Шығармашылық есеп
Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет
Бауыржан Момышұлы
Кіріспе
Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек".Бүгін Қазақстан халықаралық білімдік кеңістігіне шығуға бағытталған. Бұл педагогты көп нәрсеге міндеттейді. Ол уақытпен бірге жүру керек, қоғамның әлеуметтік тапсырысын қанағаттандыру керек. Ал қоғамға өзіндік ой-өрісі дамыған, шығармашылығы мол тұлға қажет. Мұғалім оқушы не үшін оқу керек екенін, өзінің білімін іс жүзінде пайдалана білетіндей қылып, өз жұмысын құру керек. «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болған емес» - деген екен. Шындығында ұстаз деген бойындағы күш-қайратын ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, сол жолда еңбек етіп талмай ізденетін ұлағатты жандар деп білемін. Сондықтан мұғалім ретінде өз тәжірибеме үнемі сыни көзбен қарайтынмын. Осы ретте бағдарлама негізінде қамтылған модульдер менің педагогикалық көзқарсыма әсер етті.
Әдістемелік тақырыбым бойынша жұмыс
Мен-жоғары білімді, бастауыш сынып мұғалімі. Қазіргі заманға сай зияткерлі,дені сау,ой-өрісі жоғары дамыған,халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу-ең негізгі мұғалімдік міндетімді аса жауапкершілікпен іске асырудамын. «Оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру» ділгірім бойынша жұмысым замануи Сын тұрғысынан ойлау технологияның /СТО/ тиімді әдіс-тәсілдерін барынша пайдалануға жетелейді де, оқушының танымды күші қалыптасқан,білімге деген қажеттілікті ұғынған,өз бетімен үйренуді мақсат еткен, ойын еркін айта алатын, білім стандартынан жоғары деңгейдегі біліммен қаруланған тұлға ретінде дамуына үлкен ықпал жасаудамын. Мұғалімнің шеберлігі, әсіресе, сабақтарында балаларды қалай үйрете білуден байқалады. Менің бір сабағы бір сабағыма ұқсамайды, себебі әр сабағым әдістемелі сауатты құрылған, нақты SMART мақсаттары қойылған, айқын міндеттерді шешуге СТО-ның тиімді стратегияларын аса шеберлік пен шығармашылықпен пайдалана білу арқылы қол жеткізудемін. Негізгі жұмыс түрі- топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады. Оқушылар жұмыс жасау барысында бір — біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш — қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды флипчарт арқылы көрсетеді. Сабақ өткізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытып, логикалық ойлау қабілеттірін, өз көзқарасын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлем. Мен өзімнің теориялық білімім, әдістемелік қабілетімді арттырып отырамын. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз — философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс – тәсілін, қыр – сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:
Мен оның он бесін пайдаланудамын: Негізгі ойды суреттеу, Топтастыру, Синквейн, Эссе жазу, Болжам кестесі, ЖИГСО, Инсерт, Венн диаграммасы, Кубизм, Бағытталған оқу, Галереяға саяхат, Жуан, жіңішке сұрақтар, РАФТ, Қосжазба күнделігі, Автор орындығы...Аталған стратегияларды жүйелі түрде пайдалану арқылы менің өнімді инновациялық іс-әрекетімнің көрсеткіштері мыналар:
педагогикалық еңбектің тиімділігі;
оқу – тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағыттарының бірлігі;
жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының қалыптасуы; мұғалім беделінің өсуі;
оқушылардың істі талдау әдіс-тәсіліне, диалектикалық ойларға үйренуі;
Белсенді әдістің бірі- дидактикалық ойындар:«Маршрут», «Еске түсіру» , «Қара жәшік»,«Жолға шығу»,«Кемпірқосақ»,«Бинго» «Сұрақтар жаңбыры» т.б. ойындарын тәжірибемде жиі қолданамын.
Өзін өзі жетілдіру
Өзін өзі жетілдіру «Бастауыш сынып оқушыларының оқыту үрдісіне сын тұрғысынан ойлау технологиясын енгізу» тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысымды белсенді түрде жүргізудемін. 2013-2014 оқы жылынан бастап «Оқу үрдісін технологияндыру» облыстық экспериментінің экпериментатор-мұғалім қызметін атқардым. «Оқу үрдісін технологияндыру - сапалы білім беру шарты» облыстық педагогикалық марафонына қатысып, үш жылдық экспериментінің оң нәтижелері үшін дипломмен марапатталдым.
Облыстық деңгейде тәжірибеммен алмасу
2013-16 жылдар аралығында облыстық ғылыми практикалық конференцияларында өз тәжірибеммен жүйелі түрде алмасып отырдым. Конференция тақырыптары: «Ізденіс пен ой толғаныс-кәсіби дамудың алғы шарты» атты 11-ші ғылыми-практикалық конференциясы, «Сынаулық ойлауды дамыту”-12-ші ғылыми-практикалық конференциясы, «Мұғалімнің зерттеуі-кәсіби даму мектебі» -13-ші ғылыми – практикалық конференциясы. Осы конференцияларда баяндамаларым республикалық «Дауыс&Көрініс» ұлттық журналына басылымға ұсынылды. 2015 жылдың 18 қыркүйек күні Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Оқу-тәрбие үрдісін технологияндыру» облыстық семинарда «Дүниетану сабақтарында СТО-ны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық мүддесін арттыру» баяндамаммен облыстың экспериментатор - мұғалімдерімен тәжірибе алмастым,атқарған жұмысыма есеп бердім.
2017 жылы 25 қараша күні аудандық бастауыш мұғалімдерінің семинарында «Оқу дағдысын қалыптастыру» атты баяндамамды оқыдым, «Бастауыш сыныптарда оқу шапшаңдығын дамытудың өзектілігі» шебер-сынып ұйымдастырып өткіздім, оқушыларым ғылыми жоба қорғаудан шебер – сынып көрсетті.
Дарынды балармен жұмыс
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, менің оқушыларым халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалардың қатысушылары болып табылады.
Тұла бойы ізгілік пен парасаттылыққа, мейірімділікке толы оқушыларым шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз пікіренде, өз сөзінде тұруда, мәнерлеп түсініп оқуға, мәдениетті жазбаша, ауызша сөйлеуге үйретілген. Әртүрлі байқау, сайыстар, халықаралық «Пони», республикалық «Ақбота» зияткерлік марафон қатысушылары: Асылхан Асанали, Сабыртаев Ильяс, Қапез Әділет – 2 орынға, ал Жетпіс Аиша – 3 орынды иеленді. Мектепішілік, аудандық пән олимпиадалардың жүлдегерлері: Әбікән Мәлика, Асылхан Асанали 1 орын, Жетпіс Аиша математикадан 2 орынға иеленсе, ал қазақ тілінен Абубакир Салтанат 1 орын, Теміржан Гүлсана, Мажит Мерей 2 орынға иеленді. «Абай оқулары», «Ыбырай оқулары» сайысында оқушыларым: Абубакир Салтанат, Мажит Мерей, Қапез Әділет, Садыкова Адина Абайдың жиырмаға жуық өлеңдерін жатқа біледі, нақышына келтіріп мәнерлеп оқығаны үшін сертификат, мадақтамаларға иеленді. VII-ші мектепішілік ғылыми-практикалық конференциясында оқушыларым Сәрсенбай Жалғас және Қуаныш Назерке «Бөлме өсімдіктері дос па, қас па?» ғылыми жобаларын қорғап 1 орынға ие болғаны үшін мадақтама, сертификаттарға иеленді./28.04.16./
VIII-ші мектепішілік ғылыми - практикалық конференциясында оқушыларым Сәрсенбай Жалғас және Қуаныш Назерке «Бөлме өсімдіктерінің адам физикасы мен эмоциялық күйіне деген әсері» ғылыми жобаларын қорғап 1 орынға ие болғаны үшін мадақтама, сертификаттарға иеленді /26.04.17./5.05.17. АӘО оқушыларының ғылыми жұмыстарының сайысында оқушыларым 1 орын алып, облыстық сайысқа жолдама алды.
«ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ғылымға алғашқы қадам» атты II Республикалық бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жұмыстарының сайысында 1 орын ие болған Сәрсенбай Жалғас, Қуаныш Назерке және мен жоба жетекшісі Ергожина Алма Сартаевна да дипломмен марапатталдым.
III-ші Халықаралық бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жұмыстарының «Жас ғалым-2017» сайысының жеңімпаздары атанып дипломмен оқушыларым және мен жоба жетекшісі марапатталдым. «Оқу үрдісін технологияндыру - сапалы білім беру шарты» облыстық педагогикалық марафонына қатысып, үш жылдық экспериментінің оң нәтижелерім үшін дипломмен марапатталдым./2014-2017ж/
2017 жылдың 1-3 қараша аралығында Көкшетау қаласында «Зерде» облыстық ғылыми жобалар сайысында оқушыларым Сәрсенбай Жалғас және Қуаныш Назерке өз жобаларын талапқа сай қорғап, 2 орынды иеленгені үшін диплом және медальмен марапатталды.
Оқу-әдістемелік құралдар
«Дүниетану пәнін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологияның тиімділігі», «Дүниетану курсы бойынша сорбонкалар», «Блум таксономия кестелері»дидактикалық материал, «Дүниетанудан өзара тесеру,жаттықтыру сорбонкалар», «Оқу дағдысын тексеру», «15 сөйлемді 5 сөйлеммен» өлшеуіш құрал, «Дәстүрлі емес сабақтар», «СТО сабақ үлгілері», «СТО стратегиялар»жинағы, «Қорщаған орта», «Қызыкты грамматика» оқу-әдістемелік құралдардың авторымын.
Мектеп,аудандық білім беру бөлімі, «Өрлеу»Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Ақмола облысының білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің марапаттар иегерімін.
Өз жұмыс тәжірибеммен мектептегі,аудандағы әріптестеріммен бөлісіп отырамын, мектеп ішінде «Желаяқ», «Бөлме өсімдіктері», «Топырақ», «Құм, тұз, саз», «Ыбырай - кемеңгер адам» атты ашық әдеби кеш-сайыс, бірнеше жоғары бағаланған ашық сабақтар өткіздім, Копилка сайтына жарияланды.
Басылымдар
Педагогикалық жолда тек осы істермен шектелмей, интернет жүйесінде де өз тәжірибеммен алмасып, өзге әріптестеріммен қарым қатынас жасаймын. Өзімнің жеке сайтым да бар. Интернет желісіне Инфоурок, Коллеги, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының /akmol-orleu.kz/, /kz/akmola/сайттарында сабақтарымды, тәрбие сағаттарымды, баяндамаларымды салып, өзге де әріптестеріммен бөлісемін. Сырттай Халықаралық конференцияға, онлайн вебинарға мақалаларым жіберілді, сертификаттар аламын және жинаққа басылып шығады. Көптеген сертификаттарым да бар. Аудандық «Зерделі Зеренді», «Зерен», «Мектеп жаршысы» газеттерде «Сарқылмас ұлылықтың бастауы...», «Жаныңда жүр жақсы адам», «Балдырған-2017» атты мақалаларым жарияланды.
Алматы: «Ғылым» баспасынан 2017 жылдың шілде айында «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері енген кітабының 34 бетінен мен жайлы мақаламен таныса аласыздар. Мектеп ұжымының ұсынысы бойынша «100 жаңа есім» жобасына қатысуға үміткердің бірімін. VII Республикалық “Мәңгілік ел үміткері» атты дарынды, үздік оқушылар антологиясына енген оқушыларым: Абубакир Салтанат, Сәрсенбай Жалғас, Қуаныш Назерке.
Мен мектептің қоғамдық жұмыстарына, шығармашылық өміріне де белсене қатысамын. «Жас мұғалімдер мектебінің» жетекшісімін, бұл жұмысты әдістемелік көмек көрсету, жас ұстаздарды ұстаздық жұмысқа бейімдеу мақсатында ұйымдастырып жүрмін.
Қорытынды
Осылайша, бастауыш мектеп мүғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін баскара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы түлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат –саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушысы ғана емес, еліміздің ертеңгі тірегі, болашағы. Болашақ ұрпақ – болашақтың барысы, келешектің қожасы. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақыл – парасаты мол, мәдени – ғылыми өресі озық адамзат етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Жасыл ел классный час (24.6 KB)

