Ағылшын тілі пәнінен сабақ жоспар. 5-сынып.
Сабақтың тақырыбы: What color is your cat?
| Күні: | Пәні: Ағылшын тілі | Сыныбы: 5 А |
| Сабақтың тақырыбы: | What color is your cat? | |
| Жалпы мақсаты: | Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып түстерге байланысты жаңа лексикалық сөздерді енгізу, айтылуын үйрету. Диалогтік қарым-қатынасқа түсіре отырып, жаңа сабақты меңгерту. | |
| Күтілетін нәтиже: | Сөздік қоры молаяды, жаңа сөздерді дұрыс тыңдап, дыбыстап, сөйлеуде қолданып үйренеді. What colour is …? Сұрағын сөйлеу барысында қолдана алады.Өз ойларын жеткізе алады. Тақырып мазмұнына байланысты тапсырмалар орындайды. | |
| Кіріктірілген модульдер : | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту, білім берудегі басқару мен көшбасшылық. | |
| Қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, фломастерлер, смайликтер, бейнеролик, қызыл, көк қағаз, қорап, плакат. | |
| Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: | Жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Кафель» әдісі, миға шабуыл, «Бағдаршам» әдісі, Блум таксономиясы. | |
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Кіріспе.
| 1.Good morning,children! Let`s begin our lesson. Who is on duty today? What date is it today? Who is absent ? 2. Фонетикалық жаттығу. Let’s read the rhyme. One- your head. Two-your arm. Three-your feet. Four-your shoes. Five-your hand.
| Good morning,teacher! I am on duty today. The 11 of March. All are present.
To read Repeat: head, arm, feet, shoes, hand.
|
| Психологиялық дайындық | Топқа бөлінеді. Қызыл, көк түрлі түсті қағаз арқылы екі топқа бөлу. | Топқа бөлінеді. Таңдаған түстер бойынша топқа бірігеді. Топ ережесін құру. |
| І. Білу | Let’s chek up the homework. The homework is learn the new words. Өтілген сабақты «Қораптағы сөздер» әдісін пайдалану арқылы пысықтау. | Оқушылар қораптан қазақша сөздерді алып аудармасын айтады. |
| ІІ.Түсіну | Интерактивті тақтадан жаңа тақырып түсіндіріледі. 1.Видеоролик көрсету, түстермен танысады. 2.Грамматикалық тақырыпты кластер әдісі бойынша меңгерту. To be етістігінің жіктелуі What colour is your cat? What colour are your cats? | Түсініп тыңдап, дәптерге жазып алып отырады. |
| ІІІ. Қолдану | 1. Оқулықпен жұмыс. а) Жеке оқу ә) Жұппен талқылау б)Топпен талқылау. «Кафель» әдісі бойынша оқулықпен және сөздікпен жұмыс жасатады.
2.To make a poster Match A and B is немесе are What colour … your car? What colour … your balls? What colour … your frog? What colour … your horses? What colour … your boxes? What colour … your pen? What colour … your house? What colour … your cats?.
3.Видеоролик көрсету. Екі топқа шығармашылық тапсырмалар беру. 1-топ Сұрақтарды жазды. Түстерді аудармасымен айтады. 2-топ Жауаптарды жазды. Екі топ постерлерін ауысады.
| Оқушылар оқулықты оқып жеке, жұппен, топпен талқылай отырып, әр топтан бір оқушы бір-бірінің ойын жалғастырады. Берілген түрлі-түсті қағаздарда жазылған жаттығу жұмыстарын орындап, кафель құрастырады.
Посттер қорғату
Посттер қорғату. Екі топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Жасаған жұмыстарын қорғайды. |
| Сергіту сәті. | Әуен ырғағымен би билеу. « Colours» биі. | Би билейді. |
| ІҮ. Талдау
| Жұптасып жұмыстарын талқылап, бағалайды. Топ болып бағалап, шарттардың орындалуын тексеріп, үздік деген жұмыстарды анықтайды. | Оқушылар жұптарының жұмысын талқылайды, бағалайды. Топпен үздік жұмысты анықтайды. |
|
|
|
|
| Ү.Жинақтау
| Тақтада жұмыстырды сынып болып бірге тыңдап, оқушылар өз пікірлерін айтады. | Оқушылар жұмыстарын посттерде қорғайды. |
| ҮІ.Бағалау
| Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» ойыны арқылы оқушылар жасыл (түсіндім, орындадым), қызыл (түсінбедім), сары (түсінбеген тұстарым бар) бағалайды. Топбасшысының бағалауы «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы. | Өзін-өзі бағалайды. Топбасшысы бағалайды. |
| V. Үйге тапсырмасын беру | Жаңа сөздерді жаттау. Диалог оқу. | Оқушылар үй жұмысын күнделікке жазады. |
| VII. Рефлексия
| «Бүгінгі сабақтан менің алғаным...» стикерге өз ойларын жазып, тақтаға іледі. | Стикерге ойларын жазып тақтаға іледі. |


What color is your cat? (18.12 KB)

