Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Уроки  /  3 класс  /  «Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі»

«Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі»

Мақсаты: Ата-аналарға рухани-адамгершілік тәрбиесі және балаларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеудегі ата- ананың рөлінің маңыздылығын ұғындыру.

Міндеттері:

- отбасы мен мектепте ата-аналардың оқу және тәрбие істеріне араласу белсенділігін арттыру және жан-жақты қолдау көрсету;

- әрбір отбасында балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді жан-жақты дамытуға ықпал ету.

- ата-аналарды жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде іс жүзіне асыруды қажетсінуге тәрбиелеу.

28.01.2018

Содержимое разработки

Жаңаөзен қаласындағы №1.Т.Әлиев атындағы орта мектеп















Ата-аналарға арналған семинар



Тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар -

отбасы тәрбиесінің негізі»


Дайындаған:Дармагамбетова Багила Бегенишовна

Өткізген уақыты:28.03.2017ж


















2016/2017 оқужылы

Ата-аналарға арналған семинар жоспары


Мектеп: Жаңаөзен қаласы №1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп Сынып: 3 «Ә» Мерзімі: 28.03.2017жыл

Ата-аналар саны: 20 Мұғалім: Дармагамбетова Багила Бегенишовна

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі»

Мақсаты: Ата-аналарға рухани-адамгершілік тәрбиесі және балаларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеудегі ата- ананың рөлінің маңыздылығын ұғындыру.

Міндеттері:

- отбасы мен мектепте ата-аналардың оқу және тәрбие істеріне араласу белсенділігін арттыру және жан-жақты қолдау көрсету;

- әрбір отбасында балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді жан-жақты дамытуға ықпал ету.

- ата-аналарды жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде іс жүзіне асыруды қажетсінуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдары, көздері)

Ұйымдастыру бөлімі

Қайырлы күн құрметті ата-аналар! Бүгінгі күні өздеріңізбен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек.

Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Ал бүгіні қыз –ертеңгі ана, ол анаға қарап бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші –ата-ана.

Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы – бәрі-бәрі балаға үлгі. Қазақта «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі» деген қанатты сөздер бар.

Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. әке-тірек, ана-жүрек, бала –тілек. Осы ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үштағаны іспеттес. Олай болса бүгінгі «Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі» семинарымызға қош келдіңізде!

Бүгінгі семинар жоспарымен таныстыру


Жоспар:

  1. Нұрға бөлену

  2. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

  3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық- педагогикалық негіздері.

  4. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар

  5. Топтық шығырмашылық жұмыстар

  6. Сөйлемді аяқтау (Ата-аналарға арналған)

  7. Бейнеролик көрсету (бала тәрбиесі туралы)

  8. Топпен ән айту

1.Тыныштық сәтін өткізу: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді оятып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарап барады. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, аяқтарыңызға да тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек жақсы, ізгі сөздерді айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Осы нұрды бүкіл әлемге бағыттайық: барлық адамдарға, олардың да жүрегі нұрға толсын. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жайымен көзіңізді ашуға болады.

Бүгiнгi семинарымызды бастамас бұрын, ең алдымен бiр-бiрiмiздiң көңiл-күйлерiмiздi бiлiп алайық /ата-аналар кезектесiп өзінің көңіл-күйін айтып шығады, Мысалы: Менiң көңiл-күйiм жақсы. Бүгiн семинар-тренингтің қандай дәрежеде өтетiнiн ойлап, ептеп қобалжу, толғаныстамын. Сондықтан сiздердiң белсендi қатысуларыңызды сұраймын ата-аналар .

Ендi құрметтi ата-аналар, қазiр сiздердерге дайындалған бiрнеше сұрақтар ұсынылады. Сiздердермен пікірлесіп ой-бөлісу-біздер үшін үлкен бақыт.

2. Ата-аналарға ситуациялық сұрақтар

  1. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

  2. Балаңыздың қандай іс-әрекеттерін үлгі етесіз?Игі істерін қалай мадақтайсыздар?

  3. Отбасында әке ретінде өз балаңызға қандай нәрселерді үйретесіз?

  4. Балаңыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?

  5. Дені сау, тәрбиелі, өрелі бала өсіру үшін қандай қасиеттер қажет?

  6. Сіз үшін балаңыздың өтініш-тілектері қаншалықты маңызды?

  7. Балаңыз мектептен оралғанда көңіл-күйіне мән бересіз бе?

  8. «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды, тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға көзқарастарың қандай?

  9. Білім сапасын көтеруде ата-ананың ролі бар ма?

  10. Бақытты болудың негізгі шартына нені жатқызар едіңдер?


3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық- педагогикалық негіздері.

(санада жүретін үдерістер, сананың құрылымы мен оны тазарту туралы мәліметтерді презентация арқылы жеткізу)

1-сурет. Сана құрылымы туралы түсінік беру.

2. Сана арқылы оқыту.Оқыту, ойлау, түсіну осының барлығы бес сезім мүшесі арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады. Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түпкі санаға түседі де психикалық-эмоциялық реңге боялады. Бұл жерде түпкі сана өзгермейді.

3. Сананы тазарту – мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтардың жарыққа шығуы. Бірақ санамызды тазартуды бастамастан бұрын, тыныштықты сақтап, өз көңіл- күйімізді реттей білуіміз қажет. Ақиқатқа негізделген көңіл-күй арқылы ақылымызбен денемізді тыныштандыру керек. Тек қана жақсы ойлар ойлау керекпіз, сонда ғана біздің санамыз жоғарылайды. Бұл жолды тек қана сүйіспеншіліктің көмегімен өтуі тиіс. Бұл сүйіспеншілік — шексіз шынайы болуы қажет. Осындай сүйіспеншілікті бастан кешіргенде ғана, рухани шабыт біздің санамыздың жоғарылуына әкеп соғады. Бұл бізге тыныштық табуға көмектесіп, іс-әрекетімізді нақты етіп, даналықты игеруге мүмкіндік береді

4. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар (ғалым Т.И.Петракованың құндылықтар жүйесінің жіктемесін, абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды «Құндылықтар ағашы» арқылы, адам тұлғасының құрылымдық деңгейін сызба арқылы түсіндіру)

Ғалым Петракованың құндылықтар жүйесінің жүктемесі, құндылықтар ағашы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды жеке-жеке түсіндіру).

Ол уақытпен өзгермейтін, белгілі бір адамдар шеңберінде ғана емес, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Өз бойында құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз Кемел адам деп атауға болады.

Ақиқат—ол бастапқы шынайылықтың мәңгілік мәні, ол жаратылыс негізінде жатқан қасиеттер, адам табиғатының бастауы. Ол уақытың үш кезеңімен: өткенмен де, қазіргімен де, келешекпен де шектелмейді. Материалдық және рухани өлшемдерде өзгерістерге ұшырамайды.

Ақиқатты жарыққа шығарудың оқытудағы мақсаты – баланың шынайы болмысын ізденуіне және бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуге көмектесу. Өйткені – Ақиқат адамның шынайы болмысы.

Дұрыс әрекет— жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.

Ойдағы сүйіспеншілік – ақиқат, Істегі сүйіспеншілік – дұрыс әрекет. Ақиқаттан туындағанның барлығы – дұрыс әрекет болып табылады.

Сүйіспеншілік—бұл барлық жүректерді, барлық тіршілікті, барлық кезеңдерді, барлық ұлттарды, барлық діндерді, күллі табиғат пен бүкіл ғаламды біріктіруші құндылық.

Сүйіспеншілік барлық жалпыадамзаттық құндылықтарды құндылықтың ғажайып маржандары тізілген жіп сияқты өзара байланыстырады:

Тыныштық – бұл сүйіспеншілікті іштей сезіну.

Ішкі тыныштық – адамдағы жоғары рухани бастаудың сипаттамасы ретінде әрқайсысымызда, саналы түрде мойындалады және күнделікті пенделік өмірде сабырлылық, салмақтылық, қанағаттанушылық, ырзалық, іштей қуану, байланып қалмау және т.б. қасиеттер арқылы көрініс береді. Тыныштық – рақат, шадымандық, шаттық табиғатына ие.

Қиянат жасамау—шын мәнінде, барлық төрт Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық құндылықтардың іс-тәжірибесі нәтижесінің жемісі, ол-барлық тіршілкті құрметтеу мен сүюдің көрінісі, бүкіл жаратылыстың бірлігін ұғыну, ойымен, сөзімен, ісімен зиян келтірмейтін өмір.


5. Сөйлемді аяқтау (Ата-аналарға арналған)

Егер баланы үнемі сынып отырса....................................

(оқуға құлқы болмайды)

2. Балаға үнемі күлсе...............................................................

(бұйығы болып өседі)

3. Баланы қолдап отырса.......................................................

(білімге деген ынтасы артады )

4. Баланы қолдап отырса......................................................

(өз ісіне сенімін артады)

5. Бала төзімділікте өссе.......................................................

(адал болып жетіледі)

6. Бала қауіпсіз жағдайда өссе..............................................

(ол адамға сеніммен қарайды)

7. Бала кешілдікте өссе........................................................ .

(ол қатыгез болып өседі)

8. Бала адалдықта өссе .........................................................

(әділ болып жетіледі)

9. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе....................

(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді)


6. Бейнеролик көрсету «Бала тәрбиесі туралы»

(Бейнероликті тамашалап, талқыға салу)

7.Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма:

Шарты: түстер арқылы 2 топқа бөлу. Берілген тақырыпқа сахналық қойылым көрсету.

1 топ: Қыз баланы тәрбиелеу ережелері.

2 топ: Ұл баланы тәрбиелеу ережелері.

Тапсырманы топ алдында көрсетеді.

Соңында топтардың жұмыстары барлық қатысушылармен бірге талданады.

Рефлексия. Ата-аналар өздерінің алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерлерге жазып тапсырады.


8.Топпен ән айту: «Ана туралы жыр», сөзі – Ғ.Қайырбековтікі, әні – Ш.Қалдаяқовтікі.

Талдау

9.Үйге тапсырма.

  1. Ата-аналарға күнделікті өмірде баласымен рухани, ізгілікті қарым-қатынас жасай отырып, оның нәтижесін бақылау, кезекті ата-аналар жиналысында өздерінің ойымен және тәжірибесімен бөлісетіндігі айтылады.

10.Жиналыстың қорытынды сәті:

Мейрімі мол ананың —

Жүрегі жылы, қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы, жолы кең-

дегендей ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.


Мұғалім: Дармагамбетова Багила Бегенишқызы

Директор: Газимова Халампыр Шапхатқызы









-75%
Курсы повышения квалификации

Эмоциональный интеллект

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
750 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі» (29.85 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт