Қазақ тілі 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Журналист болғың келе ме ?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік :Журналистика туралы түсінік беру, лексикалық тақырып бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру
Дамытушылық: сөйлесім әрекетінің түрлерін жүйелі қолдануға дағдыландыру, сөздік қорын бақылап тілдесім қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: бүгінгі сабақтың тақырыбы негізінде мамандық таңдай білуге бағыттауға тәрбиелеу
Сабақтың міндеттері :
Қазақ тілінде білімдерін молайту
Тақырып бойынша ойын толық жеткізе білу шеберлігін дамыту
Сенімділікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу
Стратегиялар: «Миға шабуыл», Тик-Тэк-Тоу (Сингапур әдісі), Сұрақтар - пицасы, Синквейн, формативті бағалау, кері байланыс
Күтілетін нәтиже: 1.Журналистика туралы білімдерін толықтырады
Ресурстар: қима қағаздар, оқулық, смайликтер, постер, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, интер белсенді тақта,бағалау парақтары, суреттер
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал тудыру- Сурет салынған қиықшалар арқылы бір-біріне сәттілік тілейді
Топқа бөліну : Суреттер бойынша (микрофон, теледидар, ұялы телефон, мұнара) бөлініп орындарына отырады
Мұғалім сөзі: Қалай ойласыңдар бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арналған?
Оқушылар жауап беруге тырысады....
1) «Миға шабуыл» стратегиясы сұрақтарға топта отырып жауап беру
1) Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не?
2) Газеттердің қандай түрлерін білесіңдер ?
3) Жаңалықтар жазатын қандай кәсіпті білесіңдер ?
4) Қандай жарнама түрлерін білесіңдер?
5) Жарнаманың қандай міндеттері бар ?
6) Жарнамада ісінде жұмыс істеу үшін қандай қасиеттері керек ?
7) Ақпарат қай елдің сөзі ?
8) Компьютердің негізгі бөліктері қандай ?
Оқушылар бағалау парақтарына баға қояды
2) Журналистика туралы мәтінмен жұмыс
Өмірде мамандық түрлері өте көп. Мамандық түрлерінің де адамзат баласының өмірінде орны ерекше. Кейбір адамдар журналистика мамандық ретінде емес, бір «хобби» түрінде қарайды. Неге ? Себебі журналистер жаңалықты бірінші болып білуге ұмтылады. Жаңалықтарды зерттеп, оны көпшілікке жеткізеді. Журналист мамандығының қызығы мен қорқынышы , қуанышы мен қайғысы бірге жүреді. «Журналистика» термин «күнделік», «журнал» мағыналарын білдіретін «journal» деген француз сөзінен алынған. Ағылшын тілінде «journalism» , неміс тілінде «Journalistik» сөздері «журналистика» терминімен мағыналас.
Алғашқы кездерде «журналистика» сөзі тікелей баспа ісімен байланысты болды. Журналистика үшін баспа машинасы мен қағазы пайда болу керек болды. ХV ғасырда И. Гутенберг ғажап дүние ойлап тапты. Ертеде хабарламалар немесе мәліметтер жариялау әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы адамдарға жетті: шешендер мен жаршылар ақпараттарды ауызша жеткізді , Мысырда жаңалықтар жазылған папирустар, ежелгі Римнің халық көп жиналатын жерлерге хабарлама ілінетін арнаулы тақталар болды. Әр түрлі елдерде қазіргі газеттердің алғашқы түрі – жаңалықтар жазылған қолжазбалар пайдаланылды. Неміс өнертапқышы И.Гутенбергтің 1445 жылы баспа машинасын ойлап тауып, қазіргі журналистиканың пайда болуына ықпал етті.
Ал Қазақстанда журналиситика қашан пайда болды ? Қазақстанға ХІХ ғасырдың соңында келді. Қазақ тіліндегі ең алғашқы басылым 1831 жылы «Қазақ халқына хабарлама » деген атпен Қазан университеті баспаханасынан жарық көрген.
Берілген мәтінге әр топ «Тик-Тэк-Тоу» әдісін қолдана отырып
12 карточканы құрастырады
Осы берілген карточкалармен сәйкестендіріп мәтіндегі мазмұнын айтуға тырысады, басқа оқушылар тыңдап бағалайды.
3) Сергіту сәті : «Cocktail Party»
Сергіту кезеңде тақтада ілінген сұрақтарға назар аударылады , оқушылар музыка әуенімен, сыныпта серуендеп жүреді, су ішеді, демалады. Тақтада, қабырғада сұрақтар жазылып ілінеді. Сол сұрақ төңірегінде ойланып жүру керек. Музыка тоқтағанда жұптасып, сол сұрақты бір-бірімен талқылайды.Музыка ойнағанда жұбын өзгертеді. Әрі қарай осылай жалғаса береді.
4) Берілген мәтінмен жұмыс «Сұрақтар -пицасы» әдісі:
4 топқа 4 пица ұсынылады, берілген пицаға 3 жіңішке, 3 жуан сұрақтар құрып жазады.
Бір оқушы сағаттың тілімен қозғалып әр топқа ұсынады, топтар бағалайды
Мысалы: Жіңішке сұрақ – Журналистика термині қалай аударылады ?
Жуан сұрақ – Неге кейбір адамдар журналистика мамандығына «хобби» түрінде қарайды ?
5) Мәтінге «Синквейн» құрастыру
Мысалы – 1. Журналиситика
2. Қызықты, қуанышты
3. Сұрайды, жариялайды, талқылайды
4. Жаңалықтарды зерттеп, оны көпшілікке жеткізеді
5. Баспа ісі
6 ) Кері байланыс
7) Бағалау
8) Үй тапсырмасы «Журналистика мамандығын таңдаймын» атты шығарма