Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Планирование  /  4 класс  /  Аққу, шортан һәм шаян

Аққу, шортан һәм шаян

қысқа мерзімді жоспар әдебиеттік оқу пәнінен

18.11.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:

Мысалдар. Ахмет Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан һәм Шаян

Мектеп: Ғали Орманов атындағы орта

мектебі

Тексерілді:

Күні: 20.10.2017

Мұғалім: С.Сарай

Сынып:

Қатысқан:20

Қатыпағандар:0

Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет береді. Мысал жанрымен танысады, мысалдың ерекшелігін біледі, негізгі ойды анықтай алады, өз пікірімен бөліседі.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Мысалдың тәрбиелік мәнін ашады;
Мысал кейіпкерлерінің іс - әрекетін бүгінгі өмірмен байланыстыра алады.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Мысалға сәйкес мақал - мәтел таңдай біледі;

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Мысалды басқа шығарма түрлерінен ажырата біледі;

Бұрыннан бар білімдері

Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар)

Ресурстар

Басталуы

Ынтымақтастық атмосферасын құру: Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық»
«Ынтымақ» «Бірлік» «Татулық» «Достық»
Көшбасшыны анықтау.


Өткенді еске түсіру: «Конверт - сұрақ»
Конвертке жазылған сұрақтарды жұп болып талқылап, жауап береді
1. Қарбыз бен қауын қандай шешімге келді?
2. Қауынды кім тауып алды?
3. Қарт қауынның дәнін не істеді?
4. Қарбыздың жағдайы не болды?
5. Бұл ертегіден нені түсіндің?
6. Ертегі қалай басталады?
7. Дән – қауынның жүрегі. Ол өлмесе мәңгі жасайды дегенді түсіндіріп бер.
8. «Қарбыз жападан – жалғыз қалады. Не істерін білмейді. Бұрын түн ішінде бір ауық дәнмен сыр шертіссе, енді ол да жоқ. Көңіл күйі болмаған соң, бұта түбінде жатады да қояды. Күндіз де, түнде де бір орнынан қозғалмайды.» Қарбыздың жағдайын оқығанда қандай сезімде болдың?
«Ыстық орындық»




Таныстырылым.



Ортасы


Жаңа сабақ

1 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі.
2 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары.
3 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері.,

4-топ. Ахмет Байтұрсынұлы жайында мағлұмат береді.(кластер арқылы)

1873 жылы қазіргі ғалым, ақын «Тіл құралы», Торғай өңірінде «Қырық мысал» дүниеге келген.
1938 жылғы қаралы Тұңғыш әліппені кезеңнің құрбаны болған. Аудармашы жазған.
А. Байтұрсынұлы орыс халқының атақты мысалшысы И. А. Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарады. Соның бірі - бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.
Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады.
V. «Ой қозғау»
Әр топ өз тапсырмасын тақтаға шығып қорғайды.(постер)
1 - топ: Аққу қандай құс?
- Аққу – сұлу, нәзік, өте сезімтал, сақ құс. Ол көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Оның өзгеше сұңқылдаған дауысы бар. Аққулар табиғаттың аса ғажап, қазір сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тиым салынған.
2 - топ: Шортан қандай балық?
- Шортан - ірі жыртқыш балық. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, басы жалпақ, түсі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады. Қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Дәмі, еті үшін көп ауланады.
3 - топ: Шаян жайлы не білесіңдер?
- Шаян - қысқа құйрықты, басы кішкентай, мұрттары қысқа. 4000 - нан астам түрлері бар. Олар теңіз, тұщы су қоймаларында және құрғақта өмір сүреді. Олар өлексе және омыртқасыздармен қоректенеді.
VI. Оқулықпен жұмыс.
1. 4-топ : Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Оқушыларға оқыту
3. «Аққу, шортан, шаян суреттері салынған сюжет бойынша әңгімелеу.
Сұрақтар:
1 - топқа: Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
2 - топқа: Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?
3 - топқа: Мысал бізді неге шақырады?

4-топқа: Мысалға қандай мақал айтуға болады?






Оқулықпен жұмыс.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Оқушыларға оқыту

3. «Аққу, шортан, шаян суреттері салынған сюжет бойынша әңгімелеу.

Сергіту сәті

Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,  Жоқ, жоқ, жоқ.

Сергіту жаттығуы жазылған парақша

Аяқталуы

- Әр топ өзінің атауына байланысты 5 жолды өлең құрайды. «Аққу», «Шортан», «Шаян».

- Не үйрендік? Не білдік?

Сөздік жұмысын жүргізу.

Үйге тапсырма: мазмұндау.

Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалайша

жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс –

Денсаулық пен қауіпсіздікті

тексеру, АКТ

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу міндеттері

анық па?

Бүгін оқушылар не

үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?



Бүгінгі сабақ кызықты болды ма?


Не ұнады?

Неліктен?







Дифференциялау

жоспарым жүзеге

асты ма?

Тапсырмалары

сәйкес болды ма?

Уақыт дәлдігі қалай

болды? Жоспарыма

қандай өзгерістер

енгіздім?

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:


Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Аққу, шортан һәм шаян (25.11 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт