Меню
Разработки
Разработки  /  Родной язык и литература  /  Разное  /  11 класс  /  Алты Алаштың алыбы ақын Абай

Алты Алаштың алыбы ақын Абай

Жизнь Абая
20.04.2020

Содержимое разработки

Алты Алаштың алыбы ақын Абай

Абай Құнанбайұлы ғұлама,ойшыл,ақын,ағартушы,ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы,аудармашы,композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.Құнанбай балаларының ішіндегі ең қабілеттісі Абай болатын.Ол он үш жасында ру арасындағы мәселелерге белсенді араласып,тәжірибе жинап,әкесі Құнанбай қажының саяси қарсыластарына қатысты қарсы уәж айтып отырған. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы,бітімі,тұрмысы,тіршілігі,дүниетанымы,мінезі,жаны,діні,ділі,тілі,рухы көрініс тауып,кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланады.Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын оқу арқылы да таным-нанымымызды кеңейтіп,тереңдете түсеміз. Алайда Тұрсын Жұртбай «Қазақ әдебиеті» газетіндегі сұхбатында «Абай жолы» -Абайдың өз өмірі емес деген болатын: «Өмірлік шындық біткен жерден-көркем шындық басталады» (Ю.Тынянов).Сондықтан да «Абай жолындағы» суреттелген сюжеттік оқиғалар-Мұхтар Әуезовтың көркем шындығы.Көркем шығарманың басты заңдылығы да сол.Қиыннан қиыстыра отырып,мың өмірлік шындықтан бір көркем шындық жасау керек.Әйтпесе,«соқтықпалы,соқпақсыз,етек бастылықты» бейнеленген шығарма болып шығар еді – делінген.

Президент Қ.Тоқаевтің қаңтарда 9-ы күні «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы ақынның мерей тойына орай,ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналып отырғанын атап көрсетеді.Президент мақаласының маған айрықша әсер еткен тұсы – Абай мұрасы арқылы ұлтты жаңа сапалық деңгейге көтеру идеясы.

Мемлекет басшысы аталған мақаласында ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар жөнінде атап өтті.

1.Тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізілетін «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ең басты шараға айналады.

2.Қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында «Абай және рухани жаңғыру мәселелері» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді.

3.Ұлы ақын Абайдың шығармалары әлемнің он тіліне аударылып,басылып шығарылады.Атап айтқанда ағылшын,араб,жапон,испан,итальян,қытай,неміс,орыс,түрік,француз тілдеріне аударылады.

4.Ақынның өмірі,мұрасы,қазақ мәдениетінің дамытудағы рөлі туралы бірнеше деректі фильм және «Абай» телесериалы түсіріледі.

5.Ақын тойына орай Республикалық және халықаралық деңгейде театр және музыка фестивальдары өтеді.Биылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады.Әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді «Абай атындағы мемлекеттік сыйлық» деп аталатын болады.

6.Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелдерде де жалғасады.Ресейдегі,Франциядағы,Ұлыбританиядағы және басқа да мемлекеттердегі Қазақстанның елшіліктері жанынан «Абай орталықтарын» құру жоспарланып отыр.

7.Шығыс Қазақстан облысының Ақшоқы елді мекеніндегі Құнанбай Өскенбайұлы әулетінің қорымы абаттандырылады.Сонымен қатар Мемлекет басшысы Абай тұлғасын жоғары дәрежеде дәріптеу үшін Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді.

8.Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді дамыту жұмыстары қолға алынады

9.Мерейтой жылы аясында Абайдың қастерлі мекені-әйгілі Жидебайда абаттандырып,ұлы ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасалатын болды.

10.«Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Осы және басқа да ауқымды шаралар ұлы Абайдың рухына тағзым етіп,оның мол мұрасын дәріптеу үшін өткізілмек.

Әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген ұғым қалыптасқанын жақсы білеміз.Сол сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек деп санаймын.Абай сыны-ауыр сын.Жалпы өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын айтсақ,айтқанын істесек,ел ретінде еңселеміз,мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Адамзат барда Абай бар».Абай-дүние тұрғанша тұратын тұлға!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы онда айтылған ордалы,озық ойларымен,жаһандық мәні бар ұсыныс,идеяларымен аса құнарлы,аса құнды еңбек,күнделікті өміріміздің бағытын айқындап тұрған бағдаршам,адастырмас ақ жұлдыз.

Иә,адамзат барда-Абай бар.Абай-дүние тұрғанша тұратын тұлға!

Оразалиева Ақниет

Шымкент қаласы

М.Х.Дулати мектебі

11"А"-сынып оқушысы

-80%
Курсы повышения квалификации

Занимательное искусствознание: как научить школьников понимать искусство

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Алты Алаштың алыбы ақын Абай (9.88 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт