Бекітемін: Бекітемін:
Аға шебер Ш.А. Тинчурин ӨОЖ бойынша
«__»____________2017 жыл директор орынбасары
Ю.И.Сапунов
«__»______2017 жыл
Сабақ: №
Топ: ТМК – 16
Бөлім: Электромонтаждық жұмыстар.
Тақырып: Жарықтандыру электр линияларын жалғау.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Студенттерді сымдарды монтаждау туралы түсінігін қалыптастыру. Жарықтандыру электр линияларын сымдарды жалғау туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Студенттердің ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбекке, мамандыққа сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу, берілген мәліметтерден өзіне қажеттісін таңдай білуге үйрету.
Сабақ түрі: Аралас
Оқыту әдісі: Теориялық, көрсеткіш құрал – жабдықтар, тәжірибелік, ө/о шебердің жеке көрсетілімі.
Сабақ түрі: Жеке, топтық
Материалдық – техникалық құрал – жабдықтар:
Дидактикалық материалдар: Инструкциалық – технологиялық карта
Пән аралық байланыс: Электротехника, материалтану, физика, химия, сызу
Сабақ барысы
Ұйымдастыру – 900 – 903 мин
Сәлеметсіздер ме? Здраствуйте! Good morning!
А) Студенттерді тексеру, белгілеу
В) Студенттердің сабаққа дайындығын, арнайы киімдерін және шеберхананың дайындығын тексеру.
2. Кіріспе нұсқама 904 - 950 мин
А) Жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
Жаңа сабақтытүсіндіру. 10мин
Студенттер , бүгінгісабақтан нені білгің келеді? Осы сұрақты бір сәт тақырыпқа қарап ойланып көріңіздерші? ( Студенттердің жауабы )
Электр қондырғылардың жұмыс сенімділігі сымдардың жалғану, тармақтау, ұштау сапасына байланысты. Жалғанған, ұштанған, тармақталған орындар механикалық төзімді, электрлік кедергісі аз, желідегі токтық жүктеменің күртартуынан жиі қызғанда, салқындағанда бүтін күйінде қалуы тиіс. Бұл талаптар монтаждау технологиясын қатаң сақтағанда, сондай - ақ, жалғағыш детальдар мен құралдарды дұрыс таңдағанда ғана орындалады.
В) Үй тапсырмасын өткен тақырып бойынша сұрау
Бағалау критериі: 5 дұрыс толық жауап – «5»
4 дұрыс толық жауап – «4»
3 дұрыс толық жауап – «5»
2 дұрыс толық жауап – «3»
1 дұрыс толық жауап – «3»
Ешқандай жауап жоқ – «2»
С) Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мен сендерге өткен сабақтағы алған білімдеріңді қолдана отырып, ойлану, толғану жолымен келесі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруді ұсынамын.
Монтажды сымдар мен кабельдер электрлік аппараттарда және басқа электротехникалық қондырғыларда түрлі қосындыларды жасауға арналған.
Монтажды сымдардың және кабелдердің тоқ өткізгіш желілерін өткізгіш мыстан жасайды. Олар 1 сымды және көп сымды болады.
- сынғыш келеді;
- қиын біріктіріледі;
- тазалағанда қиылмайды;
- бағасы арзандау келеді;
Сымдарды жалғауда қолданылатын құрал – жабдықтар:
- қысқыштар (пассатижи круглогубцы, кусачки);
- бұрағыштар жиынтығы;
- пышақ (әмбебап или монтаждық);
- тескіш;
-балға;
- гайкалық кілттер жиынтығы;
- электрлік паяльник;
-қысқыштар;
-егеу;
-оқшаулағышты алатын құрал (стриппер)
Сымдарды қалай дұрыс жалғау керек?
• бұрау;
• қысу (опрессовка);
• сваркалау;
• күйдірулау;
• винтпен біріктіру;
• болтпен біріктіру;
• өзіндік қысып біріктіру.
Сымдарды бұрау арқылы жалғау технологиясы өте қарапайым:
- Бұралатын сымның ұзындығы 4-5 см – ден кем болмау керек;
- Сымның бұралатын бөлігінің оқшаулағышынан кейін жұқа қабатын арнайы пышақпен немесе наждакпен тазарту қажет;
- Біріктірілетін сымдар біркелкі және тығыз болуы керек;
- Сымдарды бұрау арқылы біріктіру – бұл кез келген тығырықтан шығуға арналған тәсіл.
Техника қауіпсіздігі
* электрлік сымдардың оқшаулағышын шешу және тоқ өткізгіш талсымдарды тазалау тек арнайы тақтайшада орындалу керек.
* пышақтың ұшы жұмыскерден ары қарай бағытталу керек.
* электр өткізгіш сымдардың оқшаулағышы сенімді әрі берік болуы қажет.
Сымдарды бұрау арқылы жалғау барысында төмендегідей жалғаулар орын алады:
Жапсырып қысу арқылы жалғау.
Талсымдар мен кабельдерді мұндай біріктіру әдісі арнайы біріктіру гильзасы арқылы және арнайы қысқыш құралы арқылы орындалады. Мұндай біріктіру тәсілі нормативтік құжаттарға сай сапалы және сенімді болып есептеледі.
Жапсырып қысу қалай жүзеге асырылады? Ол үшін бізге:
• біріктіргіш гильза (мыс немесе алюминий)
• гильзаны ішкі диаметрі бойынша дұрыс таңдау керек (ол үшін арнайы нұсқамалар мен каталогтар бар)
• арнайы құрал— пресс-қысқыш (басқа құралды қолдануға болмайды, мысалы тістеуік)
Жұмыс барысы:
Техника қауіпсіздік ережелері
Әрқашан жұмыс орынын жарықтандырып отыру қажет;
Оқшауланбаған сымдарды ұстауға болмайды, егер тоқ көзінен ажыратылған болса да, арнайы тоқ тексергішпен тексеру қажет;
Жұмыс барысында оқшауланбаған екі сым болса, онда екеуі тиіп кетпейтіндей орналастыру керек және дереу оқшаулағышпен орау қажет. Содан кейін басқа жұмысқа кіріскен жөн.
Розетка, сымдарды, электр өткізгіштерді тексеру барысында алдымен тоқ көзінен ажыратып алу керек, тіпті қорғаныш қолғабын киген жағдайда да.
Кез келген электрөткізгіштермен жұмыс құрғақ бөлмеде орындалуы тиіс, егер еден дымқыл болса, аяқ астана құрғақ төсемдер төсейді.
Тоқ соғудан сақтану үшін қолға резеңке қолғап пен аяқ киім киген дұрыс.
Сымдарды оқшаулау үшін арнайы оқшаулағышты қолданады. Электр өткізгішті оқшаулайтын басқа материалдарды, мысалы, скотч және т.б. Материалдарды қолдануға болмайды.
3. Ағымдағы нұсқама 1000 - 1430
А) Тапсырманы тарату
В) Технологиялық карта бойынша жұмыс істеу
С) Студенттердің өздігінен жұмысы
Д) Мақсатты түрде студенттерді тексеру:
Бірінші тексеру: Жарықтандыру электр линияларын жалғау. сымдарды жалғау үшін дайындығын тексеру;
Екінші тексеру: Сымдарды жалғау барысында жұмыстардың өз уақытылы дұрыс істелініп жатқанын тексеру;
Үшінші тексеру: Техника қауіпсіздігінің сақталуын және жұмыстың дұрыс жасалынып жытқанын тексеру. Қиналған студентке дұрыс бағыт беріп, көмектесу;
Төртінші тексеру: Істелінген жұмыстың сапасын тексеру. Жылдам жұмысты аяқтаған студентке қосымша тапсырма беру.
Бесінші тексеру: Ш икі заттарды, яғни материалдарды үнемді пайдалануын тексеру
4. Қорытынды нұсқама 1430 - 1450
Өткен тақырыпты қорытындылау:
Өтілген сабақты анализдеу: Жоспарланған жұмыстың орындалуы, техника қауіпсіздігінің сақталынуы.
Студенттердің жұмысының сапасына бағалау, кетірген қателіктерін айту, қорытынды бағалау.
Жұмыс орынын жинастыру.
Рефлексия.
Сабақта болған кемшіліктер мен тілектер, ұсыныстар жазуларыңызға болады.
Үй тапсырмасы: Жарықтандыру электр линияларын жалғау тақырыбын қайталау
ө/о шебері: Ансатова Ш.Е