Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Факультативы  /  5 класс  /  Жаяу Мұсаның шығармашылығына арналған

Жаяу Мұсаның шығармашылығына арналған

Ақ сиса ( авт.Жаяу Мұса Байжанұлы ) Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса, Жарасар қамзол сұлу, белін қиса. Шорманның Мұстапасы атымды алып, Атандым сол себептен Жаяу Мұса. Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса, Жүрмейді кімдер жаяу, зорлық қылса Жиылып орыс, қазақ қашқын дейді, Көрермін ақыр бір күн туса. Мен айтсам, параңды айттым, тілім ұзын, Кигенім үстімдегі бәрі қызыл. Жылансың екі басты ел жалмаған, Қоймаймын, не қылсаңда, айтар сөзім.

***

Ләйлім Ақ көйлек, асыл бешпент белін қысқан, Бір қыздың даусы шықты Күншығыстан. Қоян жон, құмырсқа бел қарағым-ай, Жігіттің арманы жоқ сені құшқан!

Ұлытау

Туған жерім Баянауыл, Кейде тынық, кейде дауыл. Ұлытаудың қойнауында Мекен еткен біздің ауыл. Артта қалды Баян тауым, Жер аудартты ата жауым. Қанша қысым көрсетсе де, Өмір бойы бітпес дауым.

Қабыр басында

Жатырмысың, ей, Сапар, Топырақпен барабар. Қара шымды жамылып, Қалғаныңба, қайран жар! Қазір келдім басыңа, Жалғыз Садық қасымда Топырақ астында қалыпсың Отыз жеті жасыңда. Қалдым көрмей жүзіңді, Естімей қалдым сөзіңді. Жеткізбей хабар бір адам, Жеткізе алмадым өзімді. Сұрақсыз кешу ол менен, Топырақ көрдім мен сенен. Қауіпті болса мен кештім, Көрмеген соң мен зиян. Есілде қалдың топырақ, Мінгізгей Тәңірім ол пырақ Жарым Сапар, қош енді, Тұрмайсың мың жыл тұрсам да.

Сәулем қыздар Барады үркер ауып жазға таман, Жүгірдім мылтық алып қазға таман. Буылып қол-аяғым жатсам дағы, Домалап бара жатам қызға таман. Қаршыға қыран болса, тырна алады, Жел соқса, ұзын ағаш ырғалады. Құрбылар, жастығыңда ойна да күл, Қызықтан ойнамаған құр қалады. Бұлт басып айдың көзін торлады ма, Әй, сәулем, көңілдегі болмады ма Әркімнің ықтияры өзіңде ғой, Сүймесең, сені біреу зорлады ма

Ей, Мұса, мен не қылдым саған, жарқын, Күшпенен тоздырдың ғой ауыл халқын. Бұзауын ауылымның қырып салдың. Көрерсің не болғанын істің артын. Мақтанба басыңызда бағыңызда, Қартаймақ қиын сауда тағыңызда. Сізге де сорлы болу қиын емес Басыңнан бағың тайған шағыңызда.

Сұрша қыз

Неше жыл жүрсем дағы мен айдауда, Шыдаймын, қажымаймын денім сауда, Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам, Сұрша қыз, көрісерміз Баянтауда. Боларсың сенде мендей, маған күлсең, Ханзада, жауыздардан зорлық көрсең. Есіңнен, күлмек түгіл, айырыларсың, Айырылып ел- жұртыңнан, қаңғып жүрсең. Үйімнен ала жаздай шай таппадым, Орнығып,шіркін көңіл,жай таппадың, Мұсаның ол заһарын көрген шақта, Жыландай қара шұбар қайқақтадым. Омбыға шошынғаннан жаяу бардым, Арада күн-күн жүріп тынбай бардым. Княздың мен бұйрығын әкелсемде, Пәлеге ашылмастай тағы қалдым. Мұсамен бастық ояз бірге отырды, Жүрегім мұны көріп тағы тұрды. Жұмыстың оңалмасы бұл емеспе, Екеуі тізе қосып жауап сұрды. Қорықпай жауап бердім менде сонда. Қашуға дәрмені жоқ жаяу сорлы. Әй, Мұса, өлімісің, тірімісің, Не болды Жамақанның, көремісің! Несібең елден алар тоқтаған соң, Бүйтіп жег.ен параңа тісің сынсын. Сасай азбан бұл күнде болып тұрсың, Баяғы дуанбастық жоқ қой күшің. Жазығым не, мырзеке, менің қылған, Соңыма мұнша түстің параң үшін. Шаршар күнің болды ғой, жасың жетті. Менде бала емеспін, шықты тісім.

07.11.2018

Содержимое разработки

Бөлім «Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі»

1-тапсырма Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз


Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында отырған бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп:

– Сәлеметсіз бе, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? - деді.

– Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? - деді қырғауыл.

– Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, - дейді түлкі.

– Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, - деді қырғауыл.

Ей, достым, биылғы заман бұрынғы емес! Бүгін қалаға барып келіп едім, «біреуге біреу зорлық қылмасын» деген бұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, - дейді түлкі.

– Жақсы хабарыңыз бар екен, досым! Ана жақта бір топ иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, - деді қырғауыл.

Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді.

– Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? - деді қырғауыл.

– Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, - деген түлкінің даусы алыстан естілді.


2-тапсырма Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін ( ) арқылы сәйкестендіріңіз.


Кейіпкер


Әрекеті

Түлкі

Орман ішінде жүріп келе жатады.

Қырғауыл

Жерге түсіп сөйлесуге қорқады.


Жан-жағына қарамастан қашып кетті.


Бұйрықты естіп қуанады.



3-тапсырма Мәтіннен жалпы есімдерді теріп жазыңыз







4-тапсырма

Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, суреттегі жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазыңыз.

Тірек сөздер: Хайуанаттар бағы, тор, Африка, мекен етеді, қорек, мейірімді, қамқорлық танытады, қала тұрғындары, таңғалады, хайуанаттар бағының қызметкерлері









Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі «қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 5 сынып І-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз


Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Қазақ - салт-дәстүрге бай халық. Қазақ халқына бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ отбасындағы ең үлкен қуаныш – нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың өмірге келуін ерекше күткен. Себебі, қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады. Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс болып тойлаған.

Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында ата-анасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған.

Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да ата-аналары қартайғанда, қамқорлық

(112 сөз)

Мәтінде қазақ халқы не үшін ерекше шаттанған?

А.бауырмалдық үшін

В.қонақжайлық үшін

C. ұрпақ жалғастығы үшін

D. сәбидің дүниеге келгені үшін ( 1балл)


2. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

A. үлкенді сыйлау

B. баланың өмірге келуі

C. қазақтың салт-дәстүрі

D. қазақтың қонақжайлылығы (1балл)

3.Қазақ халқының ең бір қадірлі дәстүрін көрсетіңіз.

A. кішіге ізет

B. үлкенді сыйлау

C. қыз балаға құрмет

D. мәдениетін құрметтеу (1 балл)


4.Бағдарсызық арқылы мәтіндегі ақпараттарды мағынасымен сәйкестендіріңіз (әр сұраққа бір жауапты белгілеңіз). (1 балл)


1. үлкенге құрмет


А.ұрпақ жалғастырушы, шаңырақ иесі.

2. ер бала


В. сыйлау, қамқорлық көрсету, бағу

5. Берілген сөздерді жұптастырыңыз (1балл)

)

1.қазақ

А.қуаныш

1

2.туған

Ә.халқы

2

3.үлкен

Б.туыс

3

4.ерекше

В.құрмет

4






















Оқылым Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Ертеде жылқы Күнге қарап:

- О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.

- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.

- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.

- Күте тұр, - дейді Күн күліп.

Жылқыға Күн түйені алып келеді.

- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды Күн.

Жылқы көріксіз жануарды көргенде қалшылдап қоя береді.

- Жо-жоқ! - дейді қорыққанынан.

- Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен.


1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. --------------------------------------------------------

2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [1]

баяғыда ____________________________________________________________________









3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.

1. Жылқы нені армандайды?

_______________________________________________________________________ [1)

2. Жылқы түйені көргенде неге қорықты?

______________________________________________________________________ _[1]






4. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.

I. Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс.

II. Жылқы мақтанады.

IІІ .Күн түйені алып келеді.

A. II, I, ІІІ

B. ІІІ, II, І

C. II, IІІ, І (1)


Жазылым

Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, оның бөлмелерін, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз.

_____________________________________________________________________________

[10]

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз (əр білім алушыға 2 минут).

Диалог тақырыптары:

1. Отбасындағы дәстүрлер

2. Менің туған күнім

3. Үйірменің үйретері көп

4. Мектеп кітапханасы

5. Үй жануарлары

6. Жануарлар туралы ертегілер


-75%
Курсы повышения квалификации

Смысловое чтение как основа формирования читательской компетенции школьника

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жаяу Мұсаның шығармашылығына арналған (242.26 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт