Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Уроки  /  11 класс  /  Зертханалық тәжірибе №5. Нәруыздардың қасиеттерін зерттеу.

Зертханалық тәжірибе №5. Нәруыздардың қасиеттерін зерттеу.

О?ушыларды? лабораториялы? ??ралдар ж?не химиялы? заттармен ж?мыс істей білуді одан ?рі жал?астыру ма?сатында болып жат?ан ??былыстар мен заттарды? ?асиеттеріне к??ілін аудару. Д?птерге істеген ж?мысты ?орытындылап жаза білу да?дысын ?алыптастыру.

15.11.2016

Содержимое разработки

Сабақтың реті: Күні

Сабақтың тақырыбы: Зертханалық тәжірибе №5. Нәруыздардың қасиеттерін зерттеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Лабораториялық құралдар және химиялық заттармен жұмыс істей білуді одан әрі жалғастыру мақсатында болып жатқан құбылыстар мен заттардың қасиеттеріне көңіл аудару. Дәптерге істеген жұмысты қорытындылап жаза білу дағдысын қалыптастыру. Тәжірибе жасау кезінде оқушылар бақылағанын қорытындылап жазу үшін өткен практикалық жұмысты еске түсіреді.

Дамытушылығы: есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдырысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: ауаның тазалығын сақтау туралы экологиялық проблемалар.

Сабақтың көрнекілігі: құралдар мен реактивтер:тұрғы, сынауықтар, тамызғыш сүзгіш, қағаз, құйғы, құты, қыздырғыш, жұмыртқа нәруызы ерітіндісі, 10%-қ натрий гидроксидінің ерітіндісі, 5%-қ мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісі, концентрлі азот қышқылы, қорғасын (ІІ) ацетатының ерітіндісі, фенол, формалин, этил спирті

Сабақтың барысы:

ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар мен мұғалімнің сәлемдесуі. Балаларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа деген дайындығын /жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері/ тексеру.

мақсат қою кезеңі.

Оқытушының баяндауы мен оқулықтағы мазмұн бойынша ондағы басты мәселеге көңіл аудару одан әрі жалғасады және есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдылары қалыптастырылады.


Жұмыстың орындалуы.

  1. Биурет реакциясы. Сынауыққа 2 мл нәруыз ерітіндісін және 2 мл натрий гидроксидін құйып, 2-3 тамшы мыс )ІІ) сульфатын қосыңдар. Қоспаны араластырғанда, ондағы нәруыздың бар екенін көрсететін қызыл күлгін түс пайда болады.

  2. Азот қышқылы қатысында нәруыздың тұнбаға түсуі. Сынауыққа азот қышқылынан 3 мл құйып, оған сүт нәруызынан 1 мл қосса, нәруыз тұнбаға түседі. Қоспаны шайқаса, азот қышқылы бар сынауықтағы тұнба мөлшері арта түседі.

  3. Ауыр металл тұздары қатысында нәруыздың тұнбаға түсуі. Екі сынауыққа 2 мл-ден нәруыз ерітіндісін құйып, біреуіне араластыра отырып мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісінен, екіншісіне қорғасын (ІІ) ацетаты ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызса, тұзды ортада нашар еритін нәруыздар ірімшіктелген тұнба түзеді. Мұнда қандай өзгерістер байқалатынын түсіндіріңдер.

  4. Формалиннің және спирттің нәруызға әсері. Екі сынауықтың біреуіне этил спиртін, екіншісіне формалин құйып, олардың үстіне 1 мл-ден нәруыз ерітіндісін қосыңдар. Сонда екеуінде де тұнба түзіледі. Тұнбаға су қосып араластырыңдар. Тұнба ерімейді.

  5. Нәруызды қыздырғанда ұюы (денатурациясы). Жұмыртқа нәруызының ерітіндісін сынауыққа құйып алып, қайнағанға дейін қыздырыңдар. Су қоссаңдар тұнба ери ме? нелітен тұнбаның ерімейтінін түсіндіріңдер.



    1. Мақта және жібек жіптің жануы.

құралдар мен реактивтер: қысқыш қайшы, спирт, шырпы, талшықтар (мақта, мата, жүн, табиғи жібек)


Жұмыстың орындалуы. Берілген талшықты қысқыш қайшымен спиртшамның жалынына ұстап жағыңдар. Олардың жануын қадағалаңдар.

Мақта жібі. Жанған қағаздың иісін шығарып тез жанады. Жанып біткенде, сұр түсті күл қалады.

Жүн немесе табиғи жібек. Жанған жүннің иісін шығарып баяу жанады. Жанып болған соң, уқалағанда үгітілетін шарик түзіледі.




Үйге тапсырма: қайталау

-80%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Зертханалық тәжірибе №5. Нәруыздардың қасиеттерін зерттеу. (17.13 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт