Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Жер біздің ортақ үйіміз

Жер біздің ортақ үйіміз

Тақырыбы: Жер біздің ортақ үйіміз Мақсаттары: Тәрбиешілік:Балалалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу Дамытушылық: Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру Оқыту: Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және ұқыптылық қарым-қатынасты қалыптастыруды үйрету
13.04.2020

Содержимое разработки

Ересектер «Қарлығаш» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Пән: Қауіпсіздік мінез-құлық негіздері

Өтпелі тақырып: «Жер – Ана»

Тақырыбы: Жер біздің ортақ үйіміз

Мақсаттары:

Тәрбиешілік:Балалалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу

Дамытушылық: Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру

Оқыту: Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және ұқыптылық қарым-қатынасты қалыптастыруды үйрету

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, сұрақ-жауап,тақпақ

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Көптілділік: жер-земля, үй-дом

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Әр адамның өз үйі бар, әр жануардың өз мекені бар. Әр өсімдіктің өзіне қолайлы өсетін жері бар.

-Бәрінің ортақ үйі қалай аталады?

Тәрбиеші глобусты үстел үстіне қойып, не екенін сұрайды.

-Глобустың пішіні қандай?

2.Негізгі бөлімі:

-Глобустан қандай түстерді көріп тұрсыңдар? Ол түстер нені белгілейді?

-Біздің жерімізде құрғақ жер көп пе, су көп пе?

-Сендер басқа қандай ғаламшарды білесіңдер?

-Осылардың ішінде ең әдемісі – біз өмір сүретін Жер ғаламшары. Жердің басқа ғаламшардан қандай айырмашылығы бар?

-Табиғаттың адам өміріндегі маңызы зор. Тіршілік иелері өмір сүру үшін не қажет?

-Тіршілік үшін қажеттің бәрі Жер бетінде бар.

Жұмбақ шешу.

Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

-Ауа не үшін керек?

-Ауа қандай?

Жұмбақ.

Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен.

-Су не үшін қажет?

Сергіту сәті.

-Ойланып көрейікші, адам жануарлар, өсімдіктер болмаса, өмір сүре ала ма? Олар адамға ен үшін қажет?

-Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды? Ал табиғатты, Жер бетін қорғау кімнің қолында?

-Ал кейбір адамдар табиғатқа қандай зтян келтіреді?

-Бірақ одай зиянды қылықтар жасауға рұқсат беріле ме? Адам табиғатты қалай қорғайды?

-Жер бетіндегі ақылды, мықты, білімді – ол Адам. Адам осы білімін, ақылын қайда қолдану керек?

-Жер бетін қорғау үшін ақылды, қайырымды бол керек. Олай болса, табиғатта өзін дұрыс ұстау ережесін еске түсірейік.

-Біз табиғат, Жер туралы көптеген мақалдар білеміз. Соларды есімізге түсірейік. «Пазлдар жинау» тапсырмасын орындау.

4-5 баладан бөлінген топтарға табиғатқа байланысты пазлдар беріледі.

Жеке жұмыс жүргізу.

3.Қорытынды:

-Егер сендер көршілерің, достарың, көшедегі адамдар гүлдерді жұлып, ағашты сындырып, қоқыс лақтарып жатқанын көрсеңдер, не істейсіңдер?

-Жарайсыңдар, балалар! Әрқашанда мына ұранды ұмытпайық: «Өз ғаламшарыңды сақта, өйткені ондай ғаламшар әлемде жоқ».

































-80%
Курсы дополнительного образования

Создание динамических веб-страниц с помощью PHP и MySQL

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жер біздің ортақ үйіміз (16.31 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт