Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Планирование  /  11 класс  /  Векторлық редакторда аймақтарды ерекшелеу

Векторлық редакторда аймақтарды ерекшелеу

Білімділік: Оқушылардың массив туралы түсінігін қалыптастыру, массивпен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік

сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

23.10.2017

Содержимое разработки

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Tексерілді»

Оқу ісі-жөніндегі орынбасары «___________» ________2017 ж ___________________


Пән аты: Информатика

Сыныбы 11Б


Сабақтың тақырыбы: Аймақтарды ерекшелеу

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын және компьютермен жұмыс жасауды дамыту;

  3. Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге, қазіргі заман ағымына сай компьютерлік біліктілік қорларын өз беттерімен жетілдіре отырып, берілген жұмыстарды орындау барысында ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Көрсете-баяндау, сұрақ-жауап, жеке жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: слайдтар, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

I)Ұйымдастыру.

II)Үй тапсырмасын тексеру.

III)Жаңа сабақ.

IV)Компьютермен тәжірибелік жұмыс.

V)Үйге тапсырма.

VI)Қортындылау.

Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Түс теңгерім бұйрығы не үшін қолданылады?

  2. Кескіннің жалпы түстік үйлесімділігін қандай бұйрықтардың көмегімен жақсаттуға болады?

  3. Контраст дегенді қалай түсінесіңдер? Оны қалай баптай аламыз?

  4. Түстік деңшейлерді түзеткенде бір түсті күшейтсек, екінші түстің толысуы неге азаяды?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Растрлық кескінмен жұмыс істеудің бірінші кезеңі нүктелер тобын, яғни, кескіннің үзіндісін ерекшелеуден тұрады. Аймақ ерекшеленгеннен кейін ғана онымен қандай да бір амалдар жасай аласыңдар: кішірейту немесе үлкейту.

Программада ерекшелеу үшін беріліп отырған кез келген ерекшелеу құралдарын қолдануға болады.

Ерекшелеудің бірінші екі құралы сендерге жақсы таныс шығар. Бұл – Тікбұрышты аймақты ерекшелеу (Выделение прямоугольной области) және Эллипстік аймақты ерекшелеу. Олар дұрыс формадағы аймақты ерекшелеу қажет болғанда қолданылады. Кейбір аймақты ерекшелеу үшін Бұғалықты (Лассоны) пайдаланады. Бұл құралдың әрекеті қарындашпен сурет салғанаға ұқсайды. Кескіннің қажет аймағын белгілейсіңдер, содан кейін ерекшелеуді аяқтау үшін ерекшелеудің басына оралсаңдар, жеткілікті. Егер тінтуірдің батырмасын ерекшелеу барысында босатсаңдар, онда сызық автоматты түрде тұйықталады. Жиі нүктелердің түстері ұқсас аймақтарды ерекшелеу қажет болады. Мысалы, суреттің жартысын бояу немесе фонды тазалау. Аймақтарды мұндай белгілері бойынша ерекшелеу үшін Сиқырлы таяқша және Түс бойынша ерекшелеу (выделение по цвету) құралдарын пайдалануға болады.

Сиқырлы таяқша құралы ерекшелеуді автоматты түрде жүргізуге арналған. Оның жұмыс істеу принципі кескіннің іргелес жатқан түстері жақын нүктелерді (пиксельдерді) ерекшелеуге негізделген. Әрі түстің ұқсастық межелерін өздерің берулеріне болады. Сиқырлы таяқша өткір жиектері бар аймақтарды ерекшелеуге жарайды. Кескін терезесіндегі қандай да бір түстің реңкін шертіңдер. Сонда тек бір-бірлеріне түс бойынша жақын пиксельдерде ғана ерекшелеу болады.

Дәл осындай әрекетті Түс бойынша ерекшелеу (выделение по цвету) құралы арқылы жүргізуге де болады. Бұл құралдарымен ерекшелеу нәтижелерін 61, 62 – суреттер бойынша салыстырыңдар.



Алдыңғы планды ерекшелеу

Бұл құралмен істеуді екі кезеңге бөлу керек. Басында (құралды таңдаған соң) тінтуірдің жанында Бұғалықтың кескіні пайда болады. Сондықтан Бұғалық (Лассо) құралындағыдай әрекет жасау керек. Ерекшеленетін үзіндінің сұлбасын жуықтап жасап алу жеткілікті. Қисық тұйықталған соң, тінтуірдің батырмасын жібересіңдер. Осыдан соң суреттің сұлбадан тыс бөлігі көк түске боялады. Тінтуір кескінде қылқаламға айналады. Енді ерекшелеу қажет үзіндінің барлық бөліктерін тінтуірмен қосу жеткілікті.

Қылқаламның өлшемін реттеп отыруға болады. Қылқаламның тиімді өлшемін таңдап алып, үзіліссіз қисық салып, содан соң Enter батырмасын басыңдар. Бұл құралмен жұмыс істеудің нәтижесі программада орындалған өте нақты ерекшелеу болып табылады.

Түйін:

  • Кескінге амалдар орындау үшін қолданылатын ерекшелейтін құралдар – Тікбұрышты ерекшелеу, Эллипстік ерекшелеу, Бұғалық (Лассо), Сиқырлы таяқша, Түстер бойынша ерекшелеу, Алдыңғы планды ерекшелеу, «Ақылды» қайшылар.


IV. Компьютермен тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Inkscape-те бояу үшін контурлысурет салыңдар (немесе бар суретті ашыңдар).

  2. GIMP-тің ерекшелеу мен құю құралдарын пайдалана отырып, боялған суретті аласыңдар.

  3. Суретті .jpg пішімінде жаңа файлда сақтаңдар.

В деңгейі

Жеке адамдардың портреттік фотосуреттерін пайдалана отырып, топтық фотосурет жасаңдар. Кескінді мұғалімнен сұрап немесе Интернет желісінде табылған суретті қолдана отырып, алдын ала дайындаңдар (кескіннің өлшеміне көңіл аударыңдар – олар бірдей болу керек).

С деңгейі

Жеке жеміс-жидектердің кескіндерін пайдалана отырып, кескін-натюрморт салыңдар.


Сабақты қорытындылау:

  1. Кескіннің ерекшеленген аймағымен қандай іс-әркет істеуге болады?

  2. Кескіннің бір түсті пискільдерін ерекшеленген аймаққа бөлетін құралды атаңдар?

  3. Сиқырлы таяқша және Түс бойынша ерекшелеу құралдарының айырмашылығы неде?


Үйге тапсырма:

«Аймақтарды ерекшелеу» тақырыбын оқып, мазмұндау. 116-121 бет.


Оқушыларды бағалау.


-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Векторлық редакторда аймақтарды ерекшелеу (61.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт