Меню
Разработки
Разработки  /  Обществознание  /  Уроки  /  5 класс  /  Адам мінезімен танылады

Адам мінезімен танылады

- жа?сы/жаман мінез-??лы?ты ажырата білуге ?йрету;

- о?ушыларды? бойында жа?сы мінез-??лы? дамыту?а ы?пал ету;

- ?зін ??рметтеу ?зіне деген сенімділікке т?рбиелеу.

17.10.2016

Содержимое разработки

Өзін-өзі тану сабағының жоспары 

Сабақ № 2

Мектебі: «Мәтібұлақ ауылындағы орта мектеп МДШО» КММ

Мерзімі: 13. 09 .2016 ж

Тақырыбы: Адам мінезімен танылады
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.
Мұғалім: Чанчарова Айгул Ермекбаевна

Сынып: 5

Оқушылар саны: 20


Мақсаты: Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру

Міндеттері:

- жақсы/жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету;

- оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық дамытуға ықпал ету;

- өзін құрметтеу өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (инструментарии,

мағлұматтар) интер.тақта, үнтаспа,суреттер, нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Бес ереже

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық Ережеге қысқаша мағұлмат беру.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» ♫ ( Жәй классикалық музыка қосылады ).

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

- «Жақсылық жасау – әр адамның ісі» дегенді қалай түсінесіңдер?

- мінезді қалай шынықтыру керек?

Сабақ барысын талқылау: «Хрустальная грусть» әуені




3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз).

«Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы»

-Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?

Көрнекті қоғам қайраткері, ғалым

Халел Досмұхамедұлы

4.Әңгiмелеу (сұхбат).

Адам өмірі – іс-әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көз-қарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді. Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып, тәрбиелеуге мүмкіндігі мол. Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез-құлықтың адамның қарым-қатынас жасауында алатын орны, адамның өз мінезін өзгерте алатындығы, оның үнемі өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында жүргізіледі.

  1. Мінез дегеніміз не?

  2. Адамның мінезі қайда және қалай танылады?

  3. Мінез-құлық адамдардың қарым-қатынасына әсер ете ме?

  4. Адам өз мінезін өзгерте ала ма? Қалай?


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Оқулықта адамның мінез-құлқына қатысты негізгі тұжырымдамалар берілген:

«Адамның мінезі оның басқа адамдарға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасынан, іс-әрекеттерінен байқалады.Адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез-құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болу керек.Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, өз мінезін жетілдіре алады».Адамның қасиеттері өзінің жеке бойына тән болса, мінез міндетті түрде қарым-қатынас барысында айқындалады. Оқушылардың жауаптарын пайымдай келе мұғалім: Адам өз мінезін дұрыс қалыптастыру үшін не істеуге болады? Мінезді қалай шынықтыру керек? – деген сияқты сұрақтар қойып, оқушылардың ойларын тыңдай. Осы жерде мұғалім сыныптағы мінез өте жақсы оқушыларға тоқтала кетіп, олардың басқаға үлгі болып, барлық оқушымен жақсы қарым-қатынас жасауы – олардың мінездерінің жайлы да жағымды болғанынан деген қорытынды жасап кетуіне болады.


6.Топпен ән айту. 3 мин.

«Арман жолдар» Сөзі: А.Дүйсенбінікі, әні: Ұ.Жолдасовтікі



7.Үй тапсырмасы. 2 мин.

дәптердегі 2-тапсырманы орындау.


8. Соңғы тыныштық сәтi.. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші...






-80%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Адам мінезімен танылады (19.93 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт