Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  Прочее  /  Жол жүру талаптарының өзгеруі

Жол жүру талаптарының өзгеруі

Жолаушыны жол үстінде осы поезда өзінің жүру талаптарын өзгертуге және жоғары санаттағы вагонға, егер онда бос орын бар болатын болса, ауысуға құқығы бар. Бұл туралы жолаушы поезд бастығына (механик-бригадирге) вагонның жолсерігі арқылы хабарлайды.

81. Жолаушы өз қалауы бойынша жоғары санаттағы вагонға ауысқанына ақы төлеуі тиіс және поезд жолы бойындағы станциялардың біреуінің билет кассасында аялдама уақыты бойынша оны жолаушының қатысуынсыз жасауға мүмкіндік болатын болса ресімделуі тиіс. Ескерту: 81-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

82. Жолаушы жол жүру барысында өз қалауы бойынша бағасы арзан санаттағы вагонға ауысқан кезінде қандай-да болмасын қайта есептеулер және төлемдерді қайтару жүргізілмейді.

83. Жолаушыға сатып алған жол жүру құжатына (билетіне) сәйкес вагонда орын ұсынылмаса, поезд бастығы (механик-бригадирі) онымен келісе отырып, оған басқа вагоннан, оның ішінде қосымша ақы өндірусіз жоғары санаттағы вагоннан орын ұсынады. Егер жолаушыға өзі сатып алған жол жүру құжатынан бағасы арзан орын ұсынылатын болса, оған осы Ереженің 63-тармағының 1-тармақшасында белгіленген тәптіппен жол жүру құнының айырмасы қайтарылады. Жолаушы оған ұсынылған орын ауыстырудан бас тартқан жағдайда, жол жүрудің құны қайтарылып беріледі. Дәл осы поезда орын ұсынуға мүмкіншілік болмаған жағдайда, Тасымалдаушы жолаушының талабы бойынша оған басқа поездан тиісті орын ұсынады, бұл ретте жол жүру құжаты қосымша төлем алынбай қайта ресімделеді.

11.01.2019

Содержимое разработки

ЖОЛ ЖҮРУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ

      80. Жолаушыны жол үстінде осы поезда өзінің жүру талаптарын өзгертуге және жоғары санаттағы вагонға, егер онда бос орын бар болатын болса, ауысуға құқығы бар. Бұл туралы жолаушы поезд бастығына (механик-бригадирге) вагонның жолсерігі арқылы хабарлайды.

      81. Жолаушы өз қалауы бойынша жоғары санаттағы вагонға ауысқанына ақы төлеуі тиіс және поезд жолы бойындағы станциялардың біреуінің билет кассасында аялдама уақыты бойынша оны жолаушының қатысуынсыз жасауға мүмкіндік болатын болса ресімделуі тиіс. 
       Ескерту: 81-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      82. Жолаушы жол жүру барысында өз қалауы бойынша бағасы арзан санаттағы вагонға ауысқан кезінде қандай-да болмасын қайта есептеулер және төлемдерді қайтару жүргізілмейді.

      83. Жолаушыға сатып алған жол жүру құжатына (билетіне) сәйкес вагонда орын ұсынылмаса, поезд бастығы (механик-бригадирі) онымен келісе отырып, оған басқа вагоннан, оның ішінде қосымша ақы өндірусіз жоғары санаттағы вагоннан орын ұсынады. Егер жолаушыға өзі сатып алған жол жүру құжатынан бағасы арзан орын ұсынылатын болса, оған осы Ереженің 63-тармағының 1-тармақшасында белгіленген тәптіппен жол жүру құнының айырмасы қайтарылады. Жолаушы оған ұсынылған орын ауыстырудан бас тартқан жағдайда, жол жүрудің құны қайтарылып беріледі. 
      Дәл осы поезда орын ұсынуға мүмкіншілік болмаған жағдайда, Тасымалдаушы жолаушының талабы бойынша оған басқа поездан тиісті орын ұсынады, бұл ретте жол жүру құжаты қосымша төлем алынбай қайта ресімделеді.

      84. Жол жүру барысында немесе құрастыру мен айналым пунктінде техникалық ақаулық бойынша вагон ағытылған жағдайда станция (вокзал) бастығы ағытылғанның орнына басқа вагонды қосуға және оған жолаушыларды өткізуге шаралар қолданады, ал егер де басқа вагонды қосуға мүмкіншілік болмаса - жолаушыларды осы вагонның бос орындарына, оның ішінде жоғарырақ санаттағы вагондардағы орындарға да орналастырады. 
      Жоғарырақ санаттағы вагондарға ауысу кезінде айқын басымдылық 52-тармаққа сәйкес балалы жолаушыларға, ауру адамдарға, жасы үлкен адамдарға, Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына беріледі. Жоғары санаттағы вагонға ауысу кезінде жолаушылардан қосымша төлем алынбайды, ал жолаушылардың келісімімен бағасы арзан вагонға ауысу кезінде - жол жүру құнының айырмасы қайтарылады. 
      Сол поезға орналастырылмаған жолаушылар уақыт бойынша жақын арада кететін поезбен қайта ресімделген жол жүру құжаттары бойынша жөнелтіледі. 
      Тасымалдаушының кінәсы бойынша жолаушылардың вагон немесе поезға мәжбүрлі ауысуы әр жағдайда поезд бастығы (механик-бригадир) мен осы ауысу болған вокзал қызметкерінің қолы қойылып, вокзалдың (станцияның) мөртабанымен бекітіледі. Аталған акті поездың сапары аяқталғанда құрамды құрастыратын жолсеріктер резервіне тапсырылады.

      85. Вагонды ағыту кезінде төсек-орын жабдықтарын пайдалануға ақы төлеген жолаушы ағытылған вагонның жолсерігі мен поезд бастығы (механик-бригадирмен) құрастырған және станцияның мөртабанымен бекітілген акті негізінде оларды қайтадан ақысыз алады.

      86. Жолаушыларды ағытылған вагоннан басқа вагонға ауыстыру кезінде жолаушылардың қол жүгін алып бару және қажет болған жағдайларда алып бару кезінде көмек көрсету Тасымалдаушы қызметкерлерінің міндеті болып табылады және бұл ретте оны поезд бастығы (механик-бригадир) станция бастығымен бірлесіп асқан сақтық пен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдай отырып ұйымдастырады.



-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Руководство и управление организацией дополнительного образования

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жол жүру талаптарының өзгеруі (49.54 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт