3D ГРАФИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ
МҮМКІНДІКТЕРІ
Ниханбаева Н.Т.
КарГУ
Теңдікова А.Б., Есим Ж.Е.
ККАО «Болашақ»
Зерттеу тәжірбиелердің арқасында қазіргі таңда бұрын мүмкін болмаған ақпараттық технологиялардың түрлі формасымен, құрылымен және жалпылыма талдау мүмкіндіктерінің күрт дамуы, графикалық редактордың түрлі мүмкіншіктерін беріп отыр. Ол біріншіден, суреттерді өңдейтін бағдарламалар арқасында уақытты үнемдеуге, екіншіден, архитектурада, медицинада, және тағы басқа ұйымдардың жұмысын жеңілдетуде, үшіншіден, заманауи техникалардың дамуына улкен үлес қосуда, төртіншіден, жеңілдетілген бағдарламалар арқылы өздігімен үйрене отырып продукция шығарғанда шығынды әлдеқайда азайтады.
Компьютерлік графика – информатика пәнінің маңызды саласы, себебі әр түрлі кескіндерді, мысалы: суреттерді, сызбаларды, мультиплиқацияларды компьютердің көмегімен алуды қарастырады. Монитордағы кез-келген бейне, өзінің жазықтығына қатысты растрлық болып табылады, себебі монитор – бұл матрица, ол бағандар және жолдардан тұрады. Үшөлшемді графика тек біздің қиялымызда ғана бар, себебі біз монитордан көріп отырғанымыз – бұл үшөлшемді фигура проекциясы, ал кеңістікті өзіміз құрамыз. Осылайша, графиканы визуализациялау тек растрлық және векторлық болып табылады, ал визуалдау әдісі тек растр.
Компьютер графикасын тереңдете зерттейтін пайдаланушылардың саны күн санап артып келеді. Себебі қазіргі танымал бағдарламалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді.
Компьютерлік графика аймағындағы бағдарламалар тек академиялық бағытта және ғылыми мекемелерде ғана қолданылды. Ақырындап компьютерлік графика күнделікті өмірге нық ене бастады және осы облыста коммерциялық жобаларды енгізу мүмкін болды. Компьютерлік графиканы қолдану аймағы бір көркемдік эффектімен шектелмейді.3D графикалық редакторлары компьютерлік ойындар, жарнамалар, кино, анимациялық мультфилм, визуалдауда, медицинада, археологияда, ұшық, машиналар, мекемелердің макетін жасауда қолданылады. 3D компьютер графикасы көп салада қолданыс тапқан.
Қолданылу аймақтары:
архитектурада және интерьерлік конструктрлауда (1-сурет) ;
электротехника және электроникада;
компьютерлік мультипликация және фантастикалық сюжетті ойындар ;
машина жасау АПРЖ-де (2-сурет);
географиялық ақпараттық жүйелерде;
теледидарда: жарнама, ғылыми танымал роликтар, кина, анимация;
көркем компьютерлік графика, Web-дизайн;
3D компьютер графикасын моделдеуде уникалды құрал-саймандары мен әдістері арқылы виртуалды моделдері құрады. Қазірге кезде құрылыс, дизайнерлік компаниялары визуалды бейнеленетін инженерлік жобалар жүйесін қолданады (3-сурет). Үйдің дизайны және жөндеу жұмыстарымен байланысты 3D моделдеудің компьютерлік программаларын клиентке болашақ жоба туралы дәл ақпарат беру үшін қолданады. Осылайша бұл компаниялардың кірісі пайдасыз сызбаларға жұмсалатын уақытты үнемдеу есебінен арта түседі. 672
3D компьютер графикасының бағдарламалары архитектура саласына визуалдауда жаңа мүмкіндіктер береді. Идеялардың үлгісін қол техникасымен көрсетудің орнына компьютерді қолдану өте ыңғайлы. Жаңа жобаларды 3D графика компьютерлік программаларында жасалынған фотореализмді бейнелер түрінде көрсету дамып отыр. Осы технология архитектуралық дизайн облысына өз үлесін қосуға тырысады. Оны қолдану арқылы алынған күрделі жобалар сәттілігі әр бір салада бүгінгі күнде талабы күшті қатал бәсекелестік жағдайында нәтижені көрсетудің нанымдылығынан тәуелді болады.
IT-технологиясы облысында, әсіресе дизайнерлік, дәрігерлік, архитектуралық мамандарда сапалы білімдендірудің жетіспеушілігі бұл технологияны игерудің қаншалықты маңыздылығын көрсетеді. Интерьер және экстерьер дизайнын жасауды экономиканың әр түрлі салаларының IT- индустриясында қолдану қажеттілігі артуда. Заманауый өндіріс қызметкер-дизайнерлер, архитекторлар, модельерлерге көптеген программаларды білуін талап етеді, яғни жұмыс берушіге кең профилді жан-жақты маман керек.
Қазіргі заманғы компаниялар 3D-технологияның қандай да бір компонентінсіз жұмыс жасай алмайды. Осыған байланысты программалық қамтамасыздандыру, соның ішінде анимация және визуализация бойынша бағдарламалардың қолданысы кең таралған. Заманауи IT-технология мамандарын 3D - технология бағыттында оқыту бүгінгі күнде әр түрлі оқу орындарында үлкен сұранысқа ие. Әр түрлі үшөлшемді жобалық циклды басқаратын шешімдер жобаның орындалуына қызығушы барлық тұлғаларға оған оның кез-келген сатысында қосылуына және олардың компетенциялары шегінде жобалық мәліметтер қосуға мүмкіндік береді. Осылардың бәрінің негізі мәліметтердің сандық форматы боп табылады.
Анимациялық жобалау, media-өндіріс және game-индустрия бойынша сенімді және функционалды шешімдер ұсынатын 3D компьютерлік моделдеуге қызығушылықтың артуына байланысты бұл өнім экономиканың киноиндустрия, жобалау, жарнама жасау, ландшафт дизайны сияқты салаларында тиімділікке ие.
Моделдеудің алдыңғы қатарлы әдістері осы салалардың аниматорларына, дизайнерлеріне және инженерлеріне өздері ойлағандай дәрежеде компьютерде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Идеялар моделге біртіндеп ауысады, қателер мен қайталанатын үрдістер саны кемиді, өйткені модель өзінің нақты өмірдегі протипіне жақын байланысқан (4-сурет). Мәліметтердің сандық форматы жобалаудың барлық сатыларында тиімді бірлескен жұмысқа мүмкіндік береді. Жобалық ақпарат құрылады, басқарылады және жалпы қолдану мүмкіндігіне ие. Оны кез келген қажетті орындар қолдана алады. Нәтиженің ерекшелігі көпшілік арасында кең түрде қызығушылықпен қолданыс табатындығында болып отыр.
Статистиқаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген бағдарламаларды жасап шығарушы бағдарламистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
4-сурет
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады
Біз айналысатын білім беру саласында оқу үрдісін жаңаша қалыптастырудың және дәстүрлі түрде оқытуды ығыстырып қолданыстан шығаруға жағдай жасаудамыз. Мұндай өзгерістерді білім беру саласына енгізу үшін біз зерттейтін мәселелер азаю орнына көбейе түсуде.
Үш өлшемді графиканың бағдарламалары өз мүмкіндіктері бойынша ең қызықтылары және меңгерілуі бойынша ең күрделілері. Осындай бағдарламалардың ішінде 3 ds Max бағдарламасы көшбасшы орындардың бірін алады. Өзінің тамаша мүмкіндіктерінің және меңгеруге қолжетімділігінің арқасында бұл бағдарлама қызығушылардың арасында да, кәсіпқойлардың арасында да оған құмартушылардың ең көп санына ие. Шынында, 3ds Max пайдаланылмайтын үш өлшемді графикамен байланысты адам қызметінің саласы өте аз қалды. Оны ойындармен фильмдерді құру үшін, сәулет және құрылыс, медицина және физика, сондай - ақ басқа да көптеген салаларда белсенді түрде қолданады.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы басқа да екі өлшемді және үш өлшемді модельдеу бағдарламалары өздерінің күрделі функцияларымен, толық әрі жан-жақты мүмкіншіліктерімен ерекше. Олар өздерінің жаңа заман талабына сай жабдықталған комплектісімен қазіргі мамандарға күшті мүмкіндік береді. Олардың көмегімен түрлі таңғажайып нәрселерді, керемет дүниелерді жасауға әбден болады.
Әдебиеттер тізімі
Статьи по основам 3D-графики. // Электронная версия на сайте http://www.computerra.ru
Миловская О. Дизайн архитектуры и интерьеров в 3DS Max 8 – М.: Мастер,2007.
Ермеков Н. Т. Компьютерлік графика [Мәтін]: Оқулық / Н.Т. Ермеков.- Астана: Фолиант, 2007.- 172с.- (Кәсіптік білім).
Бутакова Н.Г. Компьютерная графика [Текст]: Учебное пособие / Н.Г. Бутакова.- М.: МГИУ, 2008.- 216 с.
Кошабинский А.О., Грошев С.В.Компьютерная графика: Практич.пособие «М.ТЕХНОЛОДЖИ-3000», 2009-752с.
Бурлаков М.В. Самоучитель по компьютерной графике. Изд. Санкт –Петербург. 2008 г.
В.Д. Курушин Графический дизайн и реклама М: ДМК Пресс 2001- 272 с.
Архангельский Программирование в Delphi 7- БХВ- Санкт-Петербург, 2011.
Александровский А.Д. Delphi 5. разработка корпоративных приложений // Изд. «Для программистов» М.-2006г.
Культин Н.Б. Delphi в задачах и примерах [Текст] / Н.Б. Культин.- СПб.: БХВ-Петербург, 2005.- 288с (с компакт диском )
Эдвард Э. Интерактивная компьютерная графика. Пер. с англ. – М.: Вильямс, 2001.


3d графикалық бағдарлама (21.3 KB)

