Сыныбы: 5 А, Б
Күні: 08.09.2016
Сабақтың тақырыбы: § 1. Кіріспе.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қостанай облысының аумақтық-географиялық сипаттамасы мен әлеуметтік саласы жайлы жеткізу.
Дамытушылық: Қостанай қаласының пайда болуы мен Қостанай облысының аудандарын зерттеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанға сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «Қостанай облысының картасы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қостанай облысы.
Рельеф және климат.
Қостанай облысының аудандары.
Сабақ алдында оқу пәніне лайық психолгиялық жаңа ахуал туғызамын
Сабақты бастағанда Қостанай облысының орналасу аумағын картадан көрсетемін. Тақтаға елтаңбаның суретін іліп қойып, оның түсінігін оқушылардан сұраймын. Қостанай облысы 1936 жылы 29 шілдеде құрылғанын, ірі қаласы-Рудный қаласы екенін, қазіргі әкімі – Архимед Мухамбетов екенін түсіндіріп өтемін.
Ресми тіл-қазақ тілі, жер аумағы-196,0 мың км2.
Картадан Қостанай облысы республиканың 4 басқа облыстарымен шекаралас екенін көрсетемін. Олар: Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, СҚО.
Климаты қыс аязды, желдері күшті және қарлы боранды, жазы ыстық және құрғақ. Облыс ормандар мен бай.
Қостанай облыстарының аудандары
Алтынсарин ауданы
Амангелді ауданы
Әулиекөл ауданы
Денисов ауданы
Жангелді ауданы
Жітіқара ауданы
Қамысты ауданы
Қарабалық ауданы
Қарасу ауданы
Қостанай ауданы
Меңдіқара ауданы
Наурызым ауданы
Сарыкөл ауданы
Таран ауданы
Ұзынкөл ауданы
Федоров ауданы.
ІІІ. Сабақты бекіту:
Қостанай облысында 8 емхана, 3 таетр, 10 мұражай, 393 кітапхана, 278 мәдениет үйі, 2 спорт сарайы т.б бар.Облыс аумағы салыстырмалы тегіс рельефпен сипатталады.Солтүстік бөлім батыстағы-сібір ойпат жер оңтүстік-шығыс шетін орынға ие болады, оңтүстікке үстірт Торғайсі одан орналасады.
Үй тапсырмасы туралы хабар. Қостанай облысы туралы мәлімет оқып келу.
Сыныбы: 5 А, Б
Күні: 05.09.-22.09.2016
Сабақтың тақырыбы: § 2-3. Алтынсарин ауданы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алтынсарин ауданы туралы аумақтық-географиялық сипаттамасы мен әлеуметтік саласы жайлы жеткізу.
Дамытушылық: Алтынсарин ауданын толық зерттеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз туған елін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ. Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «Қостанай облысының картасы»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Алтынсарин ауданы туралы жалпы мәлімет.
Рельеф және климат.
Алтынсарин ауданы-Қостанай облысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 5,4 мың км2, аудан орталығы-Обаған ауылы. Жері жазық, теңіз деңгейінен 150-200 м биіктікте.Кен байлықтарынан саз, боксит, қоңыр көмір бар. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы қоңыржай жылы. Қаңтардағы орташа температурасы 17-18 градус, шілдеде 21-22 градус.Ірі көлдері: Талы, Байжарық, Ұзынкөл, т.б көлдерді картадан көрсетемін. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, тиін т.б мекендейтінін айтып кетемін.Алтынсарин ауданы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Аудан арқылы Қостанай-Көкшетау-Қарасу тау жотасы және Қостанай –Көкшетау –Қарасу автомобиль жолдары өтетінін түсәндіріп өтемін.
Оқушылар орындайтын тапсырмалар:
Сұрақтарға жауап беру.
1. Алтынсарин ауданы қай аймақта орналасқан, оны картадан көрсет.
2. Бұл ауданның орталығы қандай ауыл?
3. Ауданның табиғат байлығы қандай?
4, Ауданда қандай жануарлар мекендейді?
Үйге тапсырма беру: Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет жазып әкелу.
Сыныбы: 5 Ә, Б
Күні: 29.09.-06.10.2016
Сабақтың тақырыбы: § 4-5. Амангелді ауданы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Амангелді ауданы туралы аумақтық-географиялық сипаттамасы мен әлеуметтік саласы жайлы жеткізу.
Дамытушылық: Амангелді ауданын толық зерттеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз туған елін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: әңгіме, баяндау. Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «Қостанай облысының картасы»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Амангелді ауданы туралы жалпы мәлімет.
Рельеф және климат.
Амангелді ауданы-Қостанай облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Аумағы 27,8 мың км2. Тұрғыны-18,0 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 0,6 адамнан келеді (2006 жылғы көрсеткіш бойынша). Алғаш Батпаққара ауданы деген атпен 1928 жылы құрылып, одан кейін 1936 жылы оған халық батыры Амангелді есімі берілгенін айтамын. Аудан орталығы-Амангелді ауылы, жер бедері ойлы-қырлы, таулы-ойысты болып келетінің оқушыларға түсіндіремін. Кен байлықтарынан: қоңыр көмір, темір кентасы, боксит және құрылыс материалдары алынатынын қысқаша айтып өтемін. Климаты да қысы суық. Жазы ыстық және қуаң екенін дәптерлеріне жазғызамын. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-350 мм. Аудан Торғай, Ұлы Жыланшық өзендерінің бас жағы мен салалары-Сарыөзен, Жалдама және Қараторғайдың орта және төменгі ағыстары алабын қамтиды. Су айдындарында шортан, алабұға, ішінара, тұқы, сазан балық түрлері тараған, Жабайы аңдардан: қасқыр, түлкі, киік-сайғақ, борсық, қоян т.б бар.
Оқушылар орындайтын тапсырмалар:
Тест шешу.
Амангелді ауданы Қостанай облысының қандай әкімшілік бөлінічі?
А) оңт-шығыс В) солт-шығыс С) орталық Д) батыс
2. Ауданның алғашқы атауын көрсет
А) Арқайым В) Бетпаққара С) Сарыөзек Д) Жарасан
3. Амангелдінің климаты қандай?
А) жауын-шашынды В) салқын С) жазы-ыстық, қысы-ызғарлы
Д) бірқалыпты
4. Ауданнан қандай өзендер ағады?
А) Торғай В) Есіл С) Ертіс Д) Сырдария
Үйге тапсырма беру: Амангелді ауданы туралы сөзжұмбақ құрастыру.
Сыныбы: 5 Ә, Б
Күні: 13.10.-20.10.2016
Сабақтың тақырыбы: § 6-7. Әулиекөл ауданы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әулиекөл ауданы туралы аумақтық-географиялық сипаттамасы мен әлеуметтік саласы жайлы баяндау.
Дамытушылық: Әулиекөл ауданын толық зерттеп, баяндау
Тәрбиелік: Оқушыларды өз туған елін сүюге, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Сабақтың түрі: әңгіме, баяндау. Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «Қостанай облысының картасы», факультатив кітапшасы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Әулиекөл ауданы туралы жалпы мәлімет.
Рельеф және климат.
Әулиекөл ауданы- Қостанай облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік аудан, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жерінің аумағы 11,7 мың км2. Орталығы-Әулиекөл ауданы 1928 жылы Семиозер ауданы болып құрылғанына қысқаша тоқтап өтемін. Ал 1997 жылдан Әулиекөл ауданы аталғанын айтамын. Аудан аумағы Оңт-батысында Торғай үстіртімен, шығысында Торғай қолатымен шектеседі. Кен байлықтарынан: қоңыр көмір, көмір, отқа төзімді саз, боксит кездеседі. Климаты тым континенттік-қысы суық, жазы ыстық. Ауданның шығысында Басаман, Аманқарағай орман алқабы бар. Жабайы жануарлардан: қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, елік, бұлан т.б мекендейтінін айтамын. Ауданда май, сыра, нан, құрама азық заводтары, шағын тігін және жиғаз фабрикалары, құрылыс-монтаж кәсіпорындары, баспахана, жол құрылыс кәсіпорыны, автобаза бар. Әулиекөл ауданы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауданда негізінен қой, сиыр, жылқы, шошқа өсіріледі, астық, жемшөп,көкөніс,картоп, т.б егіледі.
Оқушыларға тапсырма беремін, олар салыстырмалы кестені дәптерлерінде толтырады.
| Аудан атаулары: | Амангелді | Әулиекөл |
| Аудандардың орналасқан аймағын: |
|
|
| Жер аумақтарының көлемі: |
|
|
| Табиғат байлықтары: |
|
|
| Жануарлар мен өсімдіктер әлемі: |
|
|
Кестені толтырып, алғашқы болған 4 оқушыны бағалаймын.
Үйге тапсырма беру: Әулиекөл ауданы туралы мәліметтер жинау.
Сыныбы: 5 Ә, Б
Күні: 27.10.-10.11.2016
Сабақтың тақырыбы: § 8-9. Денисов ауданы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Денисов ауданы туралы аумақтық-географиялық сипаттамасы мен әлеуметтік саласы жайлы баяндау.
Дамытушылық: Денисов ауданын толық зерттеп, баяндау
Тәрбиелік: Оқушыларды өз туған елін сүюге, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Сабақтың түрі: әңгіме, баяндау. Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «Қостанай облысының картасы», факультатив кітапшасы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Денисов ауданы туралы жалпы мәлімет.
Рельеф және климат
Денисов ауданы-Қостанай облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 6,8 мың км2. Тұрғыны 29,4 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,5 адамнан келеді. Ауданда 46 елді мекен, 13 ауылдық әкімшілік округке бөлінгенін айтып, оқушыларға дәптерлеріне жазғызамын. Аудан орталығы-Денисов ауылы. Кен байлықтарынан құрылыстық тас, әктас кездеседі. Климаты тым континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы ыстық, құрғақ. Басты өзендері: Тобыл, Әйет және олардың салалары-Қарағайлы және Қамысты Әйет. Жері негізінен қара және қызыл қоңыр топырақты. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қосаяқ, бозторғай, қызғыш т.б кездеседі. Денисов ауданы арқылы батыстан шығысқа қарай Ақмола-Қарталы темір жол, оңтүстікбатыстан солт-шығысқа қарай Қостанай-Жітіқара темір дол, сондай-ақ республикалық маңызы бар Қостанай-Рудный-Тобыл-Жітіқара автомобиль магистралі өтеді.
Оқушыларға тапсырма беремін:
Мен мынаны білгім келеді?
Денисов ауданы
Аудан қанша Қандай өзендері бар? Жануарлар дүниесі
әкімшілік мен өсімдіктер бар
Бөліктен тұрады? Ма?
Сыныбы: 5 Ә, Б
Күні: 17.11.-24.11.2016
Сабақтың тақырыбы: § 10-11. Жангелді ауданы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жангелді ауданы туралы аумақтық-географиялық сипаттамасы мен әлеуметтік саласы жайлы оқушыларға оқытып, үйрету.
Дамытушылық: Жангелді ауданын толық зерттеп, баяндау
Тәрбиелік: Оқушыларды өз туған елін сүюге, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Сабақтың түрі: әңгіме, баяндау. Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «Қостанай облысының картасы», факультатив кітапшасы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жангелді ауданы туралы жалпы мәлімет.
Рельеф және климат.
Жангелдин ауданы-Қостанай облысының оңт-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлінісекенін картадан көрсетемін. Жер аумағы 37, 6 мың км2. Тұрғыны 2008 жылғы көрсеткішпен 16,2 мың адам екенін айтамын. Аудан аумағындағы 45 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы-Торғай ауылы, негізінен Жангелдин ауылының жері Торғай даласы деп аталатын шөлейт даланы алып жатқанын айтып өтемін. Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерін бойлай Айғырқұм, Тосын және Аққұм құмдары жатыр. Кен байлықтарынан құрылыс материалдары кен орындары бар. Климаты тым континеттік,қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтардағы ауа температурасы -16, -17 градус, шілдеде 2225 градус. Ірі көлдеріне: Ақкөл, Жаман Ақкөл, Сарықопа, Жаркөл, Ащытастысор көлдерін картадан көрсетіп, дәптерлеріне жазғызамын. Дала өсімдігінен далада қау, шағыр, жусан, сүтемген, бидайық т.б өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, жабайы шошқа, ақ бөкен т.б кездесетінін айтып, дәптерлеріне сол аңдардың суреттерін салғызамын. Ыбырай Алтынсарин қазақ еліндегі тұңғыш қазақ-орыс мектебін осы ауданда ашқанын түсіндіріп кетемін.
Осы сабақты қорытындылай келе оқушыларға мынандай сұрақтар қоямын:
Жангелдин ауданының жер аумағы қанша?
Аудан аумағында қанша елді мекен бар?
Жангелді ауданының жері негізінен қандай?
Ауданның климаты қандай?
Жауап беріп отқан оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма беру: Неліктен аудан Жангелді аудан деп аталды? Ізденіп келу.
Сыныбы: 5 Ә, Б
Күні: 08.12.-15.12.2016
Сабақтың тақырыбы: § 12-13. Жетіқара ауданы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жетіқара ауданы туралы аумақтық-географиялық сипаттамасы мен әлеуметтік саласы жайлы оқушыларға оқытып, үйрету.
Дамытушылық: Жетіқара ауданын толық зерттеп, баяндау
Тәрбиелік: Оқушыларды өз туған елін сүюге, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Сабақтың түрі: әңгіме, баяндау. Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «Қостанай облысының картасы», факультатив кітапшасы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жетіқара ауданы туралы жалпы мәлімет.
Рельеф және климат
Балалардан өткен сабақта өткен үй тапсырмаларын сұраймын, тақырыпты қайталап аламыз. Одан кейін балалардың назарын жаңа сабаққа аударамын.
Жітіқара ауданы-Қостанай облысының батыс бөлігіндегі әкімшілі бөлік. Жерінің аумағы-7,3 мың км2. Тұрғыны 1999 жылғы көрсеткіш бойынша 56,5 мың адам. Аудан аумағындағы 33 елді мекен, 1 қалалық, 1 кенттік және 10 ауылдық әкімшілік округке бөлінген. Орталығы-Жітіқара қаласы.Кен байлықтарынан асбест, каолин сазы, құрылысқа жарамды тас, құм, әктас С шамасында. Климаты тым континеттік. Тобыл өзенінен, оның сол салалары-Бозбие, Ақтастысай, Шортанды, Желқуар өзендерінен және Тобылдың бойында орналасқан кішігірім көлдерден тұрады. Жабай жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, тышқандардың бірнеше түрі, өзен-көлдерде қаз, үйрек, шағала кездеседі. Халқының 68 %-і қалада және қала типті кентте тұрады.(Жітіқара қаласы және Пригородный кенті екенін айтып өтемін). Ірі ауылдарына: Тоқтаров, Чайковское, Тургеневка, Мықтыкөл, Милютинка, Жалтыркөл, т.б жатады. Өнеркәсібі: « Костанайасбест» акционерлік қоғамы, мемлекеттік «Жітіқара жылу энергетикалық компаниясы» қазыналық кәсіпорны, «Булудов» жекеменшік кәсіпорны, одан басқа нан, сүт зауыттары, т.б кәсіпорындардан тұрады.
Оқушылар орындайтын тапсырмалар:
Кроссворд шешуге үйренейік.
|
| Ж |
|
| |||||||||||||||
|
|
|
|
|
| і | |||||||||||||
|
| т |
|
|
|
| |||||||||||||
|
|
| і |
|
|
| |||||||||||||
|
| қ |
|
| |||||||||||||||
|
|
|
|
| а |
| |||||||||||||
|
|
|
| р |
| ||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
| а |
| |||||||||||
Ауданның әкімшілік бөлігі ол...
Өсімдіктер қайда өседі?
Аңдардың ішіндегі ең айлакері?
Әр оқушының алдында табылатын зат.
Үй жануарларының бірі.
Жітіқара бұл не?
Құм қандай болады?
Жітіқара ол қандай облысқа жатады?
Үйге тапсырма беру: Жетіқара ауданы.туралы эссе жазу.
Сыныбы: 5 Ә, Б
Күні: 22.12.-29.12.2016
Сабақтың тақырыбы: § 14-15. Қамысты ауданы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қамысты ауданы туралы аумақтық-географиялық сипаттамасы мен әлеуметтік саласы жайлы оқушыларға оқытып, үйрету.
Дамытушылық: Қамысты ауданын толық зерттеп, баяндау
Тәрбиелік: Оқушыларды өз туған елін сүюге, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Сабақтың түрі: әңгіме, баяндау. Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «Қостанай облысының картасы», факультатив кітапшасы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қамысты ауданы туралы жалпы мәлімет.
Рельеф және климат
Қамысты ауданы-Қостанай облысының әкімшілік бөлініс(1951 жылдан). Жер аумағы 12 мың км2. Тұрғыны 16,2 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,3 адамнан келеді. Қамысты ауданы облыстың батыс жағында Торғай үстіртінің солтүстік-батыс жағын алып жатыр. Жайылма ауылынан шығысқа қарай Қоңыртау тауы орналасқан. Кен байлықтарынан боксит кентасы мен отқа төзімді саз бар.Ауа райына қысқаша тоқталып өтемін. Климаты тым континенттік. Қысы суық,жазы біршама ыстық. Қыста желді және боранды күндер жиі байқалады. Қамысты ауданы көлге бай, олардың көпшілігі Сыпсыңағаш қолатында орналасқан және жартысына жуығы тұщы көлдер. Қулыкөл, Талдыкөл, Ақбай, Тұмарлықопа, Жолшара, Шөптікөл т.б көлдерінде балық кәсіпшілігі дамыған. Ауданның топырағы карбонатты қоңыр, қызғылт қоңыр. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, күзен, сарышұнақ, бүркіт, бозторғай, т.б тіршілік етеді. Шаруашылығы астық өндіру мен мал өсіруге маманданған.
Оқушылар орындайтын тапсырмалар, сұрақтарға жауап береміз:
Қамысты ауданы қай жылы құрылған?
Аудан топырағының түрі қандай?
Ауылшаруашылығының қандай түрімен айналысады?
Аудан арқылы қандай өзен көлдер өтеді?
Үйге тапсырма беру: Қамысты ауданы туралы қосымша мәліметтер жинақтау.
Сыныбы: 5 Ә, Б
Күні: 12.01.-19.01.2016
Сабақтың тақырыбы: § 16-17. Қарабалық ауданы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қарабалық ауданы туралы аумақтық-географиялық сипаттамасы мен әлеуметтік саласы жайлы оқушыларға оқытып, үйрету.
Дамытушылық: Қарабалық ауданын толық зерттеп, баяндау
Тәрбиелік: Оқушыларды өз туған елін сүюге, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Сабақтың түрі: әңгіме, баяндау. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: «Қостанай облысының картасы», факультатив кітапшасы, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қарабалық ауданы туралы жалпы мәлімет.
Географиялық жағдайлары
Табиға жағдайлары.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару, дәптер, қаламдарын түгелдеу.
Қарабалық ауданы-Қостанай облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс, 1997 жылдың 17 маусымына дейін Комсомол ауданы болғанын айтып кетемін. Негізі Қарабалық ауданы 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 6,9 мың км2. Тұрғыны 36 мың адам. Аудандағы 62 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы- Қарабалық кенті екенін оқушыларға түсіндіріп, қысқаша дәптерлеріне жазғызамын. Кен байлықтарынан аздаған мөлшерде темір кентасы, алтын, отқа төзімді саз т.б кездеседі. Климаты тым континенттік. Қысы суық, бұрқасынды. Жазы қоңыржай жылы, ең ыстық айы-шілде. Аудан көлге бай. Жерді қолдан егілген қарағай, қараағаш, терек, қараған ормандары алып жатыр. Ормандарында жидектер мен саңырауқұлақтар көптеп кездеседі. Жануарлар дүниесінен бұлан, елік, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, борсық, қоян мекендейді. Ірі елді мекендері: Қарабалық кенті, Бозкөл, Смирновка, Станционное, т.б. Аудан бойынша 5 темір жол станциясы және Еманкин темір жол айырмасы бар. Кен байлықтарынан аздаған мөлшерде темір кентасы, алтын, отқа төзімді саз, т.б кездесетінін айтамын. Қысы суық, бұрқасынды. Жазы қоңыржай жылы, ең ыстық айы-шілде. Аудан көлге бай. Мұнда 90-нан астам ірілі-ұсақты көлдер бар, олардың 75% -ының суы тұщы. Ірі көлдері Шұбар, Сасықкөл, Қарасор, Үлкен Бөрілі, Өлеңді, Аршалы, Өрнек, т.б. Жер асты суы негізінде Смирнов су жүйесі жұмыс істейді. Одан тартылған су құбырлары Қарабалық кентін, Бөрілі, Смирнов, Станционный, Михайлов округтерінің елді мекендерін сумен қамтамасыз етеді. Осылай сабақты қорытындылай келе, оқушыларға орындайтын тапсырмалар беремін:
Салыстырмалы кестені толтырыңдар.
| Аудан атаулары | Қарабалық | Қамысты |
| Аудандардың орналасқан аймағын |
|
|
| Жер аумақтарының көлемі |
|
|
| Табиғат жағдайы |
|
|
| Географиялық жағдай |
|
|
Үйге тапсырма беру: қайталау.


Қостанай облысының пайда болуы. (50.65 KB)

