ПӘН: қазақ тілі СЫНЫП: 6 « »
ӨТІЛЕТІН КҮНІ:
САБАҚ РЕТІ: №
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Сын есім туралы түсінік.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: сын есімді меңгерту.
1. БІЛІМДІЛІК: сын есімге тән маңызды белгілері жайында түсінік беру.
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: ойлау, есте сақтау, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
3. ТӘРБИЕЛІК: қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарының артуына жағдай тудыру.
САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақты меңгерту сабағы.
ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, бекіту.
КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, грамматикалық кестелер.
САБАҚ БАРЫСЫ: САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ: | ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ:
| |||||
I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ:
III. ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН, МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ :
ІV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
V. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ:
VІ. ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ:
|
Үйге: Өткенді қайталап келу берілді. Сұрақтарға дұрыс жауап беруге, өз ойларын толық түрде жеткізе білуге дағдыландыру. Ой қозғау:
Қайталау сұрақтары:
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сын есім туралы түсінік. Сабақтың мақсаты: сын есімді меңгеру.
Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі: Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй (Абай). деген сөйлемдегі жақсы, тәтті сөздері қандай? деген сұраққа жауап беріп, жақсы әннің сипатын, тәтті күйдің сапасын білдіріп тұр. Осындай, заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді с ы н е с і м дейміз. Сын есімдер қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: биік үй, кең бөлме, қара тақта, ақ бор, жылы киім деген тіркестердегі биік, кең, қара, жылы, сөздері – сын есімдер. Олар қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп тұр. Сын есімдер заттың мынадай мағыналық белгілерін білдіреді:
Жаттығу жұмыстарын орындау: 128 - жаттығу. Төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар. Үлгі: салқын су, салқын ауа, салқын түн, салқын күз…
Салқын, терең, әдемі, жеңіл, ұзын, қатты, ақ, жасыл, күрең, әдепті, сабырлы. 129-жаттығу. Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар, олардың мағыналық белгілерін ажыратыңдар. Терең – қандай? сын есім, заттың көлемдік белгісін білдіріп тұр. Қалың - қандай? сын есім, заттың салмақтық белгісін білдіріп тұр. Сұр - қандай? сын есім, заттың түсін білдіріп тұр. т.б. 130 – жаттығу. Мәтінді оқып, сын есімдерді табыңдар да, сұрақ қою арқылы қай сөзбен тіркесіп тұрғанын анықтаңдар. Төңірек қандай? Төңірек ылғи бір белес, ылди, ойпаң. Қандай шөп? Қалың көк шөп. Қандай шалғын? Көк шалғын. Қандай күн? Алтын күн. Қандай жерге? Сұлу жерге. т.б. Сұрақ –жауап:
Үйге: 63-64 беттердегі 127 – 131 – жаттығуларды орындау. Сын есім туралы түсінікті қайталап оқу. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау. Сабаққа ынтасы төмен оқушыларға жекелеме тапсырмалар беру. |