Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  Прочее  /  Жүк багажын қабылдау шарттары мен рәсімдеуі.

Жүк багажын қабылдау шарттары мен рәсімдеуі.

ЖҮК БАГАЖЫН ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ МЕН РӘСІМДЕУІ.

166. Жөнелтуші жүк-багажды жөнелту туралы мынадай мәліметтер көрсетілген өтініш береді: 1) жүк-багаждың атауы; 2) орындар саны, орамның салмағы және түрі; 3) тағайындалған станциясы мен жолы; 4) алушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты) және почталық индексі көрсетілген мекен-жайы; 5) жөнелтушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты) және почталық индексі көрсетілген мекен-жайы; 6) алушыға хабарлау тәсілі (телеграф, почта). Тасымалдаушы жөнелтушіні жеке ақы төлегені үшін өтініштің осы бланкілермен жабдықтай алады. Багаж бөлімшесінің қызметкері жүк-багажды тасымалдауға рұқсат берген кезде жүк-багажды қабылдау уақыты (күні, айы, сағаты) белгіленеді, бұл туралы өтініште белгі жасалады.

167. Жүк-багажды жөнелтуге қабылдау жіберушінің өтініші негізінде және өтініште көрсетілген деректерге сәйкес ресімделген белгіленген нысандағы тасымалдау құжатымен ресімделеді. Жөнелтушіге жөнелтуші мен алушының атауын және олардың мекен-жайы көрсетілген жүк-багаж квитанциясы беріледі. Жөнелтуші тасымалдау құжатында (жүк-багаж квитанциясында) көрсетілген деректердің (жөнелтушінің немесе алушының мекенжайы, тегі немесе атауы, тағайындалған станциясы, орам түрі және жүк-багаждың атауы, салмағы, орындар саны, хабарлау тәсілі) дұрыстығын тексереді. Тасымалдаушы жүк атауының дұрыстығына күмән келтірген жағдайда, жүкті қарау үшін орамды ашуды талап етуге құқылы. Егер жөнелтуші орамды ашуға келіспесе, онда жүк-багаж тасымалдауға қабылданбайды. Жөнелтуші жүк-багаждың барлық орындарын талап етілетін таңбалық жазуларымен ұсынуға міндетті. Жөнелту станциясында жөнелтушілер таңбалық жазуларды түсіру үшін ақы төлеп арнайы биркалар ала алады.

168. Жөнелтуші белгіленген тарифті (алым ставкасын) төлеп тасымалданып отырған жүк-багаждың құндылығын жариялайды.

169. Егер тасымалдауға бірнеше орын ұсынылатын болса, жөнелтуші әрбір жеке орынның құндылығын немесе барлық орындардың жалпы құндылығын жариялауы керек. Жарияланған құндылықтың сомасы жүк-багаж квитанциясында жазумен және санмен көрсетіледі, ал әрбір жеке орынның құндылығы мен салмағы санмен қойылады.

170. Егер станция қызметкері, жөнелтуші өзінің жүк-багажының бағасын жариялаған жағдайда, бағалау дұрыстығына күмән келтірсе, ол тексеру үшін жүк-багажды ашуды талап етуге құқылы. Жолаушы тексеру үшін ашуға немесе станция (багаж бөлімшесі) қызметкері ұсынған бағалау сомасымен келіспеген жағдайда жарияланған құныдылығымен жүк-багажы тасымалдауға қабылданбайды.

171. Тасымалдау және жарияланған құндылығы үшін ақы жөнелту кезінде төленеді. Жүк багажын жөнелтудің ең аз есептік салмағы 10 кг. 10 кг артық жөнелтімдердегі толық емес 10 кг толық болып есептеледі. Салмағы 1000 кг артық жөнелтімдердегі толық емес 100 кг толық болып есептеледі. Ескерту: 171-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

27.05.2018

Содержимое разработки

ЖҮК БАГАЖЫН ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ МЕН РӘСІМДЕУІ.

      166. Жөнелтуші жүк-багажды жөнелту туралы мынадай мәліметтер көрсетілген өтініш береді: 
      1) жүк-багаждың атауы; 
      2) орындар саны, орамның салмағы және түрі; 
      3) тағайындалған станциясы мен жолы; 
      4) алушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты) және почталық индексі көрсетілген мекен-жайы; 
      5) жөнелтушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты) және почталық индексі көрсетілген мекен-жайы; 
      6) алушыға хабарлау тәсілі (телеграф, почта). 
      Тасымалдаушы жөнелтушіні жеке ақы төлегені үшін өтініштің осы бланкілермен жабдықтай алады. 
      Багаж бөлімшесінің қызметкері жүк-багажды тасымалдауға рұқсат берген кезде жүк-багажды қабылдау уақыты (күні, айы, сағаты) белгіленеді, бұл туралы өтініште белгі жасалады.

      167. Жүк-багажды жөнелтуге қабылдау жіберушінің өтініші негізінде және өтініште көрсетілген деректерге сәйкес ресімделген белгіленген нысандағы тасымалдау құжатымен ресімделеді. 
      Жөнелтушіге жөнелтуші мен алушының атауын және олардың мекен-жайы көрсетілген жүк-багаж квитанциясы беріледі. 
      Жөнелтуші тасымалдау құжатында (жүк-багаж квитанциясында) көрсетілген деректердің (жөнелтушінің немесе алушының мекенжайы, тегі немесе атауы, тағайындалған станциясы, орам түрі және жүк-багаждың атауы, салмағы, орындар саны, хабарлау тәсілі) дұрыстығын тексереді. 
      Тасымалдаушы жүк атауының дұрыстығына күмән келтірген жағдайда, жүкті қарау үшін орамды ашуды талап етуге құқылы. Егер жөнелтуші орамды ашуға келіспесе, онда жүк-багаж тасымалдауға қабылданбайды. 
      Жөнелтуші жүк-багаждың барлық орындарын талап етілетін таңбалық жазуларымен ұсынуға міндетті. Жөнелту станциясында жөнелтушілер таңбалық жазуларды түсіру үшін ақы төлеп арнайы биркалар ала алады.

      168. Жөнелтуші белгіленген тарифті (алым ставкасын) төлеп тасымалданып отырған жүк-багаждың құндылығын жариялайды.

      169. Егер тасымалдауға бірнеше орын ұсынылатын болса, жөнелтуші әрбір жеке орынның құндылығын немесе барлық орындардың жалпы құндылығын жариялауы керек. 
      Жарияланған құндылықтың сомасы жүк-багаж квитанциясында жазумен және санмен көрсетіледі, ал әрбір жеке орынның құндылығы мен салмағы санмен қойылады.

      170. Егер станция қызметкері, жөнелтуші өзінің жүк-багажының бағасын жариялаған жағдайда, бағалау дұрыстығына күмән келтірсе, ол тексеру үшін жүк-багажды ашуды талап етуге құқылы. 
      Жолаушы тексеру үшін ашуға немесе станция (багаж бөлімшесі) қызметкері ұсынған бағалау сомасымен келіспеген жағдайда жарияланған құныдылығымен жүк-багажы тасымалдауға қабылданбайды.

      171. Тасымалдау және жарияланған құндылығы үшін ақы жөнелту кезінде төленеді. 
      Жүк багажын жөнелтудің ең аз есептік салмағы 10 кг. 10 кг артық жөнелтімдердегі толық емес 10 кг толық болып есептеледі. Салмағы 1000 кг артық жөнелтімдердегі толық емес 100 кг толық болып есептеледі. 
       Ескерту: 171-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).



-80%
Курсы дополнительного образования

Универсальный журналист

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жүк багажын қабылдау шарттары мен рәсімдеуі. (48.09 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт