лақтырып, су жағалауына өскен ағаштарды шаба бастайды.
Сол сәтте өсіп тұрған ағашқа тіл бітіп, сөйлей жөнеледі:
- Ей, адамзат, адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегіңізге ұялататын аяулы Ана - табиғат! Табиғат бұл адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемі емес пе? Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Ал, сен болсаң сол әдемілікті жойып, халық дәстүріне қарама – қайшылық көрсетіп отырсың! Ей, пендем есіңді жи,
Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір - бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Қадір тұтып табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп
Бабам айтқан орынды өсиетін.
Аралға да жан ашымай қарадық,
Сарқылмайтын байлыққа оны санадық.
Талай елді асыраған ежелден
Аралдың да бар байлығын тонадық
Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай Ананы
Қорғау үшін әрқашанда тұр дайын!
Сұлу табиғатымызды аялай білейік, табиғатты сүю парыз, сүю үшін
қорғау - парыз. (хормен)
6. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына тоқталу.
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында республика халқына ерекше экологиялық саясат ұстанымдарын көрсетіп, жастарға мемлекетімізді көркейту жолында «Жасыл ел» бағдарламасына бел шешіп кірісудің қажеттілігін ерекше атап көрсетті.
-Ойын "Мақалдың жалғасын тап"
7. «Қорықтар» аялдамасы
Мультимедия кешені арқылы Қазақстан корықтары мен табиғи саябақтардың, мысалы Ақсу Жабағлы, Көкшетау, Іле Алатау, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл және т.б қорықтарды слайдтармен көрсету.
8. «Болашақ» аялдамасы
Эксперттерге сөз беру. Бүгінгі тәрбие сағаты бойынша ой түю.
Өз пікірлерін айту.
3.Қорытынды
Тәрбиеші сөзі:
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
«Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат!» деген Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.