ІІ кіші «Айгөлек» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өтпелі тақырып "Менің отбасым"
ІV апта № 2
Тәрбиеші: Айтжанова Райхан Ауезхановна
Күні: 22.10.2018ж.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: " Алтын күз"
Мақсаты: Бейнеленген заттарға сәйкес түрлі-түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдауды, желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағуды, күздегі ағаштың бейнесін жасауды үйрету.
Көрнекіліктер: сурет, желім, қылқалам, кленка, майлық, дайын үлгі (дайын пішіндер, ағаш)
Кіріспе бөлім: Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып:
- Армысыз, Алтын күн!
- Армысыз, қайырымды Аспан-ата!
- Армысыз, мейірімді Жер-ана!
Күліп шықты күн бүгін!
Қуанайық, шаттанайық бәріміз!
Негізгі бөлім: Көктем мезгілінде жер жыртылып, тұқымы себіледі. Жаз мезгілінде егіншілер осы егін даласында аянбай еңбек етеді. Күз мезгілінде барлық жемістер мен жидектер, көкөністер, бидай пісіп жетіледі. Егілген бір дән-мың дән болып қайтады. Сондықтанда «Күз –молшылық, береке» деп атайды.
«Табиғат сыйы» дегеніміз - бұл табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшілігін, алуан-түсті жапырақтар мен ауа-райының ерекшілігін білдіреді.
Сергіту сәті:
Алтын-сары, қызыл-көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күзгі бақта шаттана,
Билейміз біз айнала.
Сөздік жұмыс: күз, алтын сары жапырақ.
Билингвалды компонент: күз-осень
Тәрбиеші аппликация барысында қауіпсіздік ережесін еске салу.
Ақ қағазға дайын үлгідегі заттарды жапсыру керектігін көрсету.
Балаларды қадағалау. Үлгірмей жатқан балаларға көмектесу.
Д\о: «Кім жылдам?» Көрнекілік: Муляждар \көкөністер мен жемістер және пішіндер\
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке, көкөністер мен жемістерді ажыратуға және пішіндерге сәйкестендіріп қоюға үйрету.
Қорытынды: Балалардың еңбегін ескеріп, мақтап, мадақтау.

" Алтын күз" Аппликация (22.48 KB)

