Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Презентации  /  Прочее  /  WINDOWS NT операциялық жүйесі

WINDOWS NT операциялық жүйесі

WINDOWS NT операциялық жүйесі
05.11.2019

Содержимое разработки

Сабақ тақырыбы: WINDOWS NT

ОЖ ретінде 90 жылдары құрылды.

WINDOWS NT қолданушының WINDOWS –қа ұқсас графиктік интерфейсін және жаңа қосымшалар дайындау үшін WIN 32 API – 32- разрядты программалау интерфейсін қатиды.

                WINDOWS NT  мынадай қасиеттерге ие:

Кеңейтілімдік – WINDOWS NT кодының бүтіндігіне кепілдеме беру қажеттілігі. Бұл проблеманы шешу үшін WINDOWS NT-да артықшылықты орындамалық жүйесі және артықшылықсыз қорғалған ішкі жүйелер жиыны құрылған.

Артықшылықты режим – ядро режимі (жадының жүйелік аумақтарына қатынас құруға ыңғайлы барлық машиналық командаларды орындауға мүмкіндік бар).

Артықшылықсыз режим – қолданушы режим (қолданушы приоритетіне байланысты кейбір машиналық командаларды орындауға шектеу).

Модульділік – орындамалық жүйе жекелеген компоненттер жиынын қамтиды. Жүйелік ресурстарды пайдалану үшін объектілерді пайдалану. Объект – деректердің абстрактылы типі,  қатынас сервисті объектілер арқылы ғана жүзеге асырылады, жүйелік ресурстарды бір типті басқаруға мүмкіндік береді.

Ауыспалылық – ОЖ-ні басқа процессорлы машинада қолдану немесе басқа конфигурациялы машинада қолдану. Ауыспалылықты қамтамасыз ету үшін WINDOWS NT –да қолданылады:

Ауыспалылық тіл - С –  С тілін бұл тұрғыда қолдану мынаған негізделген: кең көлемде ыңғайлы компиляторды және программаны әзірлеу жабдықтарын қамтиды. WINDOWS ортасының графиктік компоненттері және тораптық қолданушы интерфейстің фрагменттері осы С++ тілінде жазылған.

Процессордан оқшаулау. ЭЕМ-ң бір типтеріндегі түрлі модельді процессорлар (мысалы , IBM және IBM-біріккен) түрлі құрылымды қамтиды. Деректер құрылымы және регистрлері арқылы процессорға тәуелді жұмыс жасайтын ОЖ фрагменттері ауыстырылатын модульдерде қамтылады. Модельден модельге ауысқанда олар қайта жазылып отырады.

Платформадан оқшаулау. Түрлі өндірушілер шығарған бір типті процессорлар (түрлі платформаны қмтитын процессорлар) ішкі құрылымдары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Платформалық-тәуелді код қатаң оқщауланған. Модельден модельге ауысқанда олар қайта жазылып отырады.

Сенімділік – көлденең қолданушылар программалары (кездейсоқ және қасақана жазылған зиянды программалардан) тарапынан қолданушыларды және жүйені қорғау, қате туындаған жағдайда жылдам аңғару.

WINDOWS NT –да сенімділікке жету үшін қолданылады:

Қатені құрылымдық өңдеу. Қате жүйе программа жұмысын үзуге мәжбүр болған жағдайда туындайды. Қате туындаған жағдайда Қатені өңдеу коды автоматы түрде шақырылады.

Модульдік құрылым – орындамалық жүйе пакеттер топтарына (модульдерге) бөлінген – осы пакеттердің кез келгенін модернизациялаған кезде оны ауыстыруға мүмкіндік беріледі. Модульдік құрылым WINDOWS NT версиясын инсталляцияламай-ақ модульдерді қосу арқылы өзгертуге мүмкіндік береді.

 NT (NTFS) файлдық жүйесі – WINDOWS NT-де жаңа файлдық жүйе – NTFS қолданылған, дискілік қателердің барлық түрлерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Рұқсатсыз қатынас құрудан қорғау сәулеті: қолданушыларды өзіне тіркеуді, ресурстарға жеңілдіктерді, объектілерді қорғауды қамтиды.

Бірігушілік – басқа ОЖ-лер үшін немесе бұрынғы ескі ОЖ-лер үшін (алдыңғы версиялары үшін) жазылған программаларды орындай алу мүмкіндігі. Бірігушіліктің мынадай түрлері бар:

Екілік бірігушілік – екілік бірігушіліккее қол жеткізген жағдайда орындамалық файлды басқа ОЖ-ге жіберуге болады.

Бастапқы мәтіндер деңгейіндегі бірігушілік – программаны басқа ОЖ-де орындау үшін программаны алдын ала қайта компиляциялауға тура келеді.

Файлдық жүйелердің бірігушілігі -WINDOWS NT мынадай файлдық жүйелердің бірігушілігін қамтамасыз етеді: MS DOS – FAT, жоғары өнімділікті файлдық жүйелер - HPFS/OS/2, CDFS, NTFS.

 

Өнімділік –WINDOWS NT-теде өнімділікті жоғарылату үшін жиі қолданылатын жүйелік шақырулар жылдам орындалады.







Оқытушы А.К.Орманов



-80%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
WINDOWS NT операциялық жүйесі (21.05 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт