Сабақ тақырыбы: Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік: . Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып, шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызына тоқталу, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Өздерінің ойларын жеткізе және дәлелдей білу, бір-бірімен келіссөзге келуге деген ынталарын арттыру. Оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Тіл өнеріне, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, «Білемін, білгім келеді, білдім» әдісі, өзіндік жұмыс, АКТ пайдалану.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қалам, презентация, фильм, күй, флипчарт, А-4 парақтары, тақта, бор.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, ән-күй, информатика
Пайдаланылған әдебиеттер: 10-шы сыныпқа арналған әдебиет оқулығы, хрестоматия, Джамбул Джабаев избранные произведения, издательство «Жазушы» Алма-Ата -1981, интернет, дауыстың жазылуы, Қосымша материалдар: 1Оқулық авторлары: Ақшолақов Т, Жұмажанова Ж. Қалиев С, Дүйсебаев С. «Жақсылар айтқан екен» жинағы», № 5 «Парасат» журналы.Алматы 1996 жыл, оқулық, «Тоқсан толғау».
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Кезең | уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастырушылық кезең | 2 минут | Сәлемдесу. Сабаққа даярлықтарын анықтау. Психологиялық дайындық
| Балалар мұғаліммен амандасады. Күй тыңдау №2 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| 1 минут | Оқушыларға кесінділер (қиықтар) таратылады.
| Оқушылар суреттерді алып, топтарға болініп отырады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызығушылықты ояту. | 3 минут | Бүгінгі сабақ не туралы болмақ? Қазір фильм көріп, тақырыбын, мақсатын анықтайсыздар Ол туралы не білгілерің келеді? не білесіңдер? | Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады. Тақырып бойынша не білгілері келетіндерін топпен бірлесіп жазады да, тақтаға іліп қояды. №3 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа материалды түсіндіру. Мәтінмен жұмыс | 20 минут | Оқулықпен жұмыс 141 бет. Оқушылар мәтіннен Жамбыл өмірбаянына байланысты мәлімет алады. Оқулықта мәлімет аз болғандықтан оқушылар интернетке шығады. Интерактивті тақтада оқушыларға көмек ретінде Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдер берілген. I кезең 1846-1916 жылдарға көз жіберсек. І кезең – 1846-1916 жылдар аралығы: Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . 1860-1861 ж.- өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл алғашқы өлендерін шығарып, Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. 1891 ж.- Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездеседі. Ол бозбала(14-15 жасында) шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгірген. 1912 жылы Балуан Шолақпен кездеседі.1913 жылы Романовтардың 300 жылдық тойына арналған көрмеге барады 1916 ж.- Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған «Патша әмірі таралды» және «Зілді бұйрық» деген өлеңдерін шығарды. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. «Сараң бай мен жомарт кедей», « Жылқышы», « Кедей күйі». « Біреулер жүр». II кезең 1917-1940 жылдарды қамтитын ақын өмірі қандай із қалдырды. Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. 1919 ж. мамыр айында- Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатысып , ақындар айтысында бағалы сыйлық алды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. 1936 ж. - КСРО Орталық Атқару Комитеті Қазақстанның халқы ақыны Ж.Жабаевқа «Еңбек Қызыл Ту» орденін беру туралы қаулы шығарады. 1937 жылы Ш. Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» поэмасының 750 жылдық тойына қатысуы.1938 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат. 1938 ж. -КСРО жоғары Кеңесі Президиумының қаулысымен Жамбыл Ленин орденімен наградталды. 1939 ж.- «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады. Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді көтерді. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. III кезең 1941-1945 жылдары төбемізге қара бұлт болып төнген ауыр да азапты кезеңде Жамбыл өміріне тоқталамыз. 1941 жыл көркем әдебиет саласындағы аса үздік еңбек үшін Қазақстанның халық ақыны Ж.Жабаевқа КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген жоғары дәрежелі атақ берілді. 1941 жылы «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылуы. 1943 жылы Жамбыл Жабаев атындағы Халық ақындарының Республикалық айтысы өтіп, оны Жамбыл Жабаев ашады. Байқау жеңімпаздарына Жамбыл атындағы халықаралық диплом мен медаль сыйлыққа берілді. Бұл байқаудың жеңімпазы болған Дина Нүрпейісова. 1945 жылы, 22 маусымда қайтыс болды. Жамбыл Жабаев Ленин, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. 1946 ж. .- Жамбылдың мұражайы мен кесенесі ашылды. «Отаным», « Туған елім», « Күләшқа»,«Бақыт ордасында», « Махаббаты өлшеусіз ана», « Ұлы көш», « Ленинградтық өренім»,« Төлеген ер», « Москваға» жазған өлеңдері. Балалар, сіздерге мәтін ұсынылып отыр, мазмұнын түсініп, хронологиялық таблица жазыңыздар, топ арасында алмасу керек
| Оқушылар жазба дауысты тыңдайды, кезеңге байланысты ақпаратты жазып алады. 5 слайд Мәтін бойынша хронологиялық кесте құрастырады. 6-7 слайдтар 1846 ж. 28 ақпанда- Жамбыл алғашқы дүниеге келді. 1860-1861 ж.- Жамбыл алғашқы өлендерін шығарып, Сүйінбай ақыннан бата алған. 1891 ж.- Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездеседі. Қырғыз еліне ақындығымен танылады. 1912 ж- Балуан Шолақпен кездеседі. 1913 ж Романовтардың 300 жылдық тойына арналған көрмеге барады 1916 ж.- Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған «Патша әмірі таралды» және «Зілді бұйрық» деген өлеңдерін шығарды. 1919 ж. мамыр айында- Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатысып , ақындар айтысында бағалы сыйлық алды. 1936 ж. - КСРО Орталық Атқару Комитеті Қазақстанның халқы ақыны Ж.Жабаевқа «Еңбек Қызыл Ту» орденін беру туралы қаулы шығарады. 1938 ж. -КСРО жоғары Кеңесі Президиумының қаулысымен Жамбыл Ленин орденімен наградталды. 1939 ж.- «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады. 1941 ж. - Көркем әдебиет саласындағы аса үздік еңбек үшін Қазақстанның халық ақыны Ж.Жабаевқа КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген жоғары дәрежелі атақ берілді. 1941 ж. -Жамбыл атақты «Ленинградтық өнерім» деген өленің шығарды. 1945 ж. 22 маусымда- Жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта Жамбыл дүниеден өтті. 1946 ж. - Жамбылдың мұражайы мен кесенесі ашылды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талдау. | 6 минут | Әр топ өзінің жазғанын қорғайды
| Жасаған постерді тақтаға іледі, қорғайды | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жинақтау. | 2 минут | Әр топ Жамбыл туралы өздерінің пікірлерін айтады. Қорытынды жасайды. «Өлең –сөздің пірі», « Поэзия алыбы», «Қайта туып, қайта жасарған ақын», «Тамыры терең кәрі емен», « Жүз жасаған бәйтерек», «Қазақтың Гомері», « Феномен-Феникс», «Жыр алыбы», «Суырып салма ақын» , «Айтыс ақыны». | Оқушылар топ арасында талқылайды, өз ойларын жазады Тақтада қаламмен жазады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытындылау кезеңі. | 7 минут | Шығармашылық тапсырмаларды орындау 1 топқа тапсырма: 1 мен 7 аралығында сандар жазылып тұрады. Ол сандардың артында сұрақтар құрасытырылуы керек. 1) Жамбыл кім? Жамбыл қай жылдары өмір сүрген. Жамбыл- ақын жыршы, сурып салма ақын, айтыс ақыны.(1846-1945) 2) ) Ол қай таудың етегінде туды? Ол Жамбыл тауының етегінде, Көктерек атты жерде туған. 3) Жамбылдың ұстазы кім? Жамбылдың ұстазы-Сүйінбай. 4) Балалық шағы қалай өтті? Балалық шағы жоқшылықта өтті. 5 ) «Ленинградтық өренім» өлеңі кімге арналған? Қай жылы жазған? 1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарылған өлең. 6) Бұл өлең жауынгерлерге не берді? Бұл өлең жауынгерлерге күш, рух берді. 7) Жамбыл өлеңінде Ленинградты неге теңейді? Ленинградты өжет, ержүрек, ешкімнен қорықпайтын батыр адамға теңейді. 2 топ. Сөзжұмбақ құрастыру
Сол жақ: 1)Жамбылдың әкесінің есімі? Жапа 2)Дүниеге келген айы? ақпан 3)Ж.Жабаев қырғыздың қандай жырын жатқа жырлаған? Манас 4)Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп айтылады? бата 5)Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады? ыңтымаққа 6)Жамбыл қандай орденмен марапатталады? Ленин Оң жақ: 1)Жамбыл қанша жасаған? жүз 2)Жамбылдың ұлының есімі? Алғадай 3)Жамбылдың алғашқы сүйіктісінің аты кім? Жамбылдың алғашқы сүйгені Бұрым атты қыз болатын. 4)Жамбыл кім? Ақын 5)Жамбыл Ленинград қорғаушыларының несін жырлады? Ерлігін 6)Алматы қаласының патшалық кезеңдегі аты? Верный 3 топ: «Білемін, білгім келеді, білдім» кестесіндегі 3-ші ұяшықты толтыру. Жамалбек Ақылбайұлының «Жамбылым» өлеңімен аяқтау. Жыры да дария- Жамбылым Сыры да дария- Жамбылым Қаратау сынды қазынаң Шежіре қария - Жамбылым Сөзі де батыр- Жамбылым Өзі де батыр- Жамбылым Алатау сынды айбарым Арқалы ақын- Жамбылым Өлеңге ұста -Жамбылым Айтқаны нұсқа- Жамбылым Айналған соғыс жылдары | Әр топ сұрақтарымен алмасып, жауап іздейді. Флипчарт.Оқушылар қорытыдысын өлеңмен аяқтайды (жазбалы дауыс) 8 слайд 9-10 слайдтар Оқушылар қорытыдысын өлеңмен аяқтайды (жазбалы дауыс) 11-13 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын беру кезеңі | 1 минут |
| Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады. 14 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау | 2 минут | Сабаққа қатысты ұсыныстары мен пікірлерінді жазыңыздар. Бағалауға кірісейік. | Оқушылар стикерлерге жазады да, сәттілік ағашына іледі. Топтар бағаларын айтып, қорытындылайды. |