Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы №21 «Тоғжан» ясли-бақшасы
Тасбулатова Тұрар Орынбекқызы тәрбиеші ІІ-санатты
Тақырыбы: «Армысың әз- Наурыз!»
Мақсаты : Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау: қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейрімділікке тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрімен кеңірек таныстыру, әртүрлі ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту.
Жүргізуші:
Армсыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық!
Мереке Наурыз жыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендеріңіз сау болсын!
Аман – есен болайық! – деп,
бүгінгі Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Қымбатты ата- аналар, балалар, қонақтар, құрметті әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурыз – жыл басы. Наурыз- ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата – аналарымыз бен әжелеріміз үй – үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді. Ал, енді, осы мерекелік іс-шараның ашылу салтанатын балабақша менгерушісі Айгүл Қожантайқызына сөз кезегін берейік.
Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!-деп балалардың орындауында ән қабыл алыңыздар .
Жүргізуші: Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Ал, енді, балалар, айтыңдаршы, Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде бізге келіп отыр
Балалар: Көктемде
Жүргізуші: Дұрыс, көктемде Ал көктемді қалай сипаттауға болады.
Балалар: Күн жылынады. Жер көгере бастайды. Гүлдер өседі.
Жүргізуші: Иә, табиғат құлпырып, бізді бір әдемі әлемге алып барады.
Олай болса ортада балалардың Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар !
Тақпақтар
1 Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады
2 Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет, бізге нұр беріп
Шуақ шашып, ақ жүзің
3 Наурыз айы –гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
4 Айналайын халқым –ай
Құтты болсын салтың –ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын –ай
5 Айналайын халқым –ай
Болсын жүзің жарқын –ай
Ата салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай
6 Айтсам егер жаңылтпаш
Жаңыласың қалқам –ай
Жұмбағымды шеше алмай
Қиналасың қалқам –ай
7 Қына тасқа бітеді
Ақыл басқа бітеді
Жұмбағыңды шешуге
Білім бізде жетеді
8 Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы жоқ төрінде
Самал еркін еседі
Біліміңді көрейін
Жауабын кім біледі?
9 Үйлеріңдей қаланың
Бөлек –бөлек бөлме жоқ
Макетіндей даланың
Болады ол дөңгелек
Қазағымның үйі ғой
10 Наурыз құтты болсын
Еліміз тыныш болсын
Ерекше заман болсын
Келер Наурыз тойына
Аман –есен жетейік!
Ауыз тию. Ауыз тию, дәм ауыз тигізу – қазақтың ежелден келе жатқан ғұрыптарының бірі. Үйіңе кім келсе де, қазақ дәм ауыз тигізбей аттандырмаған. Тіпті тамақтанатын уақыт емес, беймезгіл шақта да келген кісіге қазақтың келіндері, қыздары: «Нан ауыз тиіңіз», - деп дастарқанға нан қояды.
Қазақта «Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама» деген нақыл сөз бар.. Яғни дәстүр бойынша үйіне бас сұққан адам таңертеңгі астың үстінен түссе, міндетті түрде дастарқан басына тізе бүгуге тиісті.
Ұзақ сапарға шығарда кім де болса, өз ауылының үлкен үйінен, яғни қарашаңырақтан дәм татып аттануы керек. Балаларын әскерге аттандырар алдында да солай жасайтын дәстүр ел ішінде әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
Қалай дегенде де, дәм ауыз тигізу қонаққа, жолаушыға, асқа деген ерекше ықыласты танытатын ізгі дәстүр екенін көреміз.
Алдар көсенің келуі
Қыздардың биі
Ән
Сәлем ету. Сәлем ету (дәстүр). Сыйлы та, ене, қайны ағаларына кездескенде келіні оларға иіліп сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем ету керек. Үлкендер оған риза болып, батасын береді. Келіннің сәлем етуі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады.
Аузына түкірту.
Бұл – қазақтардың ертеден келе жатқан ырымы. Олар батырлар мен билерге, ақындарға, тағы да басқа атақты адамдарға баласының аузына түкіртіп алатын болған. Түкіргенде оның ырымы ғана жасалады. Бұл ырым баламыз сондай адамға ұқсап, өнегелі болсын дегеннен туған. Баласының аузына бір адамға түкіртсе, жеткілікті.
Ұлдардың биі
Құрметті қонақтар біздің бүгінгі мерекелік іс-шарамызға келгендеріңізге көк-көп рахмет ! Сау болыңыздар !

Армысың әз- Наурыз! (14.31 KB)

