Мектеп: Ақкөл ЖОББМ Мұғалімнің есімі: Ильяшева Ә .Т
Күні: пәні: Сауат ашу сыныбы: даярлық.
Сабақтың тақырыбы: Сөздерді буынға бөлу.
Сабақтың мақсаты: Буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ойын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: тірек схемасы, ойыншыкгар, төлдердің суреттері, асықтар.
Сабақтың барысы:
— Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға Жұмбақбай атай келіпті.
— Кімнің атасы бар?
— Атаға қалай көмектесеміз?
— Атаны қалай құрметтейміз? Балалар сұраққа жауап бергеннен кейін:
— Қарттар — біздің ақылшымыз. Біз оларды қадірлеп, күтеміз. Қарт Жұмбақбай атайдың сендерге әкелген тапсырмасын, кане, қалай шешеміз? - деп атайдың қоржынынан асықтар алғызу арқылы балаларға мынадай тапсырмаларды орындату.
Суретті үлгі бойынша шана сөзіне дыбыстық талдау жасату.
— Сонымен, шана сөзінде неше дыбыс бар екен, ондағы дыбыстарды атаңдар.
Суретті үлгінің төменгі жағындағы жолакшаға "ша", "на" деп кеспе әріптерден құрап жазып, буын туралы түсінік беріледі.
— Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буынға я болмаса бөлікке бөлуге болады.
— "Шана" сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
— Мен неше бөлікке бөліп айтамын, мұқият тындандар.
— Ша-на, бірінші ша бөлігін ша буыны, ал екінші на бөлігін на буыны деп айтамыз.
— Шана сөзі неше буыннан түрады? Әр буынын атап айт.
— Екі буыннан. Бірінші -ша, екінші -на буыны. "Шана" сөзін буындап айтқызу.
Раушан, ата, ай, көбелек сөздерін буынға беліп айтқызу. Рау-шан, а-та, ай, кө-бе-лек.
Балалардың өздеріне жеке сөздер ойлатып, буынға бөлдіріп, неше буын екенін айтқызу.
— Өте жақсы, балалар. Жұмбақбай атай сендерге енді жұмбақ. жасырмақшы.
Судан ол қорқады,
Бүдан кір қорқады. (Сабын)
Сабын сөзін буынға бөлдірту. (са-бын)
Сергіту сәті.
Күйсандыққа күйтабағын ойнатып, балалар жаймен қосылып айтып, қимыл жасайды.
- Енді балалар, сендерге атайларың "Қай буынды жоғалттым?" ойынын ұсынғысы келіп отыр екен. Енді бәріміз осы ойынды ойнау арқылы аталарыңа көмектесіп, жоғалған буынын тауып жіберейік.
- Мен қазір сендерге бір буын айтам, сендер сөздің сонғы буынын табасындар.
Мысалы: са-ғат а-ғаш
мы-сык кү-шік т.б.
- Өте жақсы, балалар. Ал енді, мына сездерде қанша буын болса, сонша рет кол шапалақтау арқылы буынға бөлейік: (қоңырау, тоқылдақ, жұлдыз) қо-ңы-рау, то-қыл-дақ, жұл-дыз.
Балалардың өздеріне сөз ойлатып, осы бойынша буынға бөлгізу.
- Өте тамаша, балалар, аталарынның кайтар кезі де болып калды. Енді Жұмбақбай атайды риза ету үшін "Еңбек ерлікке жеткізетінін" дәлелдеп, Н.Жанаевтың "Еңбек" өлеңін айтып жіберейік:
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты — еңбек.
Кесте тіксең зерлеп.
Мұның аты — еңбек.
Қырға шықсаң өрлеп.
Мұның аты — еңбек.
Сабағыңа жөндеп.
Әзірленсең — еңбек.
Қиындықтың бәрін.
Еңбек қана жеңбек- Сонымен бүгін біз не үйрендік?
- Буын дегеніміз не? Әр буында неше дауысты дыбыс болады? Міне, бүгін Жұмбақбаатайдың қатысуымен"Буын" тақырыбын меңгердіндер. Атай сендерге рақметін айтып кетті, - деп белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Урок для дошкольникам на казахском языке. (17.66 KB)

