Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  Прочее  /  Жұбан Молдағалиев (1920-1988) өмірі мен шығармашылығы. "Мен қазақпын" поэмасы.

Жұбан Молдағалиев (1920-1988) өмірі мен шығармашылығы. "Мен қазақпын" поэмасы.

Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев (1920-1988) өмірі мен шығармашылығы. "Мен қазақпын" поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Студенттерге қазақ әдебиетінің ірі өкілі – Ж.Молдағалиевтың шығармашылық жолы туралы оқушыларға жеткізу.
  2. Дамытушылық: Студенттердің таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Студенттерге Ж.Молдағалиевтың өлеңдері мен поэмаларын оқыта, жаттата отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндірілмелі, аралас, сұрақ-жауап, тіл құралына талдау, тіл ұстарту, Венн-диаграмма толтыру, «ұяшықтағы сұрақтар» әдісі.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

10.05.2018

Содержимое разработки


"АКАДЕМИК С.А. ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІ"

БІЛІМ МЕКЕМЕСІ



«КЕЛІСІЛДІ»

Директордың оқу - әдістемелік

жөніндегі орынбасары

___________ Р.А. Турмаханова

«_____»_____________2018ж.

«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу - ісі

жөніндегі орынбасары

______ Ш.А. Дауленбаева

«___» ________2018 жыл








Ашық сабақ

Тақырыбы: Жұбан Молдағалиев (1920-1988) өмірі мен шығармашылығы. "Мен қазақпын" поэмасы.





Өткізілетін күні: 15.03.2018ж

Өткізілген орны: 209 кабинет

Оқу тобы: О-171

Курсы: 1

Жауапты оқытушы: Е.А.Оспанов






«Жалпы пәндер» бірлестігінің жетекшісі: С.Т.Темирханова






Байқоңыр қаласы, 2018ж



Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев (1920-1988) өмірі мен шығармашылығы. "Мен қазақпын" поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Студенттерге қазақ әдебиетінің ірі өкілі – Ж.Молдағалиевтың шығармашылық жолы туралы оқушыларға жеткізу.

  2. Дамытушылық: Студенттердің таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік:  Студенттерге Ж.Молдағалиевтың өлеңдері мен поэмаларын оқыта, жаттата отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндірілмелі, аралас, сұрақ-жауап, тіл құралына талдау, тіл ұстарту , Венн-диаграмма толтыру, «ұяшықтағы сұрақтар» әдісі.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер, презентация, ақын кітаптары көрмесі, ақын суреттері, үнтаспа, аудиотаспа.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі 
а) Студенттермен амандасып, түгелдеу. 
ә) Студенттер назарын сабаққа аудару. 

б) Аудитория тазалығына көңіл аудару.

в) Күлімдеп бүгін сіздермен,

Сәлемдесіп алайық,

Қош келіпсіз бүгін сіз,

Әдеппен сізге қарайық

Жылы, жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлаймын.

Ыстық алақаныммен

Көршіммен амандасайын.

Студенттер оқытушының артынан қайталайды.

II. Үй тапсырмасын тексеру.  

Жаңа сабақты бастамас бұрын, үй тапсырмасын тексерейік. Ең алдымен компьютер арқылы студенттерді (үшбұрыш, тіктөртбұрыш, доңғалақ, фигуралары арқылы топқа бөлемін. Студенттер өткен сабақта қазақтың ақыны Сырбай Мәуленовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстық.

1 – топ. Тест сұрақтары.

1. «Менің Республикам» өлеңінің ұйқасын анықтаңыз.

А) шалыс

В) қара өлең

С) шұбыртпалы

D) ерікті



2. «Менің Республикам» өлеңінің буын санын белгілеңіз.

А) 11

В) 7

С) 8

D) 7-8

3. «Менің Республикам» өлеңінде кездесетін тауды белгілеңіз.

А) Көкшетау

В) Алатау

С) Қаратау

D) Гималай

3. Өлең жолындағы теңеуді көрсетіңіз.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін.

А) қызыл бұлттай

В) көрсең

С) қырдың

D) гүлдерін

4. «Менің көгім – мөлдіреген сол аспан» деген жолдағы ақынның айтпақ ойын белгілеңіз.

А) ашық аспан

В) мөлдіреген аспан

С) бейбіт өмір

D) жер бетіндегі тыныштық

5. Өлеңде ақынның туған жерінің тауларын бейнелеген қатарды көрсетіңіз.

А) Күн көзімен таласқан

В) Аспанмен астасқан

С) Ай мен Күнге жол ашқан

D) Көкжиекпен ұштасқан

6. Ақын өлеңде «теңізбен қол ұстасқан» деп бейнелеген құбылысты белгілеңіз.

А) Менің жерім

В) Менің көгім

С) Менің көлім

D) Менің тауым

7. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді табыңыз.

Жерінде гүл, көгінде ... бір жүзген

Ұлан-байтақ Республикам бұл менің.

А) ай

В) күн

С) жұлдыз

D) бұлт






8.Өлең жолының жалғасын табыңыз.

Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,

А) Көлді көрсең секілді бір түскі аспан

В) Менің көлім теңізбен қол ұстасқан

С) Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан

D) Тауды көрсең күн көзімен таласқан

9. С.Мәуленовтің «Менің Республикам» өлеңі лириканың қай түріне жататынын көрсетіңіз.

А) саяси

В) табиғат

С) азаматтық

D) махаббат.

2-топ. Тірек -сызбамен жұмыс. Сырбай Мәуленов кім?







Сырбай Мәуленов

кім?

















3- топ. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап»

1) Сайын Мұратбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

2) Қай жылы қай оқу орнын бітірді?

3) Жазушының ең алғаш шығармалары қай жылы жарияланды?

4) Ел арасына тараған қандай шығармаларын білесіңдер?

4-топ.«Боранда» өлеңі, «Қош бол, сәулем».

5-топ. «Соғыстан қайтқан солдаттар »өлеңін талдау.

ІІІ.Өткен сабақты пысықтау: Студенттер жауаптары тыңдалып болғаннан кейін өткен сабақты пысықтау үшін бейне материал компьютер арқылы көрсетіледі.(2-3мин).




ІV. Жаңа сабақ. Жұбан Молдағалиев (1920-1988) өмірі мен шығармашылығы. «Мен -қазақпын» поэмасы.

Қазақстан картасынан студенттер Батыс Қазақстан облысын жерін табады.

Орталығы қандай қала? Студенттер? Студенттер жауабы тыңдалады.

Қазақ жері географиялық орны , табиғаты туралы айтады.

Сабақ эпиграфы : «Жазбаймын уақыт өтсін, ойлансын деп,

Жазамын, Абайша айтсам, ойлансын деп,

Ойлансын өзі жайлы – заман жайлы,

Көргенді қиялымен байласын тек».

«Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ жері мен суынан , желі мен көгінен нәр алған даладай тынысты , пәрменді поэзияны танимыз.» М.Базарбаев.

Оқытушының сөзі: Міне өткен сабағымызда сіздермен қазақ халқының көрнекті ақындарының бірі Сырбай Мәуленов жайлы мәлімет алдық. Ал енді біздің негізгі мақсатымыз отан тілін жетік меңгеру, қазақ тілінде өзіміздің ой – пікірлерімізді еркін айта білу. Ол үшін біз қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тарихын, ұлттық болмысын жақсы білуіміз қажет.

Оқытушы: Қазақ жерінің кеңдігі туралы аңыз айтып өту.Қазақ халқының шығу тарихына тоқталу

Қазақ деген қандай халық? (Студенттер ой – пікірі тыңдалады).

Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтажыға айтқан сөзі

Біз қазақ деген  мал баққан елміз,
Бірақ, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Елімізден кұт-береке    қашпасын деп,
Жеріміздің шетін   жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз!
Ешбір дұшпан  басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді   асырмаған елміз!
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәмі, тұзын ақтай  білген елміз,
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай   білген елміз!
Атадан ұл туса, құл боламын  деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды,
Ұл мен қызды қаматып  отыра  алмайтын елміз!

Сондай екен бүгінгі сіздермен өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы қазақ халқының ұлы ақындарының бірі Жұбан Молдағалиев туралы сөз қозғаймыз. (1-2 мин) Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — “Мен — қазақпын” поэмасы (1964).

Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жыл, Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды ауылы - 06.10.1988, Алматы) — қазақ ақыны, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы. Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.

Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 хатшысы) қызмет істеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым.

1

1920ж.

5 қыркүйек

Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келген.

2

1940 ж.

Орал. Ауыл шаруашылық техникумын бітіреді.

3

1940-1947 ж.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, әскер қатарында болады.

4

1947 ж.

«Қызыл галстук» дастаның жазған.

5

1948-1952 ж.

«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі,

жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті»

газетінің орынбасары болады.

6

1949 ж.

«Жеңіс жырлары» атты алғашқы жыр жинағы шығады.

7

1950-1951 ж.

«Нұрлы жол» дастаны жазылып, жеке кітап болып шығады.

8

1953-1954 ж.

1963-1971 ж.

Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының екінші хатшысы болады.

9

1957 ж.

«Дала дастарқаны» дастаны бір кеште жазылып, «Қазақ әдебиеті»

газетінің мерекелік санында жарияланады.

10

1958 ж.

«Жыр туралы жыр», «Қиял қанаты» дастандары жазылады.

11

1958-1965 ж.

«Жұлдыз» журналының бас редакторы болады.

12

1979-1988 ж.

Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы болады.

13

1969-1970 ж.

«Кісен ашқан», «Сел» дастандары үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болады.

14

1978 ж.

«Қыран дала» дастаны Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанады.

15

1984-1985 ж.

КСРО қорғаныс Министрлігі сыйлығының лауреаты атанады.

А.Фадеев атындағы алтын медальды иеленеді.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болады.

Ақынның туған жеріне ескерткіш орнатылады.

Орал қаласындағы № 2 орта мектеп, облыстық кітапхана

Жұбан Молдағалиевтің атымен аталады.

16

1986 ж.

Айтулы Желтоқсан оқиғасына қатысады.

17

1988 ж.

Ақын қайтыс болады.

18

2000 ж.

Облыстық кітапхана жанындағы гүлбаққа Жұбан Молдағалиев аты

беріліп, оның ескерткіші орнатылды, бұл гүлбақ Жұбан оқуларын

жыл сайын өткізетін орынға айналған.

19

2010 ж.

Ақынның 90 жылдық мерейтойы республика көлемінде ұйымдастырылды.



Топтау. Ақын мұрасы (шығармаларын топтастыру және оқушыларға толыққанды ақпарат беру).

А

Қ

Ы

Н



М

Ұ

Р

А

С

Ы


«Қызыл галстук»


«Кек»

А

Қ

Ы

Н



М

Ұ

Р

А

С

Ы



«Нұрлы жол»


«Жесір тағдыры»



«Мен қазақпын!»

«Жыр туралы жыр»



«Кісен ашқан»


«Қыран дала»



«Байқоңыр баспалдақтары»




«Дала түні»






Шығармалары туралы ақын-жазушылардың пікірі: 
С. Шаймерденов 
«Бұл ақынның шығармаларына мен қашанда құштарлықпен қараймын да, оқысам кұмардан шығатындай боламын да тұрамын». 
С. Қирабаев 
«Жұбан Молдағалиев лирикасы - мол дүние, әрі алуан сипатты сырлы жырлар…» 
М. Әлімбаев 
«Жұбан өлендерінің идеялық дәрежесі, көркемдік деңгейі әуелден жоғары, бұл ақын әуелден-ақ биік мақсатты, асыл мұратты нысана тұткан». 
В. Савельев 
«Джубан Мулдагалиев всегда учился, всегда воевал за свет и на стороне света, всегда нес в своих строках правду людям - как бы ни была горька эта правда и как бы тяжело она ни давалась ему самому.» 

Өте жақсы құрметті студенттер. Ал, енді Жұбан атамыз жайлы бір бейнекөрініс тамашаласақ.

«Мен қазақпын» поэмасы аудиотаспасын тыңдау.

Әдебиет теориясы: Поэма – белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, халық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.



1 – студент: Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

2 – студент: Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.

3 – студент: Мен - қара көз сұлумын, сайтан қызбын

Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.

Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,

Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.

Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым.

Бәлки қайсақ, бәлки бір гуннен тудым.

Деп шатыпты біреулер «күннен тудым».

Жоқ, сірә, мен қара құл, күңнен тудым.

4 – студент: Руым көп солардың аттарындай,

Мінезім бар таулардың қатпарындай.

Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,

Әжімім бар бейнеттің таптарындай.

Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен,

Қалалар да өтіпті түз белінен.

Қаңқалары табылып жатыр

Соғыстар мен жорықтар іздерінен. 

5 – студент: Ұлы аманат етейік еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін,жер күндікті,

Аңсаймын мен,сенемін,туады ертең

«Қазақ болу – зор бақыт».

Мен — қазақпын қаныммен, сүйегіммен. 
Сән — салтанат, салтымды сүйемін мен, — 
… Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып. 
Қазақстан гербі де, жалауы да, —.

1- топ. Жұбан- лирик ақын. Түсіндіру және жұмыс жасау:

1.Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы (хронологиялық кесте арқылы);

2. Жұбан лирикасының ерекшеліктері («Махаббат ерлігі», «Қазақ» өлеңдеріне шолу жасау арқылы);

3. «Махаббат ерлігі» өлеңін жатқа айтқызу (Жұбан өлеңдеріндегі ұлтжандылық идеясын тапқызу);

2- топ. Жұбан- эпик ақын. «Мен- қазақпын» поэмасы.

Бағытты түсіндіру және онымен жұмыс жасау:Жұбанның қаламынан туған алуан тақырыптағы поэмалары бар. Олар: «Қыран дала», «Сел», «Жыр туралы жыр», «Байқоңыр баспалдақтары», «Жесір тағдыры»(өз әжесі Зеріптің тағдыры өзек болған)

Ақын ретінде Жұбан поэзиясының шыңы — «Мен қазақпын» поэмасы. Бұл поэма — өткен ғасырдың 60-шы жылдары тың көтерілген облыстардағы қазақша жер аттары орысшаға ауысып, 700-ден астам қазақ мектептері жабылып, оңтүстіктегі екі аудан Өзбекстанға беріліп, Қазақстанның біртұтастығы мен ана тіліне, яғни ұлт болашағына қауіп төнген кезде ұлттық рухты көтеру мақсатында тоталитарлық жүйенің саясатына қарсы жазылған туынды. Бұл поэманың атының өзінде осы ұлттың перзенті болғанына мақтаныш, ұлтына деген шексіз сүйіспеншілік жатыр. Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. — деген бейнелі өлең жолдары бүгін әркімнің – ақ аузында. Әсіресе, еліміз егемендік алып, қазақтығымызды, оның азаттық жолындағы «мың өліп, мың тірілген» күндерін еске алғанда, Жұбан аға жыры тым бүгінгіше естіледі. Поэма, әрине, бірден тумаған. Ақынның қазақтық, азаматтық, патриоттық намысын оятқан Ұлы Отан соғысы жылдары «Қазақ» деген өлең жазып, халқының батырлық дәстүрін, намысқойлығын жырлаған туындыдан бастау алады.

3 – топ. Жұбан — азамат ақын.

Мен – қазақпын, азатпын: желдей еркін, даламдай кең!

Бағытты түсіндіру және онымен жұмыс жасау:

“Нағыз патриоттар өзінен бұрын Отаны­ның қамын көбірек ойлайды. Шынайы патриот қазақ ата жұр­тының мәңгі тәуелсіз өмір сүріп, гүлдене беруі үшін өзінің саналы өмірін сарп етуге даяр адамдар”

Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының ұлы, жазушы Бақытжан Момышұлының сөзі.

-Жұбан Молдағалиев Отан соғысының майданында болсын, жалпы өмірде болсын, өз әріптестерінен ұлттың өзекті мәселесіне келгенде еркектік, ерлік мінез көрсетіп, қажет болса, жан беруге дайын тұратын. Ол осы бір батыр мінезін кез келген жерде емес, ең бір жауапты, тарихи маңызды кезде көрсететін. Жұбағаңның ұлт патриоты ретіндегі тұлғасының ерекшелігі де осында. Оның намысы мен рухы жоғары. Олай болса,

1. Әңгімелесу жұмысы (сұрақтар бойынша): Алматыдағы «Желтоқсан оқиғасы» туралы ойлары мен көзқарастарын айтқызу (Жұбанның азаматтық бейнесін ашу мақсатында).

4- топ. «Мен – қазақпын қаныммен, сүйегіммен.»

«Мен қазақпын» деп, мақтанышпен әлемге жар салған қасиетті сөзді Жұбанның айтуы заңды құбылыс. XV ғасырдағы ұлы ақын, әрі батыр қарға бойлы Қазтуғаннан басталып, бүгінге жеткен қазақ поэзиясының ұлы көшін жалғастырған қазақтың талай сөз зергерлері — арынды ақындар өмірден өткені белгілі. Солардың ішінде Махамбет «Мен, мен едім, мен едім, Исатайдың барында екі тарлан бөрі едім …» деп жырласа, «Мен қазақпын», мен осы ұлттың перзентімін деп мақтанышпен айту -Жұбанға бұйырған екен.



Ол осылай деп жырлайтын ақыны бар ұлттың және солай жырлай алатын ақынның бағы. Себебі қазақтың ұлттық намысын аяқ асты етіп, жерін тұтастығынан, ұл-қыздарын ана тілдерінен айырып жатқан тарихтың жолайырық кезінде найзағайдай жарқылдап, мың өлген ұлттық намысты оятып, мәңгі өлмейтін жолға салып, елдің еңсесін көтерген Жұбағаңның «Мен қазақпын» поэмасы болды.

5 – топ. Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен … -деген жолдар әрбір қазақтың қасиетті Құранмен бірдей күнделікті қайталап айтатын жолдарына айналды. Себебі нүктеге дейін қысқарып, сөз арасынан қыл өтпейтін осы қысқа жолдарға ақын қазақтың мақтанышы мен мұңын, тарихы және тағдырын сыйғыза білді. Бұл жолдардың екінші қасиеті — оларды қанша қайталасаң да, оның мәні қасиетті Құран сүрелері сияқты, өзгермейді. Керісінше, «Мен қазақпын» деп қайталаған сайын әрбір алаш баласының ойы мен санасына қайсарлық, Ана тіл мен Атамекенге деген сүйіспеншілік мәңгіге ұялайды.

V.Теориядан тереңбіз

1-топ . Композициялық талдау

Басталуы: бесіктегі пәк сәби, ұлт

Дамуы: «Ақ табан шұбырынды».

Байланысуы: Россия Адамы. Дала мұңы.

Шиленісуі: Өмірдің жарық төрі үшін күрес

Шарықтау шегі :Бесжылдықтар белесі

Шешімі: Байтақ ел азаматы

циялық құрылысына талдау.

2-топ . Өлең құрылысына талдау


1 бөлім 18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ, 11 буын қара өлең ұйқасы

2 бөлім 19 шумақ 76 тармақ 3 бунақ, 11 буын қара өлең ұйқасы

3 бөлім18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ, 11 буын қара өлең ұйқасы

4 бөлім 30 шумақ 120тармақ 3 бунақ, 11 буын қара өлең, шұбыртпалы ұйқас.

5 бөлім 38 шумақ 152 тармақ 3 бунақ, 11 буын қара өлең ұйқасы

6бөлім 20 шумақ 80 тармақ 3 бунақ, 11 буын қара өлең ұйқасы

7 бөлім 45 шумақ 180 тармақ 3 бунақ, 11 буын қара өлең ұйқасы

8 бөлім 44 шумақ 176 тармақ 3 бунақ, 11 буын қара өлең ұйқасы

9 бөлім 20 шумақ 80 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

10 бөлім 29 шумақ 116 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы талдау жүргізеді.

3-топ. Поэманың тілдік көркемдік ерекшелігі, троп түрлеріне талдау. (оқулықпен жұмыс.»дәптерде орындалады )

Теңеу: Руым көп солардың аттарындай,

Мінезім бар таулардың қатпарындай.

Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,

Әжімім бар бейнеттің таптарындай.

Аппағынан жарылған дастарқандай

Хауанадай көңілшек түздеп тудым

Оқи алсаң кітаптай, сүртіп қанын

Ол үн мөлдір өзеннің сылдырындай,

Шат күлкінің саф күміс сыңғырындай.

Самал өпкен егіннің сыбдырындай,

Шабыттанған ақынның тың жырындай.

Ол миллион жүректің дүрсіліндей,

Тасқын атқан таулардың гүрсіліндей.

Ол үн жаңа ерліктің дабылындай,

Эпитет: ажалсыз анамын, қара көз сұлумын, сайтан қызбын, «Ақтабан шұбырынды», Қыран бүркіт, қанпезер Жошы хан, бал бұлағын

Метафора:Татьяна – қазақтың ақ Баяны».

Мен – бұл кезде Шоқанмын, Абайлармын Даяшымын, байекпін, ең кішімін,

Демесе кім «мен тақсыр, мен күштімін».

4 – топ. Салыстыру: Махамбет пен Жұбан ұқсастығы: Махамбеттің « Мен, мен едім, мен едім» өлеңі мен Жұбанның «Мен-қазақпын» поэмасы бойынша.

5 – топ. Қазақ халқының тұрмысы, өмірін көз алдарына елестету, тақтаға ілу.

Сергіту сәті: «Мен-қазақпын» әнші Ерболат Құдайбергенов орындауындағы әнді тыңдау және бірге орындау.

Студенттер жұмыс жасауы. (Постер қорғау).

1-топ Қазақ хандығының құрылуы

2-топ Қазақ елі үшін жанын қиған қазақ батырлары

3-топ Көшпенділер мәдениеті

4-топ Тәуелсіздік үшін күрескен Алаш арыстары.

5-топ Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан. (Студенттер жоба қорғайды).

1- топ. Сәйкестендіріңіз.


Анафора


Қарсыласпай өлмедім , қан татырдым.

Метафора

Ат үстінде ұмыттым кедейлікті,

Ат үстінде өлсем мен шатпын дедім.

Теңеу

Уақыт – шыңға қолымды артып келем,

Өзгеге ұқсап, өзімді тартып келем.

Аллитерация

Мінезім бар таулардың қатпарындай,

Ән – жырым бар таулардың хаттарындай.






2 – топ. Бос орынға қажетті сөздерді қойыңыздар.

Мен - қазақпын ________, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым ___________.

Жылағанда ________ , күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен ____ түрілген.

Мен- ______ , бір биік белеспін мен

Европа да, _______ емеспін мен.

Аралықпын, ______ материктей,

Бірақ барша адаммен ______ мен.

Мен – қазақпын, биікпін, _______ елмін,

Қайта тудым, ______ қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім _____ өлмеске

Айта бергім келеді, ______ бергім!

(жетінші, байтақ, өмірге, қазақпын, Азия да, мың өліп , тел өстім, мәңгі, айта, мұң тілімен, жүрегім, түн)

(Берілген сөздерді қатыстыра отырып, өлең жолдарын мәнерлеп оқыңыз)

3 – топ. Дұрыс бұрысын белгілеңіз.

1. «Мен – қазақпын» - Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әлемге мойындатқан шығармасы. Дұрыс

2. «Мен - қазақпын» поэмасында ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы жырлайды. Дұрыс

3. Поэмада қазақ халқының тағдырында болған сәтсіздіктер сыналады. Бұрыс

4. Поэманың лирикалық кейіпкері Жамбыл болып барып, патшаға мұңын шағады. Бұрыс

5. Жұбан Молдағалиев 1958-1963 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған.

6. 1967 жылы Жұбанның «Айттым сәлем» жинағы жарық көрген. Дұрыс

7. Жұбан Молдағалиев «Халық жазушысы» атағын ала алмады. Бұрыс

8. Жұбан Молдағалиев «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Дұрыс

9. 1953-1954 және 1963-1971 жылдары «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Дұрыс.

10. Жұбан Молдағалиев – Қазақ КСР-і және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болып бірнеше мәрте сайланған халық қалаулысы. Дұрыс

4-топ. Тест сұрақтары.

1. Поэма шумақтары қандай ұйқасқа құрылғанын көрсетіңіз.

а) қара өлең ұйқасы

ә) шұбыртпалы ұйқас

б) шалыс ұйқас

в) егіз ұйқас







2. Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз.

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

.......... таныстым мұң тілімен.

а) бесігімде

ә) жөргегімде

б) ошағымда

в) төсегімде

3. Берілген жолдардағы теңеуді табыңыз.

Сансыз басты диюдай сан тіріліп,

«Мен – қазақпын» дегенді айта тұрдым.

а) сансыз басты диюдай

ә) сан тіріліп

б) «Мен – қазақпын»

в) дегенді айта тұрдым

4. Жазушының тұңғыш өлеңдер жинағы қандай атпен жарық көргенін көрсетіңіз.

а) «Мен – қазақпын»

ә) «Жеңіс жырлары»

б) «Көкшетау»

в) «Дала түні»

5. Берілген жолдың жалғасын табыңыз.

Мен – қазақпын, белдімін, байтақ елмін,

_______________________________________

а) Қайта тудым, өмірге қайта келдім

ә) Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым

б) Айта бергім келеді, айта бергім

в) Ат үстінде өлсем де шатпын дедім.

6. Ақынның «Мен – қазақпын» поэмасы не жайында екенін анықтаңыз.

а) қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры

ә) қазақ елінің батырлары

б) қазақ жерінің сұлу табиғаты

в) қарапайым халықтың жағдайы

7. Поэмада ақын Әмір Темірді неге теңегенін белгілеңіз.

а) бөріге

ә) арыстанға

б) жолбарысқа

в) айдаһарға

8. Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасын көрсетіңіз.

а) «Жол туралы аңыз»

ә) «Мен – қазақпын»

б) «Күз»

в) «Менің халқым»


9. Поэмада Мария Жагорқызы кімге ғашық болып қалатынын көрсетіңіз.

а) қазақ жігіті Дударға

ә) орыс жігітіне

б) ауыл болысына

в) ақынға

10. «Мен – қазақпын» поэмасына тән ерекшелікті көрсетіңіз.

а) үшінші жақта жазылған

ә) басынан аяғына дейін болашаққа болжам жасалады

б) фантастикалық сюжет молынан ұшырасады

в) лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырланған.

5 – топ. Тапсырма: Жылнамалық кезеңге қарап жылдарға сәйкес оқиғаларды айтыңдар. 
(хронологиялық кестені толтыру)

1920 ж.


1940 ж.


1940-1947 ж.


1948-1952 ж.


1949ж.


1950-1951 ж.


1984-1985 ж.


1986 ж.


1987 ж.



«Ұяшықтағы сұрақтар» әдісі бойынша студенттердің білімін тексеру.

1– Жұбан Молдағалиевтің өмір сүрген жылдар? (1920-1987)

2 - Жұбан Молдағалиевтің туған жері ? Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы.

3 - Ж.Молдағалиевтің тұңғыш жинағы қашан, қандай атпен жарық көрді?

4 - Қандай дастандары үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болады?

5 - 1986 жылы ақынның өмірінде қандай оқиға болады?

6- Ақын қай жылы қайтыс болады?

7 – Ақын қандай газет – журналдарда қызмет атқарады?

8 – 1958- 1965 жылдары ақын қандай журналдың бас редакторы болады?

10- «Мен қазақпын»поэманың жанры қандай ?

11- «Мен қазақпын» поэмасының басты тақырыбы не?

12- «Мен қазақпын» поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды?



13- Тәуелсіздікті аңсаған, сол жолда күрескен ұлтымыздың мақтанышы, азаттық жолындағы күрескер азаматтарымыз кімдер?

14 - Жұбанның ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әлемге мойындатқан шығармасы?

15 - Жұбанның алғашқы шығармалары қандай тақырыпта жазылды?

16 - «Мен — қазақпын» поэмасы қандай стильде жазылған?

17 - Поэманың қазақ жастарын тәрбиелеудегі рөлі қандай?

18 - Жұбан ақынның поэмаларын ата?

19 – Жұбан Молдағалиев кім?

20 - «Нұрлы жол» дастаны қай жылдар аралығында жазылып, жеке кітап болып шығады?

Сабақты бекіту. «Көптүсті гүлдер», «пирамида» (рефлексия) әдісі бойынша бүгінгі сабақтан түсінгендерін білу.

Y. Жаңа сабақты қорыту.

Балалар, бүгінгі сабақта біз нені білдік? Нені үйрендік?

Қалай ойлайсыңдар бұл поэманың басты тақырыбы не? Негізгі идеясы қандай?

Бүгінгі сабақта қазақ жері, қазақ халқы , оның өткен тарихы, бастан кешкен бел -белестері туралы білдік

Қорытынды: Сонымен бүгінгі сабақта қазақ жері, қазақ халқы , оның өткен тарихы, бастан кешкен бел-белестері туралы білдік. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай деген: «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз, бәріміздің туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы», -деп сабақты аяқтағым келеді.

Интерактивті тақтада смайликтер көрсетіліп, студенттердің сабақтан алған әсерлерін білу.

Үйге тапсырма. Шығармашылық жұмыс, ойтолғау.

1 - топ «Біз қазақ деген елміз».

2 - топ «Қазақ тілі – рухани негізіміз».

3 - топ «Болашақтағы қазақ елі».

4 - топ «Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз,бір халықпыз».

5 - топ «Қазақтың қайсар ақыны - Жұбан» тақырыбында ойтолғау шығарма жазып келу.

VI. Бағалау.


















Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бейсекенова А. Мүсілім Базарбаев Жұбан Молдағалиевтің ақындығы туралы. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-1.-б.87-90. 


  2. Бейсенова Г. Жұбан және фольклор: Жұбан Молдағалиев туралы //Хабаршы филология сериясы-2006.-5.-б.108-111. 


  3. Ғабдуллин Н. Жұбағаң: Қазақстан халық жазушысы Жұбан Молдағалиев туралы эссе. //Парасат.-2003.-3.-б.5-7. 

  4. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық.-9 том. Алматы. ҚАЗақпарат.,2005.-998б.

  5. Қуатов Б. Ақындық пен азаматтық тізгінін тең ұстаған тұлға: жазушы Жұбан Молдағалиев туралы. //Қазақ әдебиеті.-2009.-5 маусым 


  6. Мәлікқызы С. «Мұыны ішіндегі асыл еді» ақын Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығы. //Жұлдыз.-2007.-1.-б.172-178 


  7. Мұқай Б. Жазушылардың Жұбаны: Жұбан Молдағалиев туралы. //Жас алаш. -2003.-5 маусым. 

  8. Оразбекова А. «Мен-қазақпын» поэмасы: Сабақтың үлгісі. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2002.-1.-б.22-23.

































-80%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жұбан Молдағалиев (1920-1988) өмірі мен шығармашылығы. "Мен қазақпын" поэмасы. (111.23 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт