Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Презентации  /  2 класс  /  Жаңа технологияларды сабақта қолдану

Жаңа технологияларды сабақта қолдану

Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетемін.

15.12.2017

Содержимое разработки

Туленова Жанна Даукеновна

Бастауыш сынып мұғалімі

«Жаңа технологияларды сабақты қолдану»

Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану барысында адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясы басшылыққа алынып отыр. Бұл – білім беруді жаңартудың негізгі қағидаларын: білім берудің «ізгілік парадигмасын» іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру қағидаларын анықтайды. Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «өмірге дайын адам», «іскер адам» парадигмасы болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы – білім берудің барлық мазмұнын терең ойластыруға ықпал етеді.

В.А.Сухомлинский былай деген екен: «Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың «миына құйғанымен», ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға мүмкіндік, шығармашылық, арман, қиял сезімдеріне еркіндік бере алмай келеді. Көптеген жағдайда бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген түрінде, жаттап алуға дағдыланған. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау мен бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл – баланы топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік болып табылады. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек».

Қазіргі заман мектебі бала үшін қызмет ете отырып, оның мақсаты білімді өмірге қолдана, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар, адамгершілігі мол адам дайындау болуға тиіс.

Ендеше осы талаптарды іске асыруда мұғалімге бірден-бір көмек ол – озық технологияларды үйрену, қолдану, қолданыс кезінде саралау, жүйелеу болып табылады.

Біздің, мұғалімдердің, басты міндетіміз – балаларды:

  1. Ақпаратты талдау, қажетті фактілерді іріктеп, оларды салыстыруды үйрету.

  2. Меңгерілген материал мен жаңа материал фактілерін байланыстыра білу.

  3. Мәселені дәлелдеу, түсіндіру немесе шешу үшін логикалық сараптау тізбегін құруға үйрету.

  4. Қарастырылатын нысан немесе проблеманы барлық ықтимал жағдайларда және өзара байланыстыра қарауды үйрету.

  5. Ойша және іс жүзінде эксперимент жасауды үйрету.

  6. Күрделі мәселелер жайлы алған білімдерін пайдалана отырып, өз бетінше ізденуге үйрету.

  7. Түрлі әрекеттер мен шешімдердің салдарын болжай білуге үйрету.

  8. Сыныптастарымен жұптасып, үлкен не шағын топ құрып ынтымақтаса жұмыс істеуге үйрету.

  9. Сөйлей білуге және тыңдай білуге үйрету.

  10. Зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету.

  11. Топтық жұмыс кезінде топ жетекшісі, бағалаушы, уақыт үнемдеуші болуға дағдыландыру.

Оқыту барысында мұғалім оқушыларға мынадай міндеттер қоя алады:

Мұғалімнің оқушыларға қоятын басты міндеттері

Білімді өз бетінше табуды үйрен.

Зерттеулік ізденіс техникасын меңгер.

Проблеманы анықтау, оның шешімін табуды үйрен.

Қарастырылатын мәселеге өз көзқарасың болсын.

Жолдастарыңмен де, үлкендермен де байланыс орнатуды үйрен, сөйлеп қана қоймай, өзгелерді тыңдай білуді үйрен, бұл саған өмірде қажет болады.

Не үшін оқып жүргеніңді және алған біліміңді қай кезде қолдануға болатынын түсінуге тырыс.

Қарым-қатынас мәдениетін үйрен.



Біз озық технологияларды естіп, біліп, көріп жүрміз. Сол технологиялардың алуан түрлілігі таң қалдырса, қолданудың ерекшелігі мен тиімділігі қатты қызықтырады. Жалпы озық технологиялардың түрлері мен әдіс-тәсілдерін біз айтпай-ақ ізденісте жүретін шығармашыл ұстаздар жақсы біледі.

Жаңа технологиялар, озық технологияларды толық қолданбасақ та стратегияларымен танысып, сабақта үнемі қолданып жүрміз. Жалпы озық технологиялармен жұмыс жасау үстіндеміз.

Енді осы стартегиялардың бірнешеуі туралы айтып өтсек. Олар СТО бағдарламасының стратегиялары:

  1. «Топтастыру»;

  2. «Бір айналым сөйлесу»;

  3. «Әңгімені бірлесе жазу»;

  4. «Галереяны шарлау»;

  5. «ЖИГСО 1»; «ЖИГСО 2»;

  6. «Араласып кеткен оқиғалар»;

  7. «Кубизм»;

  8. «Пирамидалық оқиға»;

  9. «Ұқсастық пен даралық»;

  10. «Семантикалық карта»;

  11. «Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?»;

  12. «Бес жолды өлең»;

  13. «Пікірталас»,

  14. «Қарама-қарсы элементтер»;

  15. «Соңғы сөзді мен айтамын»;

  16. «Психологиялық дайындық»;

  17. «Мағынаны таныту»;

  18. «Ой қозғау»;

  19. «Еркін жазу»;

  20. «Жұп болып оқу»;

  21. «Миға шабуыл»;

  22. «РАФТ» (рөл, аудитория, форма, тақырып);

  23. «ЖМКМ» (жылдамдық, мәнер, көңіл-күй, мазмұны) – «СИЭП»;

  24. «Пирамида»;

  25. «Сауаттылықты ашатын хаттар» және т.б.



СТРАТЕГИЯ – бұл болып жатқан әрекеттен күтулі болжамға ауысуға мүмкіндік беретін интеллект күші мен шешімнің жиынтығы.

«АКТ», «Дамыта отырып оқыту», «Деңгейлеп оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлау» және т.б. технологиялар аясында болған зерттеулер, сараптамалар қорытындысы тек жақсы жағынан сипат алып отыр. Оқушының қызығушылығын оятып, білім алуға деген құштарлығын арттыра білген осы жобалар оқытылып отырған курстарда кеңінен қолданылуда. Тек мұғалім назары ізденісте, шағармашылықта болғаны абзал.

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ – ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау, талдау және жан-жақты қарастыру, іріктеу және тиімді қолдану. Өз ой-пікірлеріне де сыни тұрғыдан қарап, «иә» және «жоқ» деген әрекеттеріне үнемі талдау жасау. Біреудің айтылған пікірі сынау деп емес, әркімнің өз көзқарасы бар деген ұғымды ұстану керек. Сыни тұрғыдан ойлай білетіндер біреудің ойын тыңдай біледі.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша білім беру мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Оқыту мен білім беруді сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және олардың шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады.

Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.

Сыни тұрғыдан ойлау мән мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:



  • бақылау;

  • талдау;

  • қорытынды.

Осы озық технологиялар, сол бағдарламардың стратегиялары оқушыға болсын, мұғалімге болсын қажет, қызықты, нәтижелі, ерекше, тиімді, болжамды және қазіргі таңда өзекті.


-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жаңа технологияларды сабақта қолдану (53.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт