Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Желбіре, Жеңіс жалауы

Желбіре, Жеңіс жалауы

же?іс к?ніне арнал?ан мектепалды даярлы? сыныбына ерте?гілік сценарийі.

04.05.2017

Содержимое разработки

«ЖЕЛБІРЕ, ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ»

Мақсаты: Соғыста құрбан болған ата-бабаларымыздың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу.


Барысы

Жүргізіші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей

Абзал досым, мүгедекті жүр демей.

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді

Еске алайық бір сәт үндемей

Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің 72-көктемі де келіп жетті. Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да бұл күні барлығымыз мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

Жүргізуші: «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды». Бұл сөздің астарындағы мағына өткенге емес болашаққа арналған. Халқы үшін құрбан болған қаһармандарымыздың асқақ рухы елімізде мәңгі сақталады.

Әдеби монтаж

1.Үміт

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі

Көктем, шуақ тоғызыншы май күні

Айтшы, кәне, біздің Жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемге сай келуі?!

2.Дильназ

Біздің осы Жеңісіміз көктем боп

Көңілдерге шұғыласын төккен көп

Сонау жылы тоғызыншы май күні

Алмастырған қуанышқа қайғыны

3.Нұртілек

Мақтанбаймын қалайша, марқаймаймын

Уақыт бізге ғажап сыр айтар дәйім.

Барлығын да сыйлапты адамзатқа

Ынтымақты, жеңісті дархан мамыр

4.Інжу

Күш-қайраттың бойында тасқыны бар.

Мұқалмайтын төзімді достығы бар

Талай тарих таңғалып куә болған

Елімнің ерлік деген дәстүрі бар


Жүргізуші:

Келді міне күндей жайнап гүл көктем,

Самал желі шашты тарап, бетті өпкен

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды

Олар біздің бақыт үшін қан төккен

(суреттер арқылы қазақ батыр ұл-қыздарымен таныстыру)


Ән: «Жаным әке»

Орындайтын: Сагин Нұртілек.


Жүргізуші:

Желбіреген жалауымыз

Ұлы Отанның ұланымзы

Бейбітшілік – қалауымыз

Асқақтаған – жыр-әніміз

Би: «Солдаттар маршы»

Хормен: Біз қашаннан ер, қаһарман халықпыз

Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз

Біз күштіміз күштілердің бәрінен

Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.

Жасасын Жеңіс, еңбегі барлық солдаттың,

Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.

Қаншама адам ерліктер жасап майданда

Қазақтың атын, халықтың атын самғатты

Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер

Болмасын соғыс! Болмасын!

Осы тілекпен, барша халайық, түрегел! (барша іс-шараға қатысушылармен орындау)

Ән: «Ән салшы, сарбазым»

-80%
Курсы повышения квалификации

Педагог дополнительного профессионального образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Желбіре, Жеңіс жалауы (15.81 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт