Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Жануарлардың достығы. Ы дыбысы мен әріпі.

Жануарлардың достығы. Ы дыбысы мен әріпі.

Тәрбиешілерге мектепке дейінгі ұйымдарға көмегі тиеді деген ойдамын

22.11.2018

Содержимое разработки


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні: 22.11.2018

Сыныбы: МДТ "Ә"

Білім саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Сауат ашу

Тақырыбы: Жануарлардың достығы. Ы дыбысы мен әріпі.

Мақсаты: Сұрақтарға жауа беріп, өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.Сөз/сөйлем сызбасын құру жəне оқу.

Берілген суреттерден ақпаратты табу.Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.Жазу жолдарына Ы əрпінің баспа түрін жазу.

Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балта қатар тұрғанда,

Отын менен шабатын,

Ы әріпін бұл маңда,

Оңай іздеп табасың.

Балта қатар тұрғанда,

Отын менен шабатын,

Ы әріпін бұл маңда,

Оңай іздеп табасың.

Ұйымдастыру

шылық ізденіс

Жұмбақ шешеміз.

Кесе шыны пиала,

Оларсыз шай құяма,

Қасықсыз тамақ жемеймін,

Бәрінің атын не деймін,

Ол не?

Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жаса?

Ы дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

Қандай түсті текшемен белгілейміз?

Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?

Ыдыстың,отының суретін көріп тұрмыз.

Ықылас сөзіне дыбыстық талдау жаса?

Осы сөзді буынға бөл?

Бүгін біз сабақта Ы әрпімен танысамыз.

Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айырмашылығын түсіндіру.

Дыбыстың және әріптің айырмашылығын түсіндіру.

Ы дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?

Ы дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Ы дыбысы қалай естіледі?

Ы дыбысын қалай айтамыз?

Дыбысты қалай ажыратамыз?

Суретті пайдаланып сызба бойынша сөйлем құрастыр?

  • -,

  • - -.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Ықылас пен Жұмабай,

Ыдыстарын тасымай,

Ырыскұлден үлгі алмай,

Ынтасыз жүр тілді алмай.

Өлең не туралы? Дидактикалық ойын:

«Сөз өзгерту».

Артикуляциялық жаттығу: Ы дыбысын айтқанда аузымыз қандай болып тұрғанын көрсету.

Дәптермен жұмыс: Ы әріпінің баспа түрін жазу.

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына,

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

Дидактикалық ойын:

«Жоғалған дыбыс»

-дыс,

-сқырық,

-стық,

-рым,

-рғақ.






Ыдыс.

Ы дыбысы.

Ыдыс төрт әріп төрт дыбыс

екі дауысты екі дауыссыз дыбыс бар.

Ы дыбысы дауыссыз дыбыс. Көк түспен бояймыз.

Суретте балықтың,бағдаршамның суретін көріп тұрмыз.

Ықылас алты әріп,алты дыбыс үш дауысты,төрт дауыссыз дыбыс бар.

Ықылас сөзінде үш буын бар.

Ы дыбысы бар сөздер ыдыс,ысқырық,ынтымақ,ықылас.

Ы дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі.

Ы дыбысы созылады.

Ы дыбысын айтқанда кедергіге ұшырамай барып шығады.

Дыбысты дауысты,

дауыссыз деп ажыратамыз.


Ықылас ойнады.

Ықылас далада ойнады.






Ықылас пен Жұмабай туралы.






Ы әрпінің баспа түрін жазды.



Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына,

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.



Ы
Ы
Ы
Ы
Ы

Рефлексивті

коррекциялау

Сабақ соңында балалар «ы» дыбысына сөз ойлап, «ы» дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездесетінін айтып, дыбыстардан сөз құралатынын сөздерден сөйлем құрайтынымызды буынға бөлетінімізді айтып алған білімдерін тиянақтау.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап,қатыспағандарды ынталандыру.


Сабақ соңында балалар «ы» дыбысына сөз ойлап алған білімдерін тиянақтады.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Дыбыстарды түсініп,ұғынады.

Түсінеді: Дыбыстардың дауысты,дауыссыз болатынын түсінеді.

Қолданады: Дыбыстық талдау жасайды.






-80%
Курсы повышения квалификации

Организация дистанционного обучения для лиц с ОВЗ и инвалидов

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жануарлардың достығы. Ы дыбысы мен әріпі. (16.86 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт