№5 "Ақ желкен" балабақшасының тәрбиешісі
Бектурова Асель Тынышкуловна
(Музыка әуенімен балалар кіреді.)
Би: «Күзгі алаша»
Айнара: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырайды жарқын күз.
Сайрандады күліп ойнап,
Келді міне Алтын Күз!
Арлан: Алтын күз сәуле шашты даламызға,
Той думан өткелі тұр бақшамызда.
Табиғаттың тамаша бір мезгілін,
Қарсы алмай біздер бекер қаламыз ба!
Жүргізуші:Тілегім аман болсын ел іргелі,
Алтын Күз қайта келді берекелі.
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын Күз ырысы мен берекесін ала келді!
Айнара: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар, әріптестер және балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!
Келді міне Алтын Күз сәуле шашып
Құлпырады табиғат нұры тасып.
Алтын Күзді ағайын қарсы алайық,
Шашу шашып әрқашан ән салайық!
Ән: «Күз тамаша»
(Балалар отырады)
Күз келеді
Күз: Алтын түске боялды
Тау мен қыр да даламыз
Келдім міне ортаңа,
Менің атым – Алтын Күз!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мерекелерің құтты болсын!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Қош келдіңіз!
Алтын күзді қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр! - деп, келесі кезекте жыр шумақтарды қабыл алыңыздар!
1.Тақпақтар.
Аяна Даулет
Айнара Жания
Арлан Айғаным
Алмас Айбар
(Музыка әуенімен Құйын келеді.)
Құйын: Сендер мұнда не істеп жатырсыңдар, а?
Жүргізуші: Біз Алтын Күз мерекесін тойлап жатырмыз.
Құйын: Ешқандай мереке болмайды!
(Алтын Күзді айналып сиқырлайды)
Сенің Алтын Күзің сұрғылт татып кетсін, сонда сені ешкім де сағынып күтіп, жақсы көрмейтін болады, мені сияқты!
Ха-ха-ха! (Кетеді)(Сиқыр күшіне енеді)
Алтын күз ұйықтап қалады.
Жүргізуші: Ой, балалар, Алтын Күзсіз мерекеміздің сәні болмайды ғой. Не істесек екен?
Балалар: Біз Алтын Күзді оятудың амалын іздеуіміз керек.
(Жүргізуші жан-жағына қарайды)
Балалар, қараңдаршы, мына жерден сандық тауып алдым. Мүмкін Алтын Күзді оятуға осы сандық көмектесетін шығар. Ой, ашайын десем ашылмайды, кілтін іздеп көрейік. Мына жапырақта бірдеме жазулы тұр. Мына жұмбақтарды шешулерің қажет.
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам
Таба алсаңдар шешімін
Алтын Күзді оятам!
Жұмбақ
Көк майсалы, көрікті
Алқаптағы көк егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек киімін – балалар, бұл жұмбақ қай мезгіл туралы ?
Балалар:- Күз мезгілі туралы.
Жүргізуші: Тағы сандық ашылмады, Құйын тағы қулығын асырды . Тағы іздеп көрейік. Гармошка тауып алдым, мұны неге қойды, мүмкін көңіл көтеріңдер деген болар.
Би: «Антошка» (6 қыз, 1 бала билейді)
Жүргізуші: Әлі де, біздің сандығымыз ашылмай жатыр. Мүмкін ән салармыз, балалар?
Ән: «Осень милая шуршит»
(Күз оянады)
Күз: Мен қаншылықты көп ұйықтадым, қайдамын мен? Кіммін мен? А-а-а, мен түсіндім, сендер менің оянуыма көмектестіңдер, құтқардыңыздар.
Балалар, көңілімізді көтеріп, мерекемізді қызықты ойынмен жалғастырайық!
Ойын ( балалармен).
2.Тақпақтар
Ерасыл Аянат
Іңкәр Айзере
Мөлдір
Жүргізуші: Мына сандықты ашуға көмектесесің бе, Алтын Күз?
Алтын күз: Иә, көмектесейін (Сиқырлайды)
Жүргізуші: Сандық ішінен карта мен күрек шығады. Күздің сыйын мына карта арқылы таба алады екенбіз.
«Алдыға қарай үш қадам жаса»деп қойыпты. Осы жерді қазып көрейік.
Көрініс: «Қазына аралы»
Жүргізуші: Міне, балалар, күздің сыйын да таптық!
Алтын Күз: Менің де сендерге сыйым бар, мінекей! Енді мен қайтайын. Қош, сау болыңдар, келесі жылы кездескенше!
(БалаларАлтын Күзбен қоштасады)
Жүргізуші: Ендеше Алтын Күз алып келген өнімдермен ойын ойнайық
Ойын: (Ата-аналармен ойын)
Көрініс: «Көкөністер тартысы»
3.Тақпақтар
Ерсұлтан Руслан
Нұрдаулет Ислам
Нурислам Мансұр
Жүргізуші: Бүгінгі той тамаша,
Қуанамыз балаша.
Мың бұралып, би билеп
Шығамыз біз ортаға
Ендеше, кезекті тамаша биге берейік.
Би: «Қызыл алма»
Жүргізуші: Құлақпен кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй -, деп, Абай атамыз айтқандай келесі кезекте әсем ән.
Ән:Күзгі байлық
Құттықтау сөз.

"Алтын күз" ертеңгілік (969.03 KB)

