Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  Прочее  /  Зат есім -қазақ тілі

Зат есім -қазақ тілі

дорогие коллегит предлагаем вашщему вниманию работу

10.02.2018

Содержимое разработки

Оқу іс –әрекетінің тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі

Мақсаты : Ж дыбысының айтылу, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру. Ж дыбысы бар сөздерді атау, буынға бөлу. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, ойын, көрнекілік, жұмбақ шешу.

Көрнекіліктер: ойыншықтар , суреттер,кеспе әріптер,текшклер, ж дыбысыының баспа және жазба түрі, әліпби.

Оқу іс- әрекетінің барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық.

Арайлап бүгін атты күн

Шашып бірге шапағын

Тілейміз сізге ақ таңнын,

Қуанышын шаттығын

Қуанышты күн бүгін,

Сәлеметсіздер ме, қонақтар?

  • Балалар ,біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық. Енді дыбыс дегеніміз не, әріп дегеніміз не екенін ажыратып алайықшы.

  • Біз дыбысты естиміз, тыңдаймыз.

  • Ал, әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетемін, оларды айтамын. Егер мен көрсетіп атаған дыбыс дауысты дыбыс болса қызыл текшелеріңді, дауыссыз дыбыс болса көк текшелеріңді көтеріңдер.

Өткен сабақтағы Ы әрпін еске түсіру. Ы дыбысына байланысты сөздер айту.

  • Демек , ы дыбысы- жуан дауысты дыбыс.

-Балалар, біз орыстың халық ертегісі «Бауырсақ» туралы білеміз бе?

-Ендеше, бүгін бізге сол бауырсақ көмек сұрап келді.

-Бауырсаққа көмектесеміз бе?

- Жарайды.

Бірінші қоянның тапсырмасын орындап көрейік.

Жұмбақ шешу: Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. ( жұлдыз)

  • Жарайсыңдар, қандай әріптен басталады?

  • Ж.

  • Қоянның тапсырмасы арқылы біз, бүгінгі өтетін әрпімізді шештік.

  • Ол , Ж дыбысы және әрпі.

Ж дыбысының баспа түрін көрсетіп таныстыру. Ж дыбысын ауада жасып көрсету.

Екінші қасқырдың тапсырмасын орындайық.

  • Ж қандай дыбыс?

  • Қандай текшемен белгілейміз?

  • Ж дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады? Енді қолымызды шапалақтап ұру арқылы осы сөздерді буынға бөлейік.

Сергіту сәті: Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.


Үшінші аюдың тапсырмасын орындап көрейік.

Әліппе дәптердегі , әже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ж дыбысының орнын ажырату.Балалардың ж дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін айту.Дәптердегі буындарды, сөздерді оқыту.

Топ – топ етіп басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса – жаса жарқын күн,

Жаса –жаса алтын күн.

Төртінші түлкінің тапсырмасын орындаймыз.

Үстел үстіндегі ойын : әртүрлі ойыншықтар алдын ала матамен жабылып қойылады.

  • Ал, балалар , мына матаны ашамын, астынан бірнеше ойыншықтар көресіңдер. Сол ойыншықтардың ішінен ж әрпінен басталатын ойыншықтарды тауып атын атап, буынға бөлесіңдер.

  • Балалар, біз бауырсақты ертегідегідей жегізген жоқпыз, тапсырманы дұрыс орындағанымыздың арқасында аман алып қалдық.

Қорытындылау:

  • Балалар, бүгін қандай әріппен таныстық?

  • Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

  • Қандай ертегіні сахналадық?

  • Ертегі сендерге ұнады ма?

  • Өте жақсы, балалар. Олай болса сабағымыздың соңында «Қара жорға»биін билеп сабағымызды қорынтындылаймыз.



























ұғалімі

-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Зат есім -қазақ тілі (23.16 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт