Қысқа мерзімді сабақ жоспары №4сабақ
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________Тлепова Ш.Ж
Сабақ тақырыбы: | Жер ғаламшарының көрінісі | Пәні: Жаратылыстану №9 мектеп | |||
Күні :30.01.2018ж |
| Мұғалімнің есімі: Есенова Ляиля Байтоллақызы | |||
1«б» сыныбы | Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны: | |||
Оқу мақсаты: | Барлық оқушылар:жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтау; | ||||
| Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдеріс терді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну. | ||||
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. | |||||
Ресурстар: |
| ||||
Күтілетін нәтижелер: |
| ||||
Сабақтың мақсаты: | 1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау; 1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау; 1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау 1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау | ||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
| ||||
Ерте заман адамдарын Жер ғаламшарының пі шіні қандай екені жөніндегі ой толғандырған.
Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған.
Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай қисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған.
Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен.
| Кіріспе тапсырма. Бүгінгі сабақта “Ғарыш әлеміне” саяхат жасайтындарын айтыңыз. Ауа райы қолайлы болса, сабақты сыртта жүргізіңіз. Оқушы-ларды далаға шығарып, аспанға және көкжиек сызығына қарап тұрып, аспан мен жердің біріккен жерін тауып, көкжиекті анықтауға бағыт- бағдар бе ріңіз. “Аспан мен жер қалай түйісіп тұр? Не байқа дыңдар?” деген тәрізді сұрақтар қойыңыз.
Бақылау жүргізіп болған соң, бақылау барысында оқушының не түсінгенін, қандай ой туындағанын сұрап біліңіз. Оқушының барлық жауабын қабыл даңыз және “дұрыс емес” деген сөзді айтпауға тыры сыңыз. Қажет болған жағдайда тапсырманы өзіңіз нақтылаңыз.
Жер қандай? Оқушылардың назарын суреттерге аударыңыз. Ежелде адамдардың Жер ғалам шарын қалай елестеткені туралы айтып беріңіз. Неге олай ойлағаны туралы сұраңыз. Осы жерде “Старик Хаттабыч” фильмінен үзінді көрсетіп, бірлесе талқы лауға болады.
Оқушылармен тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз: қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз. Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді? — деген жетелеу сұрағын қойыңыз. Ертеде адамдар осы тәрелкедегі сияқты жердің шетіне шығып кетсе, онда басқа аймаққа өтіп кетеді деп ойлағаны туралы айтыңыз.
“Ойлан” айдарын оқып, тәжірибе өткізудіұсыныңыз. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жа салған кемені партаның үстімен жүргізіп көріңіз. Суреттерге қара. Оқушыларға доп пен глобусты салыстыруға беріңіз де, мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Мына доп пен глобус бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсас?
— Қандай айырмашылықтары бар? Шардың сыртқы белгілері туралы сұраңыз: — Шардың пішіні қандай? — Ол неге ұқсайды? — Шардың бұрыштары бар ма?
Мұның алдында жасаған бақылаулары бойынша қорытынды жасауға жетелеңіз. Өздігінен тұжырым жасауға ұмтылған балаларды мақтаңыз. Шарға ұқсас заттарды ата. Бұл тапсырманыжұппен орындауды ұсыныңыз. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беріңіз. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін. Қай жұп шарға ұқсайтын заттарды көп салғанына көңіл аударыңыз. | ||||
| Қосымша тапсырмалар
| ||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
|