Меню
Разработки
Разработки  /  Технология  /  Уроки  /  Прочее  /  Жапсырма қалтаны өңдеу және оны бұйымға қосып тігу

Жапсырма қалтаны өңдеу және оны бұйымға қосып тігу

25.04.2020

Содержимое разработки

2


Жапсырма қалтаны өңдеу және оны бұйымға қосып тігу


Қалта — киімнің құрамдас бөліктерінің бірі.

Қалталардың өңделуіне карай - жапсырмалы, оймалы (тілмелі) , тігіс бойындағы деп үш түрге бөлінеді.

Орналасуына байланысты қалталар ішкі қалталар (киімнің астарына) және сыртқы болып бөлінеді.

Киімнің қай жерінде орналасқанына байланысты: жапсырма қалта, төс қалта, омырау және жан қалта болып ажыратылады. Қалталардың жоғарғы қиығының орналасуына байланысты көлденең, киғаш немесе тік қалталар болып бөлінеді. Рамкалы, қақпақты, ілгекті замокты қалталар болады. Спорттық үлгідегі киімге көп жағдайда қалтаға сыдырма салынады. Қалтаны даярлағанда оның формасы мен тігілетін матаның ерекшелігіне қарай технологиялық өңдеу тәсілдерін ескеру керек.

Жапсырма қалта – 14ғасырлардан бастап киімде өз рөлін ала бастады. Алғашында үлкен формада болғанмен, уақыт өте келе формасы кішірейді. Әйгілі Коко Шанель әйел жакетіне жапсырма қалтаны орнатып, ер адам пиджагінен ерекшелендіреді. Спортық үлгідегі киімге көп жағдайда қалтаға сыдырма салады. Матаның түріне қарай жапсырма қалтаны жалаң қабаты немесе қос қабатты етіп жасайды. Қалтаның өлшемін киімнің үлгісіне сәйкестендіріп жасайды. Осы мақсатпен таңдап алған өлшем мен формаға сәйкес қалтаның үлгісін қағаздан пішп алу керек. Өлшеген кезде үлгіні түйреуішпен киімге түйреп қойып, қалталық орны өшемдерімен белгіленеді.

Қазіргі кезде жапсырма қалталардың формалары мен өңделу жолдары сан түрлі:






«Жапсырма қалтаның өңделу бірізділігі»

  1. Қалтаның үлгісіне сәйкес пішім бөлшектерін дайындаймыз;

  2. Қалтаның жоғарғы қиығына,яғни қалта аузына 2,0 - 3,0 см, ал төменгі және жан қиықтарына 0,5-1,0 см қосымша қалдырып пішеміз;

  3. Жапсырма қалта аузын желімді матамен қатырмалаймыз;

  4. Қалта аузын 1,0 см-ге және 2,0-3,0 см-ге, ал төменгі және жан қиықтарын 0,5-1,0 см-ге бүгіп көктейміз;

  5. Қалтаны баса үтіктейміз;

  6. Негізгі бұйымға немесе матаға қалтаның орнын белгілейміз;

  7. Қалтаны негізгі бөлшекке жапсыра көктейміз;

  8. Қалтаны 0,1 см-ге бастыра тігеміз;

  9. Дайын қалтаны ЫЖЖ өткіземіз;





Үй тапсырмасы:

  1. Жапсырма қалтаны матада немесе қағазда орындау.

  2. Қалта түрлерін қайталау.

  3. Оймалы және тігіс бойындағы қалталардың өңделу бірізділігін жазу.







Нысан 06.1-08/8. Басылым 1

-80%
Курсы повышения квалификации

Теория и методика преподавания технологии в условиях реализации ФГОС ОО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жапсырма қалтаны өңдеу және оны бұйымға қосып тігу (554 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт