Күні:10.10.16ж.
Білім саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Жомарт күз»
Мақсаты: Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру.Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.Көкөністер мен жемістерді ажырата білу.Табиғатқа қамқор болуға ,оны аялауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, тыңдау.
Сөздік жұмыс: Сары алтындай жайқалған ,жиын-терін,берекелі күз, жомарт күз.
Көрнекіліктер: Күз мезгілінің суреттері, бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық-қозғаушы лық | Шаттық шеңбер. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Жүрек жылуын салайық, Осы жақсы лебіздерді Балаларға сыйлайық. | Шаттық шеңберге тұрады.
|
| Ұйымдастырушылық ізденістік | -Қазір жылдың қай мезгілі? - Күз неше айдан тұрады? - Күзді неге «жомарт күз »деп атайды?
Ойын : «Табиғат мейірімді ». Шарты: Сөйлемді бастап беру. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады. -Жер-Ана мейірімді ,өйткені ол ......( көкөністер мен жемістерді өсіреді). -Күн мейірімді ,өйткені ол ......( жарығын, жылуын береді).
Жомарт күз. Жемісі мол теретін , Күз дос екен бізбенен. Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген. Күз айында жемістер мен көкөністер піседі.Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі. -Жемістер мен көкөністерді ата. Сергіту сәті:( баяу музыка орындалады) Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды,жел соғады,ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі.Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады.Тук,тук,тук (дыбыс шығару).Күн жарқырап шықты , біз қуанамыз! Жұмбақ шешу Жауып жаңбыр ,жерде сабыр, Шөп, жапырақ солады. Айтыңдаршы ,бөбектерім , Бұл қай кезде болады? Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?» Шарты: Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу. (Алма,алмұрт,шие) ағаштары
| Сұрақтарға жауап береді.
Сөйлемді аяқтайды.
Жаттайды.
Атайды.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Күзде
Тауып іледі. |
| Рефлексия-лық түзетушілік | Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады.Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз »деп айтылады.Балалар мектепке барады.Жиын-терін болады.
| Өз сөздерімен қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын.
Игереді: Аңдардың мекендейтін жерін біледі.
Меңгереді: Жабайы аңдардың аттарын айтып, бір – бірінен ажыратуды.

Жомарт күз технологиялық карта (21.49 KB)

