Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Практикумы  /  Прочее  /  "Жас маманға ақ жол!"

"Жас маманға ақ жол!"

Жас мамандар?а к?мек к?рсету ж?не ?жымда психологиялы? ахуалды ?алыптастыру, к?сіби ??лшынысын арттыру, жігерлендіріп, к??іл-к?йін к?теру. Сонымен ?атар ?йымшылды??а, сенімділікке, бір-бірімен жа?ын танысып, білісіп, ашылуына к?мектесу.

16.01.2017

Содержимое разработки

«Жас маманға – ақ жол!».

(психологиялық тренинг)


Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуалды қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, сенімділікке, бір-бірімен жақын танысып, білісіп, ашылуына көмектесу.

Қатысушылар: жас мамандар.

Өту түрі:

І. Сәлемдесу.

ІІ. «Ақшақар» ойын жаттығуы.

ІІІ. «Айналма» ойын жаттығуы.

IV. «Келісу керек» ойын жаттығуы.

V. «Шеңбердегі саусақтар» ойын жаттығуы.

VІ. «Қай орынға отырасыз?» тесті

VI. «Рефлексия» кері байланыс

Қорытынды

Тренинг ережесі:

1. Тыңдай білу.

2. Сөзді бөлмеу.

3. Белсенділік.

4. Шығармашылық.

5. Төзімділік.

6. Сыйластық.

Психолог сөзі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! «Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Өйткені ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында. «Тек жоғары сауатты, дарынды, дана, әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»-деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Мұғалімдікке жас талапкерлерді тарту-қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналған еді. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарыңыз құтты, еңбек жолдарыңыз сәтті болсын деген тілектестігімізді білдіре отырып, «Жас маманға – ақ жол!» атты психологиялық тренингіне қош келдіңіздер дейміз!


І. Сәлемдесу.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

«Бір-бірімізбен амандасайық» (сәлемдесу). Өз есімінің бастапқы әріпіне сай 3 жағымды қасиетін айту қажет. Мысалы: Ақнұр Ақылды, ақкөңіл, аяулы

Мақсаты: бір – біріне жақын болуға, бір – бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру.

І нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз.

ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы

ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы

ІV нұсқа: басыңызды тигізу арқылы.

ІІ. «Ақшақар» ойын жаттығуы.

Мақсаты: бірлесе ойлауға, шешім қабылдауға, көшбасшыны анықтауға, көздеген мақсатқа бірлесе жетуге бағытталған.

Қажетті құралдар: жіп, қарындаш, бос шырын бөтелкесі. Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді. Мыс: 16 қатысушы болса 8 бөлік.

Нұсқауы: қатысушылар жіптің көмегімен қарындашты бос шырын бөтелкесіне салулары қажет. Әр адамның қолында жіптің бір ұшы қалу керек. Егер қарындаш жерге түсіп кеткен жағдайда қайта жалғастырылады. Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар талдау жасап, өз ойларын білдіреді.

ІІІ. «Айналма» ойын жаттығуы.

Мақсаты: бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, шапшаңдықты, қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, жағымды көңіл күй орнату.

Нұсқауы: қатысушылар шеңбер жасап қолдарынан ұстап тұрады. Жүргізушінің белгісінен кейін айналмадан қолдарын үзбей, дене мүшелері арқылы өтіп шығу керек. Жаттығуды күрделендіру үшін айналманың орнына жіп қолдануға да болады.

Қажетті құралдар: айналма (обруч).

Талдау: ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.

ІV. «Келісу керек» ойын жаттығуы.

Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез-келген жерден шыға білу. Яғни ым-ишара арқылы бірін-бірі түсіну, жест, мимика арқылы вербалды емес қарым-қатынас орнату.

Нұсқауы: қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Жүргізуші топ басшыларына 1 минут ішінде бірнеше сөз оқиды. Бұл жерде топ басшысы өз тобына ым-ишара арқылы жеткізуі керек. Қай топ көп сөз тапты, сол команда жеңіске жетеді. Әр сөз 5 ұпаймен есептелінеді. («Жасқыран тобына» – көзілдірік, дәрігер, жол, коньки, кітапхана, үй, футбол, әке, ұялы телефон, қуану). («Топжарған тобына» - аспаз, балық, сыйлық, суретші, мүсін, домбыра, көбелек, компьютер, денсаулық, мектеп.)

V. «Шеңбердегі саусақтар» ойын жаттығуы

Мақсаты: ептілікке, ұжымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Нұсқауы: қатысушылар сұқ саусақтарының басына айналманы қойып, топпен бірге белгіленген жерге дейін алып жүрулері керек. Айналманы алып келе жатқан кезде қолдың жоғары қарай көтеріліп кететіні байқалады. Егер жоғары көтеріліп кеткен жағдайда немесе түсіріп алған кезде ойын қайта басталады.

Қажетті құралдар: айналма (обруч).

Талдау: ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады. Неге айналма жоғары көтеріліп кететіні жөнінде сауал тасталады.

VI. «Қай орынға отырасыз?» (психологиялық тесті)




Мәтінді оқымай тұрып, төмендегі суретке зер салыңыз. Жаныңызға жақын, отырғыңыз келетін орындықты таңдаңыз. Таңдауыңызға сәйкес орындық сипаттамасын оқып, өзіңізді таныңыз.

1. «Кәсіпкер» орындығы. Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз.

2. «Рухани тәлімгер» отырғышы. Сіз сабырлы әрі жанашыр жансыз. Бір күніңізді толығымен жәрдеміңізге мұқтаж адамға арнай аласыз. Жаныңыз қайырымдылық пен мейірімділікке бай. Сіз үшін нағыз адам – өзгелерге қол ұшын соза алған жан. «Адам аласы ішінде» деген тіркес сізге сай емес екенін бір көріп білуге болады. Себебі ұсқыныңыз қандай жайдары болса, жаныңыз да сондай жомарт. Ешқашан сабырға келе алмайтын жанды да тыныштандыру сіздің ғана қолыңыздан келеді.

3. «Өнертапқыш» орындығы. Сіз қуатыңыз мол және қатарыңыздан озық жансыз. Күні бойы жаңа да тың жобалар мен идеяларды дамыту үшін қозғалмай отыра аласыз. Әрдайым жаңа нәрселерді ойлап табуды жақсы көресіз. Жұмыста да, басқа кезде де кез келген істі байқап көргіңіз келеді. Алғаш көрген көзге іш пыстырарлық адам боп таныласыз. Солай болуы да мүмкін, бірақ идеяларыңыз ешқашан ешкімді жалықтырған емес. Заттардың құпиясын ашу үшін ұзақ әуреленіп, тәжірибе жасағанды жаныңыз сүйеді.

4. «Сыншы» орындығы. Сіз талғампазсыз және өте жақсы тәрбие көргенсіз. Күні бойы қонақтың көңілін аулап, қызықты әзілдермен жүзіне күлкі сыйлап отыра аласыз. Әлемдегі ең жақсы адам екеніңізді көрсеткіңіз келеді. Барлығы сізді біртуар тұлға ретінде қабылдағанын қалайсыз. Алғаш көрген жан сізді көрсеқызар, кейде ептеген тәкаппар деп ойлайды. Мойындаңыз, мұндай ой тууына өзіңіздің үлесіңіз бар. Кез келген нәрсенің сапалысын таңдайсыз, ең жақсысын ғана алғыңыз келеді.

5. «Психолог» орындығы. Сіз барлығын білуге құмарсыз, талабыңыз таудай. Өмірге сұрағыңыз көп, барлығының жауабын табуға ұмтыласыз. Біреу сізге өмір жолын айтып беремін десе, басқаға бас бұрмай отырып, тәулік бойы тыңдауға әзірсіз. Бірінші көрген кісіге сабырлы да салмақты, қарапайым жан екен деген ой қалдырасыз. Бірақ, шын мәнісінде өте белсенді адамсыз. Барлығын санада сараптап, мида қорытасыз. Адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын меңгеруге құштарсыз.

6. «Саяхаттаушы» орындығы. Сіз тапқыр, жігерлі жансыз. Бір күн бойы пойыз не ұшақ терезесіне телміріп, әлемге көз тігіп отырудан бас тартпайсыз. Жаңалық іздеп шарқ ұруда жанкештілік көрсетесіз. Бұрын соңды көрмеген жер, жаңа таныстар, таңсық нәрселер сізді шабыттандырады. Бейтанысқа беймаза жан боп таныласыз. Шынында да, өміріңізде сәл тыныштық орнауы үшін, өзіңізді қолға алыңыз. Ғұмырыңызды саяхатқа арнағыңыз келеді. Сапарға шықпаған кезіңізде, үнемі алыс шетелді елестетіп, қиял құшағында жүресіз.

7. «Романтик» орындығы. Сіз шығармашылық адамысыз әрі арманшылсыз. 24 сағат бойы ой үстінде отыра аласыз. Қиялыңыз ұшқыр, ойыңыз әрдайым әлемді шарлап жүреді. Сапар соңында қадамыңыз басталған жерден табылмайсыз. Бір көрген жан көп қырлы екеніңізді байқайды. Айналаңыздағы әлемді қаншалықты ұмытып кететін болсаңыз, ойыңыздан да соншалықты адасасыз. Санаңызда әрқашан адам ойына келмеген жақсы нәрселер өмір сүреді, тек соны жазып не есте сақтап алатын зейін жетіспейді.

8. «Ғалым» орындығы. Қажырлы әрі біртуар жансыз. Күні-түні қиын да күрделі кітапты оқып, қозғалмай отыра аласыз. Идеялар әлемінде адасып кетуге де бел буасыз. Бірақ олар жұмбағы мен тылсымы көп болған сайын, сізді қызықтыра түседі. Бір көрген жан сізді әлемде не болып жатқаны мүлдем қызықтырмайды деп ойлайды. Іс жүзінде, өте әуесқой кісісіз. Өзіңізді қызықтырған нәрсе жөнінде профессорлардан да озып, толығымен түсінбейінше оқи бересіз.

9. «Философ» орындығы. Сіз кірпияз, бірақ көңілді адамсыз. Күні бойы бір орында отыра аласыз. Сөйте тұра, ішіңіз пыспайды, өзгелердің де ішін пыстырмайсыз. Сіз үшін әлем – алып ойын-сауық. Дүние жүзінде әр күні әр түрлі қызық жайт орын алады ғой. Бірінші рет көрген кісіге таңғажайып боп көрінесіз. Бағыңызға орай, көпшілігі сіздің біртүрлі қылықтарыңызды қызықты деп қабылдайды. Өмірге өзгеше көзқарасыңызды үнемі танытып жүресіз.

Қорытынды. Тренинг ұйымшылдыққа, сенімділікке, бір-бірімен жақын танысып, білісіп, ашылуына көмектесу мақсатында жүргізілді. Сонымен қатар, тренинг барысында топ болып бірлесіп жұмыс жасау қабілеттерін арттыруға, топ үшін жауапкершілікті қаншалықты сезінулерін көруге әрбір қатысушының өзіне мүмкіндік береді. Адамды жігерлендіріп, өзін топпен араласуға және жан-жақты көрсетуге, қасында жүрген адамдардың мінез-құлқы туралы тереңірек білуде де шараның берері мол болды деп есептейміз. Тренинг болашақ жас мамандарға алдағы уақытта ұжыммен бірлесіп, топ болып жұмыс істеуге, кез-келген қиындықтарда шыдамдылық танытуға, қысыл таяң жағдайларда өзін қалай ұстау керектігіне де үйретеді.

Ұстаздық еңбек жолдарыңызды жігерлі күш-қайратпен шыңдап, биіктен көрініңіздер. Барлықтарыңызға әрқашанда сәттілік серік болсын деп тілейміз!!!

Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді “Суретті тест” жаттығуы арқылы білетін боламыз.


РЕФЛЕКСИЯ
















«Сіз қандай мұғалімсіз?». Психодиагностикасы.

1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?

а) жүрек қалауымен

ә) кездейсоқ

б) лажым жоқтықтан

2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:

а) керемет жұмыс

ә) күн көріс үшін

б) бас қатыру

3. Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы

а) өте сауатты деп есептейді

ә) қанағаттанарлық

б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ

4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:

а) міндетті түрде менен көмек сұрайды

ә) кейде

б) маңыма мүлде жоламайды

5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?

а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын

ә) сирек қолданамын

б) оқулықпен шектелемін

6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:

а) қатені мойындап, кешірім өтінемін

ә) үндемей құтыламын

б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін

7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда

а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын

ә) басшылар ескерткенде ғана

б) бас ауыртқым келмейді

8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?

а) мүлде қол жұмсамаймын

ә) анда-санда

б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін

9. Мұғалім болғаныңызға

а) ризасыз

ә) сізге бәрібір

б) өкінесіз

10. Ұжым арасында беделіңіз:

а) өте жоғары

ә) жақсы

б) орташа


Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.

40-50 ұпай жинасаңыз: Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.

20-39 ұпай жинасаңыз : Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.

10-19 ұпай жинасаңыз: Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.










































Жалпы білім беретін №20 А.С.Пушкин атындағы мектеп - лицей





















«Жас маманға – ақ жол!»

(психологиялық тренинг)







Дайындаған: Сатханова Б.Ж.













Атырау – 2016ж

-75%
Курсы повышения квалификации

Порядок организации и проведения деловых переговоров как условие успешной коммуникации

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Жас маманға ақ жол!" (295.37 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели