Тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Мақсаты: Оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін
сөйлей білуге қалыптастырып, ой-өрісін дамыта отырып, өздік-
терінен қорытынды шығаруға машықтандыру, сөздік қорын мо-
лайту, ойлау, көру, сезіну, қабылдау шығармашылық ізденіс
арқылы қабілеттерін дамыту.Оқуға, білімге, өнерге қызығушы-
лықтарын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдісі, шеңбер.
Түрі: Сыныптан тыс.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка,
қазақ тілі.
Көрнекілік: сұрақтар жинағы.
Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Шаттық шеңбері.Оқушылар бір-біріне ықыласпен жылы тілектер айтады.
- Оқушылар, бүгінгі сыныптан тыс сабақты біз 4 кезеңнен тұратын интеллек-
туалды ойын түрінде өтеміз.Берілген сұрақтарға жауапты тез беруге тыры-
сыңдар.Берілген белгі арқылы, аттарың аталған соң жауап бере аласыңдар, егер жауап дұрыс болмаса, келесі бала жауап бере алады.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.Сәттілік тілеймін!
1-кезең Бәйге.
1.Астананың туған күні (6 шілде 1998ж.)
2.Заттың атын білдіретін сөз (зат есім)
3.Ұлы Отан соғысының батыр қыздары (Әлия, Мәншүк)
4.Дарабоз атанған кім? (Қабанбай)
5.1тәулікте неше сағат бар? (24)
6.Ұзындық өлшем бірліктері (мм,см,дм,м)
7.Сандардың қосындысы 165.Бірінші қосылғыш 92, екінші қосылғышты тап (73)
8.98545 санында неше толық ондық бар?
9.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
10.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
2-кезең Жеті жұрттың тілін біл!
1.Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап-книга)
2.Аяғы біреу, қолы жоқ
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қарындаш-карандаш)
3.Келтірер көп пайдасын
Оқушының айнасы. (парта)
4.Мен – ақ қалам, ақ қалам,
Жазған сайын жоқ болам. (бор-мел)
5.Сол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді
Ол не? Ойлан, тап! (доп-мяч)
6.Ұзын, ұзын, ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп сол судың,
Қанып ішкен бар ма екен? (оқу)
7.Таңмен көзің ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)
8.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
9.Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді
Аузы жоқ ұлиды. (боран)
10.Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (су)
3-кезең Дода.
Әдебиеттік оқу.
1.Ы.Алтынсариннің қандай өлеңін білесің? (жатқа айту)
2.Шешендік сөз.Сары бидің айтқан 6 ұлы сөзі.
3.Қабанбайдың шын аты.
4.Жеті байлықты ата.
5.Қазақтың салт-дәстүрі.
6.Мен білетін мақал-мәтел.
Қазақ тілі.
1.Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін табу.
2.Екі бағандағы сөздерді қатыстырып, мақалдар құрастыру.
3.Жай сөйлем және құрмалас сөйлем деген не?
4.Мәтін дегеніміз не? Түрлерін айту.
5.Етістік дегеніміз не? Түрлерін айту.
Математика.
1.Математикалық диктант.
2.Логикалық есептер.
3.8007 6 2365+9876
80007 6 903400+1789
14775:3 827564-23003
52200:6 120 097 – 1235
4.14 ғасыр = ? жыл
11020кг = ? гр
648009кг = ? кг = ? гр
59000см = ? мм
30 000 000м = ? км
4 кезең Жорға.
1.Жылдан құр қалған жануар (түйе)
2.ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)
3.Басты байлық (денсаулық)
4.Қара алтын (мұнай)
5.Көру мүшесі не? (көз)
6.Орман дәрігері (тоқылдақ)
7.Абайдың әжесі (Зере)
8.Қандай тауларды білесің? (Алатау, Ұлытау, Алтай, Тянь-Шань)
9.Ұя салмайтын құс? (көкек)
10.Күйді орындаушы кім?(күйш)
Мұғалім:Қымбатты оқушылар! Міне сайысымыз мәреге кеп жетті. «Жүзден жүйрікті » анықтайтын кез келді.Ендігі сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар (41 KB)

