ЖҮК БАГАЖЫН ТИЕУ, ЖОЛДА ЖҮРУІ ЖӘНЕ БЕРУ.
172. Тағайындалған станциясы жөнелтушінің өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес алушыға жүк-багаждың келгені туралы тапсырысты хатпен (тапсырысты ашық хатпен) хабарлауға міндетті. Бұл ретте хабарлама үшін алым алынады.
173. Заңды тұлғалардың атына келген жүк-багаж басшының және бухгалтердің қолы қойылған сенімхат бойынша беріледі. Сенімхатта алушының мекен-жайы, жөнелту нөмірі және алынатын орындар саны туралы мәліметтер болуға тиіс. Жүк-багажды алуға уәкілетті тұлға сенімхаттан басқа оның тұлғасын куәландыратын құжатты ұсынуға тиіс. Жүк-багажды алу кезінде уәкілетті тұлға жол жүк-багажы ведомосінің екінші жағына алғаны жайында өз қолын қояды. Бұл ретте, станциядағы жүкті және багажды қабылдап-тапсырушысы сенімхатта көрсетілген мәліметтермен жол жүк-багаж квитанциясындағы барлық деректерді салыстырады. Осыдан кейін жол жүк-багаж квитанциясының екінші жағына және багаждың және жүк-багаждың келуі мен беру кітабында сенімхаттың (нөмірін, берілу датасын, кім қол қойғанын) және жүк-багажды алуға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың (нөмірін, датасын, кім бергенін) деректерін және тұрғылықты жерін жазып алады.
Жеке тұлғалардың атына келген жүк-багаж оның тұлғасын куәландыратын паспортты немесе куәлікті ұсыну бойынша алушыға (немесе оның сенімхаты бойынша басқа тұлғаға) жол ведомосінің екінші жағына тұлғаны куәландыратын паспорттың немесе құжаттың нөмірін және тұрғылықты жерін көрсетумен қолын қойғызып, беріледі.
Жүк-багажды алу кезінде жүк-багаж квитанциясын көрсету міндетті емес. Бірақ, жүк-багажды алуға уәкілетті тұлғаның қалауы бойынша станцияда белгіленген ақыға жол жүк-багажының ведомосінен көшірме жасалына алады, ол станцияның (вокзалдың) қолымен және мөртабанымен бекітіледі.
174. Алушы жүк-багажды алу кезінде оның салмағын тексерте алады. Жүк-багажды өлшеу кезінде төлем алынбайды.