Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Уроки  /  6 класс  /  Внекласное чтение

Внекласное чтение

О?ушылар?а ??рман?азы Са?ырбай?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы жайлы т?сінік беру.

23.04.2017

Содержимое разработки

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Күй атасы - Құрманғазы»
Мақсаты: Оқушыларға Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Құрманғазы күйлерінің тәрбиелік мәні жайлы әңгімелей отырып, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: әңгімелеу
Барысы
І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Кіріспе: Қадыр Мырзағалиевтің «Нағыз қазақ - домбыра» өлеңінен үзінді оқу.
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Қазақ - нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ - домбыра.
Күй - қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол - ол бастан кешіріп отырған өмірдің мән - маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Өткенімізден өлмес қасиеттей қанымызға сіңген күйді бүгін де тек қазақ баласы сайын сахарада әуелетіп жүр. Алайда, кешегімізді білмей, екшемей көсегеміз тағы көгермейді. Сондықтан, бүгін күй атасына айналған Құрманғазы жайлы сөз қозғайық.
ІІІ. Күй атасы - құрманғазы нағыз сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Ұлы күйші композитор - Құрманғазы Сағырбаев 1823 жылы Атырау облысы Жиделі ауылында кедей - шаруа отбасында дүниеге келді. Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Сонымен бірге ақындық, мергендік, палуандық өнерімен де көзге түскен. Табиғатынан ешкімге тәуелсіз, азат ойлы, намысқой адам болғандықтан оттай жанған мінезімен талай рет сол заманның күштеріне еріксіз қарсы келіп, қуғында, қыспақта, түрмеде, айдауда өмір кешкен.
Оның әкесі Сағырбайға баласының музыкаға деген қабілеті оншалық әсер етпейді. Бірақ шешесі Алқа Құрманғазының бұл талабына Сағырбайдан гөрі өзгеше көңіл қояды. Жасы оннан асқанда Шағбаланың ауылына әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас Құрманғазының домбырада күй тартуын ұнатқан Ұзақ қарт, оған домбыра тарту өнерінен біршама сабақ береді. Ол он алты жасынан бастап туған аулынан кетіп, күй тартып, ел аралай бастайды. Үнемі ат үстінде жүріп, әйгілі күйшілермен кездесіп, өз өнерін одан әрі жетілдіре түседі. Осындай күндердің бірінде Құрманғазы өзіне бата берген Ұзақ қартпен тағы кездеседі. Онымен бірге ауылдарды аралап, көптеген күй тартыстарға қатыса жүріп, елге атағы шығады.
Құрманғазы ауданы
Құрманғаз ауданының аумағын бірнеше өзендер қиып жатыр. Соның ішінде ең ірісі - Қиғаш. Аумақтың солтүстік жағалауы батыс Қазақстан облысымен, батысы - Ресеймен шектеседі. Әкімшілік орталығы - Ганюшкино ауылы, 1793 жылы құрылған.
Шыққан тегі - Кіші жүз он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қазығұрт бұтағыАл нағашы жұрты - Беріш руы.
Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа. Кейін Игіліктің қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады.
Ашу мен ызасын, күйзелісі мен толғанысын, қуанышы мен жұбанышын өмірінде кездескен түрлі оқиғалардың барлығын күй өнерімен өрнектеген.
Құрманғазы түрмеге түскен бір кезінде түрмеде ақ шашты, ақ сақалды бір қарияны кездестіреді. Таныса келе оладам Орда өлкесінен келген Құрманғазының жерлесі және домбырашы Салық атты азамат екен. Салық көп күй білетін өте шебер домбырашы болған. Сол түрмеде Салық дүние салады. Дүниеден өтер алдында Құрманғазыға. Балам бәлен деген жерде менің кемпірім мен қызым бар. Соларға менің дүниеден өткенімді естіртерсің,- деп аманат айтады.
Құрманғазы 73 жыл ғұмырының жартысынан астам уақытын түрмеде өткізеді. Түрмеде отырып «Ертең кетем» күйін күйін тұтқындарға тыңдатқан Құрманғазы сол түні түрмеден қашып шығады.
Құрманғазының күйлерінің шығу тарихы
Күйлер негізінен үш аспапта - домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған. Қазақтың домбыра күйлері орындаушылық ерекшелігіне, күйдің құрылымына байланысты шертпе және төкпе деп жүктеледі.
«Балбырауын» халықтың сүйіп орындайтын, елге кең таралған күйлерінің бірі. Бұл ырғақты биге икемді келетін күй ауыл жастарының ойындарына, билеріне арналған.
Құрманғазы Адайдың бір қызымен күй тартысып, сондағы Адай қызына шығарған күйі - «Адай» күйі. Күйші - рудың өр көкіректігін негіз етіп алып, патшаның да, хандардың да қаһарына қарсы тұрған халықтың сарқылмас күшін суреттеген.
ХІХ ғасырдың 50 - жылдарында Құрманғазыға ат ұрладың деген жалған айып тағылып, түрмеге қамалады. Түрмеде жатқанда шешесін сағынып, оның көңіл - күйін ойлап, анасына «Аман бол, шешем»,«Қайран шешем» күйлерін арнайды. Құрманғазы бұл жерден қашып шығады. Осы кезеңде оның мұңды лирикаға толы «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» тағы да басқа күйлері туады.
«Серпер»- қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы қалпына келе беретін, болаттай берік халықтың қайыспас еркіне, ерлігіне арналған шығарма.
«Алатау» күйі - әрі ұлы, әрі асқақ асқар таудың көркемдік бейнесі суреткер санасында мәңгілік пен өмірдің мәні туралы, адам тағдырының құбылмалығы - өрлеуі мен құлдырауы туралы толғаныстар тудырған.
«Машина» күйі Құрманғазының зерек алғырлығын, дарындылығын ашатын күйлердің бірі. Алғаш рет қазақтың кең даласынан Омбыға келіп, тар көшелердегі ығы - жығы адамдарды, көліктердің қозғалысын, жалпы үлкен қаланың өмірін көрген сазгер, алған әсерін өз шығармасында бейнеледі.
«Сарыарқа» күйі ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды. Қуғын - сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісі.
ІV. Қорытынды: Қазақтың күйшілік өнері өркен жайып, ерекше дамыған өлкелердің бірі - Батыс Қазақстан аумағы. Батыс күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілдері Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина

Күйші елі домбырасын аңыратқан
Халықты әсем әнмен жадыратқан.
Құрекең, Дина, Қали, Шамғондар да
Өсіпті осы елдегі шаңырақтан.
Мұңдасы көшкен қиялдасын
Ал тебірет, ақ сақалды күй атасы,
Келеді сені тыңдап баяғыдан
Өлкенің өзен, тауы, қия тасы.
Білмеймін, қанша жанға күйің дарып,
Ашулы, ащы өзегін өтті жарып.

Тексерілді: ____________________

-80%
Курсы повышения квалификации

Потребление и потребительское поведение в 21 веке. Формирование грамотного отношения к потреблению посредством школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Внекласное чтение (30.01 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели