Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Жолың болсын , балдырған

Жолың болсын , балдырған

Ерте?гілік ма?саты; мектепалды даярлы? сыныбыны? жыл бойы ал?ан білімдеріні?, ?йренген ж?мыстарыны? н?тижесін к?рсетіп, балаларды? с?здік ?орын тілін,ой-?рісін ке?ейту,ойын дамыту мен оларды бауырмалдылы??а,?йымшылды??а Отан с?йгіштікке т?рбиелеу.

13.05.2017

Содержимое разработки

Жолың болсын балдырған.

Ертеңгілік мақсаты; мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, балалардың сөздік қорын тілін,ой-өрісін кеңейту,ойын дамыту мен оларды бауырмалдылыққа ,ұйымшылдыққа Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі, шарлар,қанатты сөздер, гүлдер.

Кіріспе;- Құрметті ата –аналар ұстаздар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының Жолың болсын ,балдырған! Атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәлім тәрбие алып,өнер үйреніп, жыл бойы білімге дол ашқандаярлықпен қоштасып,1-сыныпқа қадам басқалы отыр. Қадамдары құттты болсын деп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Қуан шаттан ата-ана

Қуанатын күн бүгін

Қуанатын күн бүгін

Дайындықты қимай біз

Қоштасатын күн бүгін,

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.

Арамыздан талпынып қанат қақты,

Даярлықты бітіріп,қуанған жас.

Балалармен таныстыру.

Ән ; Мектебім –аяулы мектебім» 1-ші сурет ашылады.

1-Айғаным.

Армысыздар ұстаздар, әз жандар.

Білім іздеп ,инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.

2-Айзада

Біздер үшін ашатын сан жұмбақты.

Құшақ жайып,қарсы аламыз сіздерді,

Шәкірттердің қылықтары тым тәтті.



Қош келіпсіз ,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

4-Асхат.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келдіңіз мейірбан ұстаздар.

Даярлықпен қоштасу тойымызға.

Ән; Көңілді күн.

5-Ақбота.

Бүгін міне қоштасады

Даярлықпен бал бұлақ.

Әнімен.өнеріне.біліміне үйренген

Барлығыңыз сал құлақ

Лаулап жансын болашағың ,шамшырақ.

6-Бахтияр.

Кешегі сәби балаңыз.

Жарады міне қараңыз

Келесі сөз соларда.

Тыңдайық зейін салып біз.

7-Ғабит.

Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз

2-ШІ СУРЕТ АШЫЛАДЫ, Л-әрпі шығады

Мұғалім;

Айналайын балалар,

Алдарыңда мектеп -ана бар

Өздеріңнен өседі ,

Өнерлілер, даналар

Өтті қызық көп күндер

Жеті жасқа жеттіңдер.

Өсті міне, бойларың.

Өсті ақыл-ойларың,

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

8-Азиза.

Ұқсатпа мені басқаға.

Есейдім жеті жастамын,

Қош айтып қуыршаққа.

Мектепке жолды бастадым.

9-Бибарыс.

Әжептеуір бойымда,

Сабақ қана ойымда,

Оны ұқпас інім тек ,

Шақырады ойынға.

Дейді жел боп есейік,

Қайдан білсін ол менің,

Кеткенімді есей

10-Искандер.

Жасымыз жетті мектепке,

Ересек біздер баламыз.

Екіні қосып екіге.

Әріпте жаза аламыз.

Бәрі бірге;

Адам етіп баптаған

Ардақтап бізді мақтаған

Мұғалім сізге мың алғыс!!!

3-ші сурет ашылады Л-ӘРІПІ

Мұғалім,

Айналайын гүлдерім ,

Ақ шуақты күндерім

Ерекше қызық тілдерің.

Естен кетпес үндерің,

Сендердікі болашақ,

Озат болып оқыңдар

Ойға білім тоқыңдар.

Барлық бала; Еске сөзді сақтаймыз.

Еңбегіңізді ақтаймыз.

ӘнБала тілегі.

11-Диас

Оқушының мойнына

Ақ жағасы жарасар

Кел, келіңіз тойыма.

12- Жолбарыс.

Мектеп қамқор анамыз.

Әлі-ақ өсіп толамын,

Елін-жерін қорғайтынғ

Ер азамат боламын!

13- Сабина.



Мектеп қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз,

Өнерпаз боп өсетін,

Біріншіге барамыз!

4-ші суреттен П-П әріптері ашылады

5-ші сурет ашылады Е әріпі шыіады

ӘЛІППЕ сөзі жазылады

Мұғалім, Әліппе деген-- алтын жол

Апарар сені алысқа,

Жеңіл емес ,ауыр жол.

Тырысып бақ намысқа .

Әліппе келеді

Менің атым - Әліппе

Мені анаңдай дәріпте,

Мені оқып ер жеткен.

Ағаң менен әпкең де.

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар , ата –ана!

Болашаққа жол бастар.

Әліппең келді ортаға.

Сендер мені оқып ауаттарыңды ашасыңдар, жазуды ,оқуды үйренесіңдер. Мына жұртқа білімдеріңді көрсетіңдер.

-Қандай сабақтар өттік.?

-Сауаташу

-Дұрыс қазақ тілінде неше әріп бар?

Тақтаға білім теңіз деген сөйлем шығады. Су суретінің ортасында жазылған.

-Математикадан нені үйрендік?

-Санды 1-10 ға дейін санау кері санау

Келесі суретті ашу Онда Мектеп кеме деген сөйлем шығады.

Мектел кеме, білім теңіз деген маал жазылады.

14-Есмұхан.

Таудай болсын талабың,

Құтты болсын қадамың.

Деп қүшақтап ағайын

Сипады өз кітабын.

15-Аянат.

Бой алдырар селтеңге.

Мен емеспін еркеңде,

Оқушы болам зейінді,

Өнерге іске бейімді.

16- Ұлпан.

Оқуға , ойға жан құмар.

Оқысын сені балғындар,

Қанықсын әрбір сөзіңе

Қамқоршы бол өзіңде,

Әліппе; Әріптен ғвлым басталған

Оқуды менен бастаған

Ұстазын кім тыңдаса,

Ұқыппен оқып тыңдаса

Сыныптан қалмай өтеді,

Мақсатына жетеді.

17-Адия. Ән; Әлліпе.

Әріптерді үйрткен,

Жамандықтан жиренткен,

Ұстаз біздің анамыз,

Жарқырайды жанамыз!

18-Сұлтан.

Біріншіге барамын

Кілең бестік аламын,

Жақсы баға алғанда

Қуанып бір қаламын.

19-Аянат.2

Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз бағамыз,

Сіздер үшін аналар-

Шырқап өнге саламыз.

ӘН. Ана

20-АЖАР.

Өмір деген салалы қйыр жол,

Адаспасаң одан аларың мол.

Ұстаз-анаң,әкең құрбыңда.

Саған тілейтінім бірақ жол,

21-Амина

Жайнаса бал-бұл бүлдіршін

1-сыныпқа өрлесін.

Жайқалып тұрған көктемгі,

Өмірің сенің гүл болсын.

22-Меруерт.

Құтты болсын құрбыжан

Алға аттаған қадамың.

Білім деп соқсын жүрегің

Жолыңда бестік шашылсын.

5 бағасы шашылады.

23-Нарын..

Шақырып алыс арманға.

Асулар тұр алда,

Өмірге ұлы самғауға.

Жар бола көр бір Алла-

МұғалімДаярлықпен қош айтысып қаламыз

Енді қолға әліппені аламыз.

Ата- ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шығар енді балаңыз,-

Би, Вальс

Ата аналарға сөз беріледі ертеңгілігіміз аяқталады.

-80%
Курсы дополнительного образования

История моды

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жолың болсын , балдырған (22.16 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт