«Балтасап негізгі мектебі»КММ
Абай оқулары 2016 жыл

2-сынып оқушысы
Кәрібай Ералы
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй
Дүние ойдан щығады
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып,
Аңсаған шөлде су тапса
Бас қоймай ма,бастауға
Біреу түртсе,я қақса
Бой тоқтамас жасқауға
Өлеңдер тізімі
1. Жасымда ғылым бар деп ескермедім
2. Күз.
3.Қыс.
4. Желсіз түнде жарық ай
5. Әсемпаз болма әр неге
6. Өлең сөздің патшасы
7. Білімдіден шыққан сөз
8. Ғылым таппай мақтанба
9. Қажымас дос халықта жоқ
10. Жүрегім менің –қырық жамау
11.Ата анаға көз қуаныш
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр –мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы –үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң-қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып.
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
.
Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып.
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?
Әсемпаз болма әр неге
Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де –бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа,
Алдың –жалын, артың –мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас Үйретуден балаға.
\\
\\
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Тастан түлкі табылар аңдығанға
Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға
Салақ етіп, жалықса қайтқан ізі
Бүркітші тау басында, қағулы ойда
Іздің бетін түзетіп,аңдағанда
Жүрегім менің –қырық жамау
Жүрегім менің –қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтіп аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң әр неден.
Өлді кейі, кейі –жау,
Кімді сүйсе бұл жүрек.
Кімі –қастық, кімі –дау,
Сүйенерге жоқ тірек.
Кәрілік те тұр тақау,
Алдымызда айла жоқ.
Қайғысыздың бәрі асау,
Бізге онан пайда жоқ.
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрседен асық бол
Адам болам десеңіз
Тілеуің өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз
Өсек,өтірік,мақтаншақ
Еріншек ,бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап,еңбек,терең ой
Қанағат , рақым ойлап
Бес асыл іс көнсеңіз
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын,сырын көруге
Көкірегіңде болсын кез
Жүрегі айна,көңілі ояу
Сөз тыңдамас ол баяу
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?
Әбілет басқан елер ме
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме
Түзелмесін білген ез?
Айты айтшылап жалынар,
Ұққыш жансып шабынар
Ұқпай жатып жалығар
Ұйқылы ояу бой күйез

"ЖEНIС КYНI - КУАНЫШ " атты сынып сагаты (639.72 KB)

