Сабақтың тақырыбы : Етістік 3- сынып
Сабақтың мақсаты :
Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы етістік туралы алған білімдерін толықтыра түсу.
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
Оқушыларды сауатты, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Типі : Қайталау сабақ.
Әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, ой шақыру, қызығушылықты арттыру.
Көрнекіліктер : сызбалар, Венн диаграммасы, ойын плакаттары, суреттер.
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі .
Психологиялық дайындық.
«Өзін өзі тану» технологиясы бойынша «жүректен жүрекке» тренингі арқылы сабақты бастау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сыныпты 2 топқа бөлеміз. Топ басшысын сайлаймыз.
топ – «Ұлан» Етістік дегеніміз не ? Мысал келтіру.
топ –«Жалын » Етістіктің неше түрі бар? Мысал келтіру.
«Тез тауып, бөгелмей айт» ойыны.
Жел ..... Найзағай .... Қоңырау ........ Анам ......
Күн ...... Қой ......... Жаңбыр ........ Әкем ......
Ой ашар.
Етістік туралы білетіндерін сызбаға салу.
Ой қозғау.
Өлеңді көшіріп жазып, етістіктерді тап.
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл- жасылды,
Кемпірқосақ асылды.
Кім шапшаң?
Берілген етістікке қарама- қарсы етістікті тауып жазу.
Жатты – тұрды
Кірді – шықты
Күлді –жылады
Алды – берді
«Сәйкесін тап» ойыны.
Оқысаң ... сусын ішесің
Аяғың ауырса күн жылынады
Көп ұйықтасаң қолыңмен сүртпе
Шөлдесең.. басың ауырады
Көзің ауырса көп жүрме
Жаз шықса... түсінесің
Ойлан ,тап.
Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз, сөйлем құра.
Жазды, айтты, оқыды, барды.
Жазып жатыр, айтып отыр, оқып жатыр, бара жатыр.
Айнаш әжесі туралы шығарма жазып жатыр. Айгүл өлең айтып жатыр.
Самат кітап оқып отыр. Архат сабаққа бара жатыр.
Сөзжұмбақты шеш. Ол үшін суреттегі мал мен хайуанаттардың қалай дыбыстайтынын торкөзге орналастырып, сұрақ қойыңдар.
Қой, жылқы, мысық, әтеш.
м | а | Ң | Ы | р | а | й | Д | ы |
к | і | С | І | н | е | й | Д | і |
м | и | Я | У | л | а | й | Д | ы |
ш | а | Қ | Ы | р | а | д | Ы |
|
Кім тапқыр ?
Берілген әріптерден басталатын етістіктер тауып айту.
Ш | Шақырды | шапты |
Ж | Жатты | Жалдады |
О | Оқыды | Отырды |
Сабақты қорытындылау
«Құпия » ойыны.
10 | 10 | 10 |
20 | 20 | 20 |
30 | 30 | 30 |
Текшелердің артында жазылған сұрақтарға жауап беру.
Венн диаграммасы арқылы бекіту.
Зат есім Етістік
Бағалау.
Үйге тапсырма беру. Етістікке мақал- мәтелдер жазып келу.